«Химия» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып



бет26/26
Дата07.02.2022
өлшемі0,72 Mb.
#84716
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
000f718b-0b72bbef

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Этанолды алу жолдарын және химиялық қасиеттерін сипаттайды

  • Қаныққан біратомды спирттердің тотығу реакцияларының теңдеуін құрастырады

  • Ақуыздардың макромолекулалық құрылымдарында пептидті байланыстың пайда болу принципін түсіндіреді және белгілейді

  • Карбон қышқылдарының сапалық және сандық құрамы бойынша қасиеттерін болжайды

  • Ақуыздар мен көмірсулардың құрылымын, қасиеттерін және функцияларын салыстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма



  1. Адамдар қолданатын спирттердің бірі – этанол.

(а) Этанолды алудың әдістерін атап, сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз.



    1. Әдістің атауы - Реакция теңдеуі:

    2. Әдістің атауы - Реакция теңдеуі:




  1. Этанол метан қышқылымен әрекеттеседі.




    1. Сәйкес реакция теңдеуін жазыңыз:



    1. Түзілген затты атаңыз:

  1. Осы реакция жүруі үшін қандай зат қосылады және қандай мақсатпен?




  1. Төмендегі реакция өнімдерінің (А және В) құрылымдық формулаларын жазыңыз:

H H

CH3(CH2)5OH + K2Cr2O7
   A
   B

А:


В:



  1. Ақуыздар-табиғи полимерлер. Ақуыздардың мономерлері- аминқышқылдары.Төменде аминқышқылдарының – глицин, аланин және валиннің құрылымдық формулалары берілген.

Жоғарыда берілген аминқышқылдарынан трипептидтің түзілу реакциясы теңдеуін жазыңыз және түзілген пептидтік байланысты көрсетіңіз:






  1. Кестеде карбон қышқылдардың бірінші бес гомологтық қатарының мүшелерінің мәліметтері көрсетілген:




Карбон
қышқылының атаулары

Формула

Салыстырмалы
молекулалық массасы

Балқу

Қайна

температурасы



температура
сы

Метан қышқылы

HCOОH

46

8,4

101

Этан қышқылы

CH3COОH

60

17

118

Пропан қышқылы

C2H5COОH

74

-22

141

Бутан қышқылы

C3H7COОH

88

-8

164

Пентан қышқылы













(а) (і) Пентан қышқылының молеулалық формуласын және салыстырмалы молекулалық массасын кестеге енгізіңіз:


(іі) Пентан қышқылының балқу температурасынан, қайнау температурасын болжау неліктен оңай екенін түсіндіріңіз:



  1. Өсімдіктерден бөлініп шығатын әртүрлі заттардың құрамында көміртектің массалық үлесі 40%, сутектің массалық үлесі 6,7% және оттектің массалық үлесі

53,3% болатын белгілі. Ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 2,07-ке тең органикалық қышқылдың эмпирикалық және молекулалық формуласын анықтаңыз:



  1. b тапсырмада анықтаған қышқыл магний оксидімен әрекеттеседі. Реакция теңдеуін құрыңыз және нәтижесінде түзілген өнімдерді атаңыз:




  1. b тапсырмадағы қышқылды этилэтаноатқа қалай айналдыруға болатынын сипаттаңыз, өз жауабыңызды реакция теңдеуімен дәлелдеңіз:




  1. Төмендегі кестеде макромолекулалар туралы ақпараттар берілген.




1

Майлар құрамында мына байланыс түрі бар:


Ақуыздың құрамында мына байланыс түрі бар:


Тірі организмдерде көмірсулар әртүрлі функцияларды орындайды, бірақ негізгілері энергетикалық және
құрылыс болып табылады.

2

Глюкоза алу үшін ақуыз гидролиздендірілуі мүмкін



амин қышқылын алу үшін крахмал гидролизденеді



Май – тірі организм үшін энергия көзі болып табылады.

3

Крахмал гидролизденіп қант түзе алады

Ақуыз гидролизденіп амин қышқылдарын түзе алады

Белоктардың маңызды функцияларының бірі – қорғағыштық болып
табылады.

4

Ақуыздың құрамында мына байланыс түрі бар:


Майлар құрамында мына байланыс түрі бар:


Ағзадағы биохимиялық өзгерулердің қалыпты өтуі үшін қажетті гидрофобты органикалық қосылыстардың еріткіштері ретінде ақуыздардың рөлі
маңызды

Қандай тұжырымдардың триадасы дұрыс?





