Химия пәнінен өткізілетін практикалық жұмыстар (оқу-әдістемелік нұсқау) Нургалиева Зәмзәм Нурбауловна


Карбон қышқылдарынынң қасиеттерін зерттеу



бет3/10
Дата22.08.2017
өлшемі2,01 Mb.
#23785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Карбон қышқылдарынынң қасиеттерін зерттеу

Реактивтер мен құрал-жабдықтар. Сірке қышқылының ерітіндісі, сынауықтар мен тұрғы, әмбебап (көк лакмус) және фенолфталеин ерітінділері (не қағаздары), сілті ерітіндісі,магний (мырыш) ұнтағы (түйінділері), кальций (натрий) карбонаты, этанол, концентрлік күкірт қышқылы, натрий хлоридінің қаныққан ерітіндісі.

Жұмыстың орындалуы.

1. Сірке қышқылының физикалық қасиеттері және индикаторға әсері.

Сірке қышқылының 0,5-1 мл ерітіндісін сынауыққа құйып алып,түсіне көңіл аударыңдар,абайлап иісін байқаңдар.Сынауықтағы ерітіндіге берілген индикатор ерітіндісінен тамызыңдар (немесе индикатор қағазымен тексеріңдер).Не байқалады?Карбон қышқылдары күші жағынан қандай қышқылға жататынын түсіндіріңдер.

2. Қышқылдың сілте ерітіндісімен әрекеттесуі.

Алдыңғы тәжірибедегі индикатормен тексерілген сірке қышқылының

ерітіндісіне индикатордың түсі өзгергенше сілті ерітіндісін тамшылатып құйып,қышқылды бейтараптаңдар.

3. Сірке қышқылының белсенді металдармен әрекеттесуі.

Сірке қышқылының 1-1,5 мл ерітіндісіне берілген металды салыңдар.Газ

бөлінгенін бақылаңдар.Реакция баяу жүрсе,аздап қыздырып жіберіңдер.

4. Қышқылдың тұздармен әрекеттесуі.

Сынауыққа 1-1,5 мл сірке қышқылының ерітіндісін құйып алып,оған аздаған натрий карбонатының ұнтағын (не бордың кішкене түйіршігін) салып, газ бөлінуін бақылаңдар.Сірке қышқылы мен көмір қышқылының күштері туралы тұжырым жасаңдар.

5. Сірке қышқылынынң спирттермен әрекеттестіріп күрделі эфир алу

Сынауыққа 1,5-2 мл сірке қышқылын құйып алып,оған сонша мөлшерде этанол құйыңдар.Үстіне абайлап 1 мл-дей күкірт қышқылы ерітіндісін қосыңдар.Сынауықты салқындатқыш ұзын түтігі бар тығынмен жауып, байқап қыздырыңдар.Қыздыруды тоқтатып, сынауықтағы қоспаны натрий хлоридінің қанық ерітіндісі бар ыдысқа құйыңдар. Тығыздығына, түсіне, иісіне көңіл аударыңдар.

Карбон қышқылының қасиеттерін минерал қышқылдардың қасиеттерімен салыстырыңдар. Барлық байқаған құбылыстарды түсіндіріп, жүрген химиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.



9-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Органикалық заттарды танып білуге арналған эксперименттік есептерді шешу»

Жұмыстың мақсаты: қанықпаған көмірсутектердің, үлкен молекулалық қосылыстардың, мұнай өнімдерінің, спирттердің, карбон қышқылдарының өкілдерңн анықтау барысында оқушылардың білімдерін жүйелеп, таным-ой әрекеттерін, икемділіктерін дамыту.

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, спиртшам, этил спирті, күкірт қышқылы, ас тұзы, глицерин ерітіндісі, мыс гидроксиді, натрий түйіршігі, темір (III) хлориді, калий пермангантының ерітіндісі, құмырсқа, сірке қышқылдары, күміс (I) валентті оксидінің аммиактағы ерітіндісі.

Мұғалім жұмыстың мақсатын және оны орындауға қойылатын негізгі талаптарды анықтау үшін қысқаша әңгіме өткізеді. Содан соң оқушылар өздігінен эксперименттік есептерді орындайды.

1 – нұсқа

Стеарин қышқылының құрамында көміртек және сутек элементтері бар тәжірибе жүзінде дәлелдеңдер.



2 – нұсқа

Нөмірленген үш сынауықта әртүрлі заттар берілген: а) этанол ерітіндісі; ә) кір сабын ерітіндісі; б) формалин.Әрбір заттың қай сынауықта екенің табындар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет