Химия пәнінен қызықты тәжірибелер


Тамшуыр - реактивтерді біртіндеп тамшылатып қосу үшін қолданылады. Бюкстер



бет15/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Тамшуыр - реактивтерді біртіндеп тамшылатып қосу үшін қолданылады.
Бюкстер - сұйық және қатты заттарды өлшеу және сақтау үшін қолданылады.
Тоңазытқыштар - әр түрлі заттарды қыздырғанда түзілетін буларды суыту және конденсациялау құралы. Оларды айдау, экстракциялау және басқа да үдерістерде пайдаланады.
Шыны ванналар - судың бетінде газдарды жинауға қолданылады.
Кристаллизатор - қаныққан ерітінділерден заттардың кристаллдарын алу үшін қолданылады.
Аллонж - затты айдау қондырғыларында байланыс элементтерінің рөлін атқарады.
Эксикатор - ауадан ылғалды тез сіңіретін заттарды кептіру және сақтау үшін қолданылады. Эксикатордың төменгі бөлігін су сіңіретін заттармен толтырады (кақталған кальций хлориді, концентрлінген күкірт қышқылы, фосфор (V) оксиді және т.б.). Сіңірушілердің үстіне фарфорлы астарға бюкстерді немесе кептіруге жататын заттар салынған тигельдерді қояды.
Фарфор ыдыстар - шыны ыдыстарға қарағанда қышқыл мен сілтілерге карсы химиялық тұрақты, термиялық тұрақты болады.
Фарфор табақшалар - ерітінділерді кайта суалту және суалту үшін қолданылады.
Фарфор тигель - заттарды қақтау үшін қолданады. Заттарды қақтағанда тигельдерді фарфорлы түтікшелері бар сым үшбұрыштарға бекітеді.
Тұрғы - жұмыс жасау барысында ыдысты бекіту үшін қолданылады. Олар сақиналар мен табаншалардан тұрады. Шыны ыдыстар (стақандар, құтылар) қыздырғанда сынбау үшін оларды асбестпен жабылған металл торларға орнықтырады.
Өлшеуіш құтылар - нақты концентрациялы ерітінділерді дайындау үшін пайдаланылады және де олар жайтабанды ұзын және тар мойынды, мойнында сызықшалары бар құтылар. Бұл сызықшалар сұйықтықтың құйылатын деңгейін көрсетеді. Құтыдағы цифрлар сұйықтықтың құйылатын көлемін көрсетеді. Өлшеуіш құтыларда шлифті тығындар болады. Әдетте 50, 100, 250, 500 және 1000 мл құтыларды қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет