Химия пәнінен қызықты тәжірибелер



бет47/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Фератты жанартау


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • калий нитраты

  • темір ұнтағы

  • этил спирті немесе одеколон

  • өзен құмы

  • сіріңке

Тәжірибе барысы:
Бұл тәжірибені көрсету үшін алдын ала келіде майдаланған 1г темір ұнтағын 2г құрғақ калий нитратымен араластырып дайындап аламыз. Сосын өзен құмын тау қылып үйіп, оны этил спиртімен ылғалдаймыз. Таудың ортасынан түбіне дейін қуыс жасап, оны дайын қоспамен толтырамыз.
Жанартауды тұтатамыз. Ұшқындар пайда болып, түтінденіп күшті реакция басталады. Калий нитратының темірмен әрекеттесуі кезінде калий ферраты және ауада тотығып, азот диоксидін беретін газ тәрізді азот монооксиді түзіледі. Егер реакция аяқталғаннан кейін қатты қалдықты салқын қайнаған суы бар стақанға салсақ, калий ферратының қызыл-күлгін ерітіндісі алынады.





Эскимо немесе концентрлі күкірт қышқылымен қанттың көмірленуі
І-нұсқа


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • су

  • құмшекер

  • концентрлі күкірт қышқылы

  • 250-300мл химиялық стақан

  • құм немесе суы бар ыдыс



Тәжірибе барысы:
Сумен жеңіл ылғалданған 30г құмшекерді 30мл концентрлі күкірт қышқылымен араластырғанда қанттың көмірлену реакциясы қарқынды жүреді. Тәжірибе құм немесе суы бар ыдыста көлемі 250-300мл болатын химиялық стақанда жүргізіледі.



Глюкоза мен сахарозаның дегидратациялануы мына теңдеу бойынша жүреді:


C12H22O11 + 2H2SO4 = CO2 + 2SO2 + 13H2O + 11C
Реакция кезінде бөлінген су буының әсерінен көмірленіп жатқан масса қара көбікке ұқсас ісінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет