Химия заттар, олардың қасиеттері, құрылымы және олардың бір-біріне айналуы туралы ғылым


Сыныптар Зертханалық жұмыстар саны



бет3/3
Дата17.12.2021
өлшемі133,5 Kb.
#102210
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
8-9 сын хим адистеме

Сыныптар

Зертханалық жұмыстар саны

Практикалық жұмыстар саны

ЖМБ 10 сынып

9

4

ҚГБ 10 сынып

10

3

ЖМБ 11 сынып

13

4

ҚГБ 11 сынып

8

2

Оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) қарастырылған. Төменде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны көрсетілген

81-кесте. «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны


Сыныптар

Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны

ЖМБ 10 сынып

3

3

3

3

ҚГБ 10 сынып

2

3

3

2

ЖМБ 11 сынып

3

3

3

3

ҚГБ 11 сынып

3

3

3

2



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылымын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі-БДМБ) білім алушылар мен ата-аналардың тілектерін ескере отырып, мектептерде педагог кадрлардың дайындығына қарай жекелеген пәндерді үш тілде оқытуға біртіндеп көшу қамтамасыз етіледі.

« Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» оқу пәндерін ағылшын тілінде оқыту толық және ішінара батыру режимінде жүзеге асырылады.

Ағылшын тілінде ЖМБ бағытындағы пәндерді оқытудың негізгі құралы пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесі (CLIL технологиясы) болып табылады.

ЖМБ бойынша оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытатын педагогтерге:

1. Сабақтарда тілдік дағдыларды дамыту және пәндік мазмұнға оқытуды біріктіру. Мұғалімдер білім алушылармен сабақтың жоспарланған пәндік және тілдік мақсаттарын (оқыту мақсаты емес) сабақтың басында (тілдік мақсаттар пәндік мазмұн мақсаттарына қол жеткізуге толық байланысты болуы тиіс.) Педагог сабақта пәндік мазмұны мен тілдік мақсаттары бойынша оқытудың таңдап алынған мақсаттарын ескере отырып, барлық оқу іс-әрекетін қалыптастыруы қажет (мұғалім оқушылардың сабақтың барлық кезеңдерінде олардың сабақтарға қол жеткізуіне үнемі назар аударады, сондықтан білім алушылар олардың үйреніп жатқанын және неге екенін түсіндіре алады). Басқаша айтқанда, педагогтер оқу нәтижелерін қалыптастыра білуі тиіс.



2. Кіруде ағылшын тілінде және оқу тілдерінде түсінікті, терең және қажетті мазмұнмен қамтамасыз ету. Оқылатын пәндік мазмұнды қабылдауды жеңілдету. Ағылшын тілінде ЕМН пәндерін оқытатын мұғалімдер сабақта скаффолдинг стратегиясын қолдануға тырысу керек, яғни білім алушыны бай пәндік мазмұнмен, сондай-ақ ауызша және жазбаша сөйлеуді дамытуға ықпал ететін мазмұнмен қоршауға алу керек.

3. Тілдік қызметтің негізгі түрлерін (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) дамыту үшін пәндік мазмұнда мен тілді, әртүрлі жазбаша және сөйлеудің дереккөздерін меңгерту үшін аутенттік мәтіндер, артефактілерді және материалдарды пайдалану.



        1. Мұғалімдердің скаффолдинг стратегиясын қолдануға тырысуы керек, яғни білім алушыны терең пәндік мазмұнмен, сондай-ақ ауызша және жазбаша сөйлеудің дамуына ықпал ететін мазмұнмен қамтамасыз ету керек. Академиялық тілді біртіндеп енгізіп, қосымша нұсқаулар мен тапсырмалар ұсынған жөн. Тапсырманы орындауды бастамас бұрын «ой қозғау» («миға шабуыл») тәсілін, «қабырғаға қарап оқу», тұжырымдамалық карталарды, сөздер жазылған кестелерді белсенді қолдануға болады. Ұсынылған жаңа білімді бұрын оқылған тақырыптармен және тілмен байланыстыру керек.


«Скаффолдинг» педагогикалық стратегиясы. Технолоияның мәні: педагог арнайы танымдық немесе проблемалық-анықтамалық тапсырмалар мен нұсқаулықтардың көмегімен білім алушыға оның тәжірибесіне сүйене отырып көмектеседі және жаңа білімді ашуға бағыт береді, бұл қолдау, мысалы, блок-схема, негізгі немесе жетелеуші сұрақтар сияқты әртүрлі формада жүзеге асырылуы мүмкін.

форме, например, в виде блок-схемы, ключевых или наводящих вопросов.

Оқыту процесіндегі скаффолдинг деген білім алушыларға оқу және түсіну процесінде алға жылжуға көмектесу үшін мұғалімдер тарапынан көрсетілетін едәуір қолдауды, мөлшерленген көмек көрсетуді білдіреді. Қолдау ресурстар, графикалық органайзерлер, деңгейлік тапсырмалар, мысалдар, үлгілер, материалды бейімдеу және басқа да түрлерде көрсетілуі мүмкін.

Скаффолдингті қолдануға мысалдар



  • Пәндік мазмұнды қолдауға арналған скаффолдинг:

– білім алушыларға жұмыс істеу оңай болу үшін қиын және қызықты ақпаратты немесе тапсырмаларды бөліктерге бөлу;

– алдын ала органайзерлерді тарату (мысалы, зерделенетін негізгі ұғымның схема түріндегі бейнесі);



  • Пәндік мазмұнды қолдау (скаффолдинг):

- білім алушыларға олармен жұмыс істеу оңай болу үшін қиын және қызықты ақпаратты немесе тапсырмаларды бөлікке бөлу;

- алдын ала органайзерлерді тарату (мысалы, схема түрінде зерделенетін негізгі ұғымның бейнесі).



  • Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған скаффолдинг: талдау схемасын, мысалы, түрлі категориялары бар диаграммалар (отандық өндірушілер, халықаралық компаниялар, тұтынушылар, билік органдарының өкілдері, экологтар сияқты түрлі мүдделі тараптардың көзқарастары) жасау;

  • Тілдік дағдыларды дамытуға арналған скаффолдинг:

– мысалы, білім алушыларға пікірталастың стандартты құрылымын, сондай-ақ пікірталастарда қолданылатын кейбір жалпы фразалар мен айналымдары бар сөйлеу модульдерін/құрылымдарын ұсыну;

– оқу материалдарымен жұмыс басталар алдында сабақ тақырыбын талқылау үшін (оқу мақсаттарына жету үшін) қажет болатын тілдік бірліктерді қолданып, «ой қозғау» («миға шабуыл») стратегиясын іске асыру;



  • Пәндік мазмұнды, сын тұрғысынан ойлауды, тілдік дағдылар мен оқу дағдыларын бір мезгілде қолдауға арналған скаффолдинг: мысал ретінде жоғары деңгейдегі, орташа және төмен деңгейдегі жазбаша жұмыстарды немесе презентацияларды көрсету. Білім алушылар сапа критерийлерін анықтау үшін талдау жұмыстарын жүргізеді.

  • Сезімдерді басқаруға әсер ету, сондай-ақ оқыту дағдыларын дамытуға арналған скаффолдинг:

- стандартты «жарайсыңның» орнына «Сен жақсы нәтиже көрсеттің. Сенің нәтижең белгіленген өлшемдерге сәйкес келеді. Қалған балаларға осындай нәтижеге қалай қол жеткізгеніңді айтып берсең» сияқты ынталандыратын ұсыныстарды қолдану.

        1. Мектепте менторлық жүйе қалыптастыру.

Бұл жүйенің мәні – әр тәжірибесі аз маманға тәжірибелі әріптесінің тарапынан көмек көрсетілуі.

Менторлықты жүзеге асыру үшін тәжірибелі педагог – ментордың міндеттері:

  • мұғалімді жұмыста қолдау, тұрақты кері байланыс жасау;

  • мектеп құжаттамаларымен және мұғалімнің құжаттарымен жұмыс істеуге үйрету (даму бағдарламасы, жұмыс жоспары, сабақ жоспары, мұғалімнің жұмысын талдау);

  • мұғалімді өз бетімен білім алу бағдарламасына, әдістемелік әдебиетті оқуға бағыттау;

  • білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімнің өз жұмысын, сынып жұмысын, әр оқушының сабақ барысындағы жұмысын ұйымдастыруға көмектесу;

  • әр тақырыпты өңдеуде әрбір сабақтың мақсатын, мазмұнын, құрылымын анықтауды үйрету;

  • өз жұмысын талдау арқылы оқу нәтижелерін болжауға көмектесу;

  • ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруға көмектесу.

6. Педагогтердің кәсіби өсуі, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында:

  • мұғалімдердің ағылшын тілінде ЖМБ пәндерді оқытуда тәжірибе алмасуын, сондай-ақ тілдік тәжірибе алмасу мақсатында аймақтық, топтық, мектепішілік пәндік оқыту семинарларын, семинар-практикумдар өткізуді ұйымдастыру;

  • критериалды бағалау бойынша жаңартылған білім беру мазмұнының курстарынан, CLIL-технологиясы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан, оның ішінде қашықтан оқыту курстарынан өтуді қамтамасыз ету керек.



Қашықтықтан оқыту курстарының артықшылықтары:

- өзіне ыңғайлы уақытта ыңғайлы жерде және ыңғайлы қарқынмен оқу мүмкіндігі;

- өндірістен қол үзбей, яғни кәсіптік қызметпен қатар оқу;

- оқу ақпаратының көптеген көздеріне (электрондық кітапханаларға, деректер банктеріне, білім қорына және т.б.) жүгіну мүмкіндігі;

- Интернет желісі арқылы және электрондық пошта арқылы, бір-бірімен және оқытушылармен қарым-қатынас жасау;



- оқу ақпаратының шоғырландырылып берілуі және оған мультиқолжетімділік материалдың меңгерілу тиімділігін арттырады;

- білім беру процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың соңғы жетістіктерінің қолданылуы;



- педагогтің тұрғылықты жеріне қарамастан білім алудың тең мүмкіндіктеріне ие болуы.

Қазіргі уақытта CLIL технологиясы бойынша «Тіл мен оқу пәнін ықпалдастыра оқыту (CLIL) әдістемесінің тұжырымдамалық негіздері» атты қашықтан оқыту онлайн курстарынан өтуге болады, курс www.moodle.org, www.learme.ru, www.ispring.ru, www.edmodo.com,www.easyclass.com. сайттарында ұсынылған.



  1. Білім беру ұйымдары өз ресурстық қорларын дамыту үшін ЖМБ пәндері бойынша ағылшын тілінде тапсырмалар, жаттығулар, мәтіндер, бағалау жұмыстарын жинап, өзінің электронды «банкін» қалыптастыра алады. 2020-2021 оқу жылында ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқытатын педагогтер кәсіби әлеуметтік желілерде тіркеліп, төменде көрсетілген цифрлық платформаларды қолдана алады: https://www.khanacademy.org/; https://bilimland.kz; https://www.stem.org.uk/; https://www.pinterest.com/


РЕСУРСТАР

  1. ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқыту үшін педагогтер кәсіби желілік қауымдастықтарға тіркей отырып, келесі сандық платформаларды пайдалана алады: https://www.khanacademy.org/; https://bilimland.kz; https://www.stem.org.uk/; https://www.pinterest.com/.

  2. Оқу процесін тиімді ұйымдастыру үшін электрондық сілтемелер




http://www.edu-resource.net/

Көптілді және көпмәдени білім беру бойынша ақпараттық-әдістемелік ресурс

http://jazyki.ru/lingvodidaktika.html

JAZYKI.ru порталы - 100 Тіл: оқу, оқулықтар, сөздіктер, форумдар.

http://inofon.spb.ru/

Орыс тілі - екінші тіл: әдістеме мен ресурстар. Орыс тілін екінші тіл ретінде оқытуға арналған орыс тілі пәні оқытушылары мен мұғалімдеріне арналған портал.


http://www.russisch-fuer-kinder.de/

Орыс тілі - екінші тіл. Сайтта орыс шетелдік педагогтерінің тәжірибелік әзірлемелері жинақталған. Ойындар мен тапсырмалар жинағы, бояуға арналған кітаптар мен сценарийлер – барлығы пайдаланушыларға тегін беріледі

http://iyazyki.prosv.ru/2011/12/trudnee-legche/

«Просвещение. Иностранные языки» («Білім. Шетел тілдері») Мұғалімдерге арналған интернеттегі басылым: оқулықтар, әдістемелік әзірлемелер және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет