Химия пәнінен қызықты тәжірибелер



бет50/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Тәжірибе барысы:
Фенолфталеиннің 1%-дық ерітіндісіне батырып, қаламұш не қылқаламмен ақ қағазға бір сөз жазады. Спирт буланып кетеді де, жазу бар екені байқалмайды.
Т әжірибені жасайтын уақытта қағазға бүріккіш арқылы соданың ерітіндісі бүркіледі, сонда қызғылт түсті жазу пайда болады. Оған екінші бір бүріккішпен қышқыл ерітіндісі (тұз қышқылы, сірке қышқылы) бүркілсе, жазулар қайтадан жойылып кетеді. Осылай бірнеше рет жазуды жазып немесе өшіруе болады.
Бұл құбылыс фенолфталеиннің қышқыл және сілті орталарда өзінің түсін өзгертуіне байланысты. Фенолфталеиннің орнына пурген ерітіндісін, пайдалануға да болады, ол дәріханаларда сатылады. Пурген – фенолфталеин мен қанттың қоспасы. Қағазға сөздің орнына сурет салуға да болады.


Түсін өзгерткіш гүлдер


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • лакмус (қызыл, көк)

  • сірке қышқылы

  • нашатыр спирті

  • химиялық стақан

  • ақ мата



Тәжірибе барысы:
Ақ матадан төрт жасанды гүл жасаңыз. Екі тұнба дайындаңыз: бірі – қызыл лакмус, екіншісі – көк. Сосын гүлдерді екеуден сол түстерге бояңыз. Одан кейін екі стақанның біріне шамалы сірке қышқылын, екіншісіне сонша нашатыр спиртін құйыңыз. Сірке қышқылы құйылған стақанға көк гүлдерді, ал нашатыр спирті бар стақанға қызыл гүлдерді саламыз. Нәтижесінде сірке қышқылы буларының әсерінен көк гүлдер біртіндеп қызарады, ал нашатыр спирті буының әсерінен қызыл гүлдің түсі көк түске өзгереді.
«Тосап – индикатор»


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • сынауықтарға арналған тұрғы

  • сынауықтар

  • шие тосабы

  • су

  • лимон шырыны

  • сілті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет