Химия пәнінен қызықты тәжірибелер



бет45/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Есте сақтаңыз! Қорғасынның барлық ерімтал тұздары улы. Ерітіндіні теріңізге тигізіп алудан сақ болыңыз!


Хроматты күзгі бақ


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • үлкен стақан немесе банкі

  • су

  • калий хроматы

  • барий хлоридінің дигидраты

  • қорғасын нитраты



Тәжірибе барысы:
Сары түсті «шөпті» және алтын «жапырақты» химиялық күзгі бақты қолдан өсіруге болады. Ол үшін құрамында 1л суға 30-50г калий хроматы салынған сулы ерітіндіге барий хлориді дигидратының ВаС12 • 2Н2О кристалын қосамыз. Сары түсті ерітіндіде барий хроматының тұну үдерісі жүреді:
К2СrО4 + BaCI2 = BaCrО4↓ + 2КС1
Ал, 1л суда 100-150г қорғасын (ІІ) нитраты бар сулы ерітіндіге калий хроматының бірнеше кристалдарын салғанда шөпке ұқсас сары түсті жіңішке жіптер пайда болады. Бұл жағдайда «шөп» - бұл аз еритін қорғасын хроматы:
К2СrО4 + Pb(NО3)2 = PbCrО4↓ + 2KNО3





Сұйықтықтарды араластыруға арналған тәжірибе


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • үлкен және шағын стақандар

  • су

  • күнбағыс майы

  • тәтті сироп



Тәжірибе барысы:
Стақанның ¼ бөлігіндей боялған су, ¼ бөлігіндей күнбағыс майы, ¼ бөлігіндей тәтті сироп дайындап аламыз. Сосын балалардан егер осы сұйықтықтарды араластырсақ не болатынын сұраймыз. Сосын осы компоненттерді ретімен бір стақанға құйыңыз: сироп тығыз болғандықтан, стақанның түбіне тұнады, ортасына су орналасады, ал беткі жағында май қабаты болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет