Химия пәнінен өткізілетін практикалық жұмыстар (оқу-әдістемелік нұсқау) Нургалиева Зәмзәм Нурбауловна



бет6/10
Дата22.08.2017
өлшемі2,01 Mb.
#23785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жұмыстың орындалуы.

Сынауыққа 1,5-2 мл сірке қышқылын құйып алып, оған сонша мөлшерде этанол құйыңдар. Үстіне абайлап 1 мл-дей концентрлі күкірт қышқылын қосыңдар. Сынауықты салқындатқыш ұзын түтігі бар тығынмен жауып, абайлап қызыдрыңдар. Қыздыруды тоқтатып, сынауықтағы қоспаны натрий хлоридінің қанық ерітіндісі бар ыдысқа құйыңдар. Алынған қоспаның тығыздығына, түсіне, иісіне көңіл аударыңдар.



11-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Органикалық заттарды алу және анықтауға арналған эксперименттік есептерді шешу»

Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың органикалық заттарды алу және анықтау туралы теориялық білімдерін бекіту.

Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: Сынауықтар, спиртшам, сынауық ұстатқыш, стақан, кристаллизатор, машина майы, өсімдік майы, глицерин, сірке альдегиді, глюкоза ерітінділері, этил спирті, қант, картоп, ақ нан, піскен алма, сабын, крахмал ерітінділері, натрий түйіршігі, күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісі, мыс гидроксиді, күкірт қышқылы.

Жұмыстағы тапсырмалар оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін қорытындылау мақсатында органикалық қосылыстарды, олардың өкілдерін анықтауға негізделген. Оқушылар альдегид, глюкоза, глицерин, крахмалды өздеріне тән сапалық реакция арқылы анықтайды. Сабынды анықтағанда сабын ерітіндісіне бірнеше тамшы күкірт қышқылын тамызса, май қышқылының мақта тәрізді үлпілдек тұнбасы түзіледі.

10 гр ұнтақталған қант пен сонша көлемде күкірт қышқылын қосып араластырса, кеуек көмір массасы түзіледі. Оқушылар күкірт қышқылының қант құрамынан суды сіңіріп, оны жартылай тотықтырып, таза көміртегінің бөлініп шыққандығы туралы қорытындыға келеді. Оқушылар машина майы мен өсімдік майын химиялық әдіспен ажырата білуге үйренеді. Оқушылар спирттер, альдегидтер, қышқылдар және күрделі эфир арасындағы генетикалық байланыс туралы іс жүзінде дәлелдеп көрсетеді.

Мұғалім сабақ кезінде тәжірибені орындау техникасын бақылайды. Экспериментте жіберілген елеулі кемшіліктерді түзетеді. Мұғалім оқушының асықпай, жан-жақты ойлап, заттар арасындаға ұқсастық пен айырмашылыққа көңіл аударып, генетикалық байланыс мәселелерін шешуіне мүмкіншілік беру керек. Эксперименттік есептерді орындап болған соң оқушылар бақылағандарынан қорытынды жасайды.

Жұмыстың тапсырмалары:

1 – нұсқа

1.Үш сынауықта этанол,глицерин және сірке қышқылы ерітінділері берілген.Әр сынауықта қай зат ерітіндісі бар екенің анықтандар

2.Қанттың құрамына көміртек пен сутек кіретіндігін тәжірибе жүзінде дәлелдеңдер.

2 – нұсқа

1.Берілген сірке қышқылы,альдегид және фенол ерітінділерінің қай сынауықтарға құйылғаның анықтаңдар.



2.Сабыннан карбон қышқылын алыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет