Химия пәнінен қызықты тәжірибелер



бет42/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Сарғылт қызыл түс


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • гидрохинонның қаныққан сулы ерітіндісі

  • 10-15%-дық калий карбонаты ерітіндісі

  • формалин

  • пергидроль

  • химиялық стақан



Тәжірибе барысы:
Бұл да химиялық реакция энергиясының жарыққа толық айналуының нәтижесі. Оны бақылау үшін гидрохинонның қаныққан сулы ерітіндісіне 10-15%-дық калий карбонаты ерітіндісін, формалин және пергидроль қосады. Сұйықтықтың жарқырауын қараңғыда бақылаған жақсы. Жарқырау гидрохинонның хинонға, ал формальдегидтің құмырсқа қышқылына айналуының тотығу-тотықсыздану реакцияларының нәтижесінде пайда болады. Бір мезгілде көмірқышқыл газының бөлінуімен құмырсқа қышқылының калий карбонатымен бейтараптану реакциясы жүреді және ерітінді көбіктенеді.


Ампициллинді хамелеон


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • сынауық

  • тығын

  • сүзгі қағазы

  • қысқыш

  • тамшуыр

  • ампициллин таблекасы

  • 5-10%-дық натрий гидроксиді

  • 10%-дық мыс сульфаты ерітіндісі

  • дистельденген су



Тәжірибе барысы:
Ампициллин таблеткасын алып, оны майдалаңыз. Алынған ұнтақты сынауыққа салып, үстіне 5мл дистельденген су құйып тығынмен жабыңыз. Алынған қоспаны 1-2минут бойы шайқаңыз, сосын сүзіңіз.
С ынауыққа алынған ампициллин ерітіндісінің 1мл құйыңыз және оған сонша мөлшерде 5-10%-дық натрий гидроксидінің ерітіндісін қосыңыз. Алынған қоспаға 2-3 тамшы 10%-дық мыс сульфатының ерітіндісін қосыңыз. Сынауықты шайқаңыз. Нәтижесінде биурет реакциясына тән күлгін түс пайда болады. Біртіндеп оның түсі күңгірт (бурый) түске өзгереді.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет