Ақ заттың қызыл тұнбасы
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
калий сульфаты
калий
барий хлориді
химиялық стақан
тұрғы
Тәжірибе барысы:
Барий сульфаты BaSO4 – ауыр ақ ұнтақ, суда ерімейді. Бұл барлық химиктерге белгілі және солай деп барлық химия анықтамалықтары мен кітаптарда жазылған. Бірақ, сіз түссіз калий сульфатының күлгін түсті калий перманганаты қосылған ерітіндісін алыңыз. Оған барий хлориді ерітіндісін қосыңыз және таңқаларлық нәрсе мұнда қызыл түсті тұнбаны көресіз.
Қызыл тұнбаны қоспалардан тазалау үшін жусаңыз да еш нәтиже бермейді, тұнба қызыл болып қала береді. Тұнбаның қызыл түсі таза барий сульфатын емес, барий сульфатының кристалдық торында сульфать-иондар бөлігі перманганат-иондарымен ауысқан калий перманаганатынының барий сульфатындағы қатты ерітіндісін көрсетеді. Мұндай тұнба тіпті сумен мұқият шайғанның өзінде де өзгермейді.
Қызыл призмалар
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
калий дихроматы
концентрлі тұз қышқылы
спиртшам
химиялық стақан
су
Тәжірибе барысы:
1 0г калий дихроматын 40мл концентрлі тұз қышқылымен араластырып, оған 15-20мл су қосамыз. Қоспаны аздап қыздырамыз, сонда тұз кристалдары ерітіндіге өтеді. Ерігеннен кейін калий дихроматының ерітіндісін сумен салқындатамыз. Сол кезде призма түріндегі өте әдемі кристалдар түзіледі (КСrО3Cl):
К2Сr2О7 + 2НСl = 2 КСrО3Cl + Н2О
Содадан жасалған бомба
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
аузы ашылып-жабылатын герметикалық пакет
ас содасының қорабы
өте жұқа қағаз
өлшегіш кесе
қасық
сірке қышқылы
жылы су
Достарыңызбен бөлісу: |