А. 1 және 2

B. 2 және 3

C. 3 және 4

D. 1 және 3

Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Этанолды алу жолдарын және химиялық қасиеттерін сипаттайды

1

этанолдың өнеркәсіптік (синтетикалық) алу әдісін атайды; үрдістің теңестірілген химиялық реакция
теңдеуін құрастырады;

1

этанолдың микробиологиялық алу әдісін атайды үрдістің теңестірілген химиялық
реакция теңдеуін құрастырады;

1

этанолдың метан қышқылымен өзара әрекеттесуінің теңестірілген химиялық реакция теңдеуін құрастырады және
реакция өнімдерін атайды;

1

реакцияның жүру жағдайларын көрсетеді;

1

Қаныққан біратомды спирттердің тотығу реакцияларының теңдеуін құрастырады

2

бірінші кезеңінде қаныққан біратомды спирттер тотыққанда түзілетін өнімнің
құрылымдық формуласы құрастырады;

1

екінші кезеңінде қаныққан біратомды спирттер тотыққанда түзілетін өнімнің
құрылымдық формуласы құрастырады;

1

Ақуыздардың макромолекулалық құрылымдарында пептидті байланыстың пайда болу принципін түсіндіреді және
белгілейді

3

ұсынылған амин қышқылдарынан
трипептидтің түзілуінің реакция теңдеуін құрастырады;

1

макромолекуланың фрагментінде пептидтік байланысты белгілеп көрсетеді;

1

Карбон қышқылдарының сапалық және сандық құрамы бойынша қасиеттерін болжайды

4

пентан қышқылының молекулалық формуласын құрастырады және
молекулалық массасын есептейді;

1

келтірілген деректер негізінде
температураның өзгеруін болжайды;

1

келтірілген деректер негізінде балқу
температурасының өзгеруі туралы түсініктеме береді;

1

өз болжамдарын салыстырмалы молекулалық массамен және карбон қышқылдарының құрамымен
байланыстырады;

1

органикалық қышқылдың эмпирикалық
формуласын есептейді;

1

органикалық қышқылдың молекулалық
формуласын есептейді;

1

карбон қышқылының магний оксидімен өзара әрекеттесуінің теңестірілген реакция
теңдеуін құрастырады;

1

реакция өнімдерін атайды;

1

этилэтаноаттың түзілуі үшін реагенттерді
дұрыс жазады;

1

этерификация реакциясының теңдеуін
құрастырады;

1

Ақуыздар мен

5

ақуыздар мен көмірсулардың құрылымы

1

көмірсулардың құрылымын, қасиеттерін және функцияларын
салыстырады




дұрыс салыстырады;




ақуыздар мен көмірсулардың қасиеттерін дұрыс салыстырады.

1

Барлығы

20

9.4С «Оттекті және азотты органикалық қосылыстар» бөлімі бойынша


жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Этанолды алу жолдарын және химиялық қасиеттерін сипаттайды

Этанолды алу жолдарын және химиялық қасиеттерін көрсету кезінде қиналады.

Этанолдың өнеркәсіптік (синтетикалық микробиологиялық)/ алу әдісін атағанда/үрдістің теңестірілген химиялық реакция теңдеуін құрастырғанда/ этанолдың метан қышқылымен өзара әрекеттесуінің теңестірілген химиялық реакция теңдеуін құрастырғанда және реакция өнімдерін атағанда/ реакцияның жүру жағдайларын көрсеткенде қателіктер жібереді.

Этанолды алу жолдарын және химиялық қасиеттерін біледі

Қаныққан біратомды спирттердің тотығу реакцияларының теңдеуін құрастырады

Қаныққан біратомды
спирттердің тотығу реакцияларының теңдеуін құрастырғанда қиналады.

Бірінші/ екінші кезеңінде қаныққан біратомды спирттер тотыққанда түзілетін өнімнің құрылымдық формуласын құрастырғанда қателіктер жібереді.

Қаныққан біратомды
спирттердің тотығу
реакцияларының теңдеуін құрастырады

Ақуыздардың макромолекулалық құрылымдарында пептидті байланыстың пайда болу принципін түсіндіреді және белгілейді

Ақуыздардың макромолекулалық құрылымдарында пептидті байланыстың пайда болу принципін түсіндіргенде және белгілегенде қиналады.

Амин қышқылдарынан трипептидтің түзілуінің реакция теңдеуін құрастырғанда/ макромолекуланың фрагментінде пептидтік байланысты белгілеп көрсеткенде қателіктер жібереді.

Ақуыздардың макромолекулалық құрылымдарында пептидті байланыстың пайда болу принципін түсіндіреді және белгілейді




Карбон қышқылдарының сапалық және сандық құрамы бойынша қасиеттерін болжайды

Карбон қышқылдарының сапалық және сандық құрамы бойынша қасиеттерін болжағанда қиналады.

Пентан қышқылының молекулалық формуласын құрастырғанда және молекулалық массасын есептептегенде/ температураның өзгеруін болжағанда/балқу температурасының өзгеруі туралы түсініктеме бергенде/ өз болжамдарын салыстырмалы молекулалық массамен және карбон қышқылдарының құрамымен байланыстырғанда қателіктер жібереді.

Карбон қышқылдарының сапалық және сандық құрамы бойынша қасиеттерін болжайды

Ақуыздар мен көмірсулардың құрылымын, қасиеттерін және функцияларын салыстырады

Ақуыздар мен көмірсулардың құрылымын, қасиеттерін және функцияларын салыстырғанда қиналады.

Ақуыздар мен көмірсулардың құрылымын/ ақуыздар мен көмірсулардың қасиеттерін дұрыс салыстырғанда қателіктер жібереді.

Ақуыздар мен көмірсулардың құрылымын, қасиеттерін және функцияларын салыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет