Химия пәнінен қызықты тәжірибелер



бет48/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Есте сақтаңыз! Күкірт қышқылының буымен немесе аэрозолімен дем алу денсаулыққа қауіпті!


ІІ-нұсқа


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • қант пудрасы

  • концентрлі күкірт қышқылы

  • химиялық стақан

  • шыны таяқша



Тәжірибе барысы:
Химиялық стақанның бестен бір бөлігін алып жатқан қант пудрасының үстіне шамамен дәл сондай (көлемі бойынша) мөлшерде концентрлі күкірт қышқылын құяды және жылдам шыны таяқшамен араластырады. Біртіндеп қара «кекс» (көмір) пайда болады және оның мөлшері үлкейіп, тіпті стақанның сыртына төгіледі.
Сутек асқын тотығының ыдырауы


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • сутек асқын тотығы

  • мыс сульфаты

  • тұз қышқылының ерітіндісі

  • крахмал ерітіндісі

  • стақан

  • спиртшам

  • тұрғы

  • сіріңке



Тәжірибе барысы:
Сутек асқын тотығы тұрақсыз қосылыс болып табылады. Сутек асқын тотығы таза күйінде жиі жарылыс беріп оңай ыдырап кетеді. Сулы ерітіндісінде ол өте тұрақты, бірақ сутек асқын тотығының ерітінділерін сақтағанда біртіндеп оттегі бөлінеді. Бұл үдеріс жарық қатысында немесе қыздырғанда, катализатор әсерінен жеделдейді. Катализаторлар рөлін мыс, темір, кобальт қосылыстары, каталаза ферменті және басқа да кейбір қосылыстар атқарады.
2H2O2 = 2H2O + O2
С утек асқын тотығының каталитикалық ыдырауы өте әсерлі көрінеді. 300мл дөңес құтыға 10-20мл ыдыс жуғыш сұйықтықты құйыңыз. Басқа құтыға 3-5г мыс сульфаты мен күшті аммиак ерітіндісін артығымен ерітіңіз (аммиакты мыс сульфаты толығымен ерігенге дейін қосыңыз). Нәтижесінде көк түсті мыс (ІІ) аммиакаты түзіледі:
CuSO4 + 6NH3 + 2H2O = [Cu(NH3)4](OH)2 + (NH4)2SO4
Мыс аммиакаты ерітіндісін ыдыс жуғыш сұйықтығы бар құтыға құйып, жақсылап араластырыңыз. Құтыны үстелдің үстіне қойып, тездетіп оған 50-100мл 30-50%-дық сутек асқын тотығының ерітіндісін қосыңыз. Сол кезде газдың бөлінуі күшейеді. Құтыдан көбікті фонтан атқылайды. Бірнеше секундтың ішінде құтының айналасының бәрі көбікке толады. Көбіктен бу шығады – сутек асқын тотығының ыдырау реакциясында жылу бөлінеді.
Егер 30-50%-дық сутек асқын тотығы болмаса – гидроперит ерітіндісін пайдалануға болады (дәріханаларда сатылады). Ал, мыс аммиакатының орнына калий иодидін алуға болады. Бірақ кей жағдайда калий иодидін қолдануды ұсынады, бірақ тәжірибе жақсы шықпауы мүмкін.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет