Химия пәнінен қызықты тәжірибелер



бет30/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Тәжірибе барысы:
Тәжірибені ашық жерде немесе далада өткізген дұрыс. Үстел үстіне қағаз қойып орналастырыңыз. Қағаздың ортасына 4 ас қасық ас содасын салыңыз. Сосын қағаздың жан-жағын көтеріп, кішкене қалта сияқты етіп жасаңыз. Қағаз дайын.
Пакетке кесенің ¼ бөлігіндей жылы су құйыңыз. Шамамен кесенің ½ бөлігіндей сірке қышқылын пакетке құйыңыз. Пакеттің аузын мықтап жауып, су мен сірке қышқылын араластырыңыз. Пакеттің аузын қоспа төгіліп кетпейтіндей етіп ашыңыз. Содан кейін қағазды алып, оны тез ғана пакетке салып, аузын жабыңыз. Одан кейін пакетті тез жерге тастап жіберіңіз. Сол кезде жарылыс болады.
Ө здеріңіз түсінгендей, соданы герметикалық пакетке салғанда пакеттің көлемі кеңейе бастайды. Ол қысыммен жарылғанға дейін кеңейе береді. Сірке қышқылы мен сода қышқылдық-сілтілік ортаны береді. Сұйықтық байланысқа түскенде, көмірқышқыл газы бөлінеді. Бұл газ пакетті толтыра бастайды. Бұл әрі қарай пакет жарылғанға дейін жалғаса береді.


Бенгаль оты


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • крахмал

  • су

  • келі

  • темір үгінділері

  • бертолле тұзы

  • алюминий немесе магний ұнтақтары

  • жалынға түс беретін тұздар (Ba(NO3)2, Sr(NO3)2

  • ұзын стақан немесе сынауық



Тәжірибе барысы:
Жаққанда ашық және ақ ұшқын немесе түрлі түсті от беретін заттар қоспасын ежелгі Бенгалия (Индияның бір бөлігі) пиротехниктері ойлап тапқан. Атауы да содан шыққан.
Сатылатын бенгаль шырақтары жанғыш қоспасы бар оралған сымнан тұрады. Олар әдетте, ақ түсті ұшқын (жарқыл) береді. Қолдан жасалған түрлі түсті бенгаль шырақтарын дайындау үшін алдымен крахмалды сумен араластырады және қою клейстерді қайнатады.
С осын түйгіш келіде темір үгінділерінің, алюминий немесе магний ұнтақтары, жалынға түс беретін тұздар және ылғал бертолле тұзының қоспаларын езіп үгітеді (ұнтақтайды). (Абайлаңыз! Құрғақ калий хлораты үгіту кезінде металл ұнтақтарымен тұтанып кетуі мүмкін!)
Ұнтақтау кезінде алынған қоспаны крахмал клейстеріне қосып, мұқият араластырады. Қою массаны сынауыққа немесе ұзындау стақанға салады, түбіне алдын ала дайындалған қалыңдығы шамамен 1мм темір сымдарды кезектестіріп оған батырады, оларды суырып алады және артық массаның құйылуына мүмкіндік береді. Ал, сосын басқа сымның аяқ жағындағы қиғаш ілгішке іліп қояды.
Кепкеннен кейін сымдарды қайтадан сұйық массаға батырып алады және қайтадан кептіреді. Мұны сымдағы масса қабатының диаметрі 5-6мм жеткенге дейін 3-5 рет қайталайды. Содан кейін бенгаль шырақтарын толығымен кептіреді.
Жасыл бенгаль отын ұнтақтамай-ақ 5г ылғал барий нитратын Ba(NO3)2 1г алюминий немесе магний ұнтағын араластырып, сосын 3г темір үгінділерін қосып алады.
Қызыл бенгаль отын 4,5г ылғал стронций нитраты Sr(NO3)2, 5,5г калий хлораты, 3г темір үгінділері және 1г алюминий немесе магний ұнтағының қоспасынан алады.
Бенгаль қоспасының жануы кезіндегі түрлі түсті от барий, стронций, натрий иондары немесе бор атомы болатын заттардан алынады. Ұнтақ немесе майда үгінділер түріндегі темір, алюминий және магний жанған кезде жарқылдаған әсер береді.
Бұл жердегі негізгі реакция – бұл калий хлораты мен крахмалдың өзара әрекеттесуінің тотығу-тотықсыздану реакциясы:
4KclO3 + C6H10O5 = 4KCl + 6CO2↑ + 5H2O
Барий нитраты жасыл жалынның түзілуіне әкеледі. Тотықсыздандырғыштардың (темір, крахмал) қатысында барий оксиді, азот диоксиді және оттегіге дейін айрылады:
2Ba(NO3)2 = BaO + 4NO2 + O2




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет