Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Өнеркәсіптік масштабтарда аммиактың қолайлы шығымына ықпал ететін факторларды қолдануды дәлелдейді
Аммиакты алу үрдісіндегі реагенттер мен катализаторды сәйкестендіреді
Фосфордың аллотропиялық модификацияларының физикалық сипаттамаларындағы айырмашылықты түсіндіреді
Эксперименттік деректерді салыстырады және галогендерді топтағы белсенділігіне сәйкес анықтайды
Кремнийдің жартылай өткізгіштік қасиеттерін бағалайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну Қолдану
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
Тапсырма
Аммиакты Габер процесі арқылы өндіреді.
Азот пен сутегі арасындағы реакция келесі жағдайды жүреді:
200 атмосфералық қысым;
Темір катализатор;
400-450оС температура;
(а) Азот газының көзі болып табылады?
(b) Габер процесінде орын алатын реакция теңдеін жазыңыз. (с) Аммиактың жай заттардан түзілуі қайтымды үрдіс.
|
Кестеде 600° С-та тепе-теңдік қоспадағы аммиак үлесінің қысымға тәуелділігі көрсетілген.
Аммиак үлесі
|
8
|
12
|
15
|
20
|
Қысым/ атм.
|
200
|
300
|
400
|
500
|
і. Не себепті қысым артқан сайын қоспадағы аммиактың массалық үлесі артатынын түсіндіріңіз:
іі. Габер процесіне төмен температураны пайдаланудың бір артықшылығын және бір кемшілігін көрсетіңіз:
Диаграммада аммиак өндірісі кезінде жүзеге асатын процестер көрсетілген.
крекинг
|
|
|
W заты
|
сутек
|
Катализатор Y
|
фракция
|
|
Аммиак
|
Х заты
|
азот
|
|
W, X заттары мен Y катализаторын анықтаңыз:
|
W
|
X
|
Y
|
A
|
ауа
|
мұнай
|
темір
|
B
|
ауа
|
мұнай
|
ванадий (V) оксиді
|
C
|
мұнай
|
ауа
|
темір
|
D
|
мұнай
|
ауа
|
ванадий (V) оксиді
|
Суретте фосфордың екі аллотропиялық түр өзгерістері көрсетілген.
(а) Екі аллотропиялық түрөзгерістің қайсысы жоғары температурада балқиды? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз:
(b) і. Фосфордың А аллотропиялық түр өзгерісінің жану реакция теңдеуін құрыңыз: іі. Алынған өнімді суға ерітіп, лакмус тамызғанда ерітінді қандай түске боялады?
Галогендердің алмасу реакциялары кестеде көрсетілген:
Тәжірибе
|
Галоген
қосылған
|
Галогенидтер ерітіндісі
|
Х
|
Y-
|
Z-
|
1
|
X2
|
-
|
Y2 алмасады
|
Z2 алмасады
|
2
|
Y2
|
Реакция жүрмейді
|
-
|
Реакция жүрмейді
|
3
|
Z2
|
Реакция жүрмейді
|
Y2 алмасады
|
-
|
X, Y және Z галогендерін анықтаңыз:
A B C
D
|
Br Br Cl
Cl
|
Cl I
Br I
|
I
Cl I
Br
|
Астат (At) периодтық кестенің VII тобында орналасқан элемент. Болжаңыз:
20 °С кезінде оның агрегаттық күйі:
түсі:
атомдық радиусы: _
(i) қатты калий йодидіне концентрлі күкірт қышқылын тамшылатып қосқан кезінде көрінетін өзгерістерді сипаттаңыз:
ii) Хлор мен судың әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңыз:
Жалпы коэффициенттер қосындысы:
(а) Осы заттардың қайсысы хлормен әрекеттеспейді:Na, CaF2, KI, H2 және «Х» белгісімен белгілеңіз:
(b) Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңыз:
Транзисторлар мен диодтар кремний пластиналарынан жасалған жартылай өткізгіштер болып табылады.
(а) Кремнийдің меншікті жартылай өткізгіштік қасиеттері қандай екенін түсіндіріңіз:
(b) Кремнийдің жартылай өткізгіштік қасиеттерін жақсартатын қоспалы қоспалар туралы білімді ескере отырып, кестені толтырыңыз:
Жартылай өткізгіштің түрі
|
Қоспа
|
Негізгі заряд тасымалдаушы
|
n- типті
|
|
|
p-типті
|
|
|
(с) Бес валентті фосфор атомдарын кремнийге қосқанда, кремнийдің электрөткізгіштігі қалай өзгереді? Неліктен? Фосфор қоспаның қай түріне жатады? Жауабыңызды қоспадағы электрондық өту сызбанұсқасы бойынша шартты белгілерін көрсете отырып, дәлелдеңіз:
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Өнеркәсіптік масштабтарда аммиактың қолайлы шығымына ықпал ететін факторларды қолдануды дәлелдейді
|
1
|
аммиакты өнеркәсіптік өндіру кезіндегі
азот көзін көрсетеді;
|
1
|
Габер процесін көрсететін теңдеуді
құрастырады;
|
1
|
Ле Шателье-Браун принципі бойынша қысым жоғарылаған кезде қоспадағы аммиактың үлесінің ұлғаю себебін
дәлелдейді;
|
1
|
Габер процесінде төмен
|
температураны
|
1
|
пайдаланудың кемшіліктерін дәлелдейді;
|
Габер процесінде төмен
|
температураны
|
1
|
пайдаланудың артықшылығын
дәлелдейді;
|
Аммиакты алу үрдісіндегі реагенттер мен катализаторды
сәйкестендіреді
|
2
|
аммиактың өнеркәсіптік синтезі кезінде реагенттерді және пайдаланылатын катализаторды салыстырады;
|
1
|
Фосфордың аллотропиялық модификацияларының физикалық сипаттамаларындағы айырмашылықты түсіндіреді
|
3
|
құрылымы бойынша жоғары балқу температурасы бар фосфордың аллотропиялық модификациясын
таңдауды түсіндіреді;
|
1
|
(а) тармағындағы аллотропиялық модификацияның жану реакциясының
теңестірілген теңдеуін құрастырады;
|
1
|
(b) тармағындағы жану өнімін суда
еріткенде көрсеткіштің түсін көрсетеді;
|
1
|
Эксперименттік деректерді салыстырады және галогендерді топтағы белсенділігіне қарай анықтайды
|
4
|
эксперименттік деректерді салыстырады
және топтағы белсенділігіне сәйкес Х галогенін анықтайды;
|
1
|
эксперименттік деректерді салыстырады
және топтағы белсенділігіне сәйкес Y галогенін анықтайды;
|
1
|
эксперименттік деректерді салыстырады және топтағы белсенділігіне сәйкес Z
галогенін анықтайды;
|
1
|
Хлормен әрекеттесетін
қосылыстарды анықтайды
|
5
|
келтірілген тізбеден хлормен
әрекеттеспейтін қосылысты анықтайды;
|
1
|
Кремнийдің жартылай өткізгіш қасиеттерін бағалайды
|
6
|
кремнийдің кристалдық торының сипаттамаларын ескере отырып,
жартылай өткізгіштік қасиеттерін дәлелдейді;
|
1
|
n-түрге арналған қосымша қоспаны және негізгі зарядты тасымалдаушыны
көрсетеді.
|
1
|
|
|
р-түрге арналған қосымша қоспаны және негізгі зарядты тасымалдаушыны
көрсетеді
|
1
|
бес валентті фосфордың қосымша қоспасын кремнийдің торына енгізу
үлгісін белгілейді
|
1
|
бес валентті фосфордың қоспасын ескере отырып, кремнийдің электр
өткізгіштігінің өзгеруін түсіндіреді
|
1
|
кремний атомының құрылысын ескере отырып, жартылай өткізгіштік
қасиеттерді негіздейді
|
1
|
өзгерістерді кремний және форсфор
атомдарының құрылысының ерекшеліктерімен байланыстырады.
|
1
|
Барлығы
|
20
| 9.3А «17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және олардың қосылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі
|
Оқу жетістіктерінің деңгейі
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Өнеркәсіптік масштабтарда аммиактың қолайлы шығымына ықпал ететін факторларды қолдануды дәлелдейді
|
Өнеркәсіптік масштабтарда аммиактың қолайлы шығымына ықпал ететін факторларды қолдануды дәлелдегенде қиналады.
|
Аммиакты өнеркәсіптік өндіру кезіндегі азот көзін көрсеткенде/ Габер процесін көрсететін теңдеуді құрастырғанда/ Ле Шателье-Браун принципі бойынша қысым жоғарылаған кезде қоспадағы аммиактың үлесінің ұлғаю себебін дәлелдегенде/ Габер процесінде төмен температураны пайдаланудың кемшіліктерін/артықшылықтарын дәлелдегенде қателіктер жібереді.
|
Өнеркәсіптік масштабтарда аммиактың қолайлы шығымына ықпал ететін факторларды қолдануды дәлелдейді.
|
Аммиакты алу үрдісіндегі реагенттер мен катализаторды сәйкестендіреді
|
Аммиакты алу үрдісіндегі реагенттер мен катализаторды сәйкестендіруде қиналады.
|
Аммиактың өнеркәсіптік синтезі кезінде реагенттерді және пайдаланылатын катализаторды салыстырғанда қателіктер жібереді.
|
Аммиакты алу үрдісіндегі реагенттер мен катализаторды сәйкестендіреді.
|
Фосфордың аллотропиялық модификацияларының физикалық сипаттамаларындағы айырмашылықты түсіндіреді
|
Фосфордың аллотропиялық модификацияларының физикалық сипаттамаларындағы айырмашылықтарды түсіндіргенде қиналады.
|
Құрылымы бойынша жоғары балқу температурасы бар фосфордың аллотропиялық модификациясын таң- дауды түсіндіргенде/(а) тармағындағы аллотропиялық модификацияның жану реакциясының теңестірілген теңдеуін құрастырғанда/(b) тармағындағы жану өнімін суда еріткенде көрсеткіштің түсін көрсеткенде қателіктер жібереді.
|
Фосфордың аллотропиялық модификацияларының физикалық сипаттамаларындағы айырмашылықты түсіндіреді.
|
Эксперименттік деректерді салыстырады және галогендерді топтағы белсенділігіне қарай анықтайды
|
Эксперименттік деректерді салыстырады және галогендерді топтағы белсенділігіне қарай анықтағанда қиналады.
|
Эксперименттік деректерді салыстырады және топтағы белсенділігіне сәйкес Х/ Y/ Z галогенін анықтағанда қателіктер жібереді.
|
Эксперименттік деректерді салыстырады және галогендерді топтағы белсенділігіне қарай анықтайды.
|
Хлормен әрекеттесетін қосылыстарды анықтайды
|
Хлормен әрекеттесетін
қосылыстарды анықтағанда қиналады.
|
Келтірілген тізбеден хлормен әрекет- теспейтін қосылысты анықтағанда қателіктер жібереді.
|
Хлормен әрекеттесетін қосылыстарды анықтайды.
|
Кремнийдің жартылай өткізгіштік қасиеттерін бағалайды
|
Кремнийдің жартылай
өткізгіштік қасиеттерін бағалауда қиналады.
|
Кремнийдің жартылай өткізгіштік қасиеттерін дәлелдегенде/n/р-түрге арналған қосымша қоспаны және негізгі зарядты тасымалдаушыны көрсеткенде/ бес валентті фосфордың қосымша қоспасын кремнийдің торына енгізу үлгісін белгілегенде/ кремнийдің электр өткізгіштігінің өзгеруін түсіндіргенде/кремний атомының құрылысын ескере отырып, жартылай өткізгіштік қасиеттерді негіздегенде/өзгерістерді кремний және фосфор атомдарының құрылысының ерекшеліктерімен байланыстырғанда қателіктер жібереді.
|
Кремнийдің жартылай
өткізгіштік қасиеттерін бағалайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |