Мақсаты: Қоспаларға есептер шығару әдістемесімен таныстыру.
Жоспар:
1. Қоспаларға берілетін есептер құрылымы
2. Қоспалар есептер шығару әдістемесі
1-есеп. Көміртек (II) оксиді мен көміртек (IV) оксидінің 16мл қоспасын (СО + СО2) оттегінің артық көлемінде жаққанда көлем 2мл кемиді. Қоспадағы көміртек (II) оксидінің көлемін процентпен табыңдар.
Шешуі: Берілгені: V = СО + СО2 = 16мл
Т/к: V% (СО) - ?
Реакция теңдеуін жазамыз: 2 СО + СО2 = 2 СО2
2мл 1мл 2мл
1. Теңдеуге қарағанда 2мл СО жанғанда бастапқы көлем 1мл азаяды. Есептің шартына сүйеніп талқылаймыз:
Көлем 1мл азайғанда — 2мл СО жанса, 2мл азайғанда Хмл СО жанады.
П ропорция құрамыз: 1мл : 2мл = 2мл : х
х = 4мл СО
2. V% (СО) = 100 = 25%.
2-есеп. 8г доломитке СаСО3 + МgСО3 қышқылдың артық мөлшерімен әсер еткенде 3,8г көмір қышқыл газы алынды. Доломиттің осы үлгісіндегі кальцийдің мөлшері (процентпен) қанша?
Шешуі: Берілгені: m (СаСО3 + МgСО3) = 8г.
m ( СО2) = 3,8г.
Т/к: m (Са) - ?
Реакция теңдеуін жазсақ, кальций карбонаты мен магний карбонатынан бөлінетін көмір қышқыл газының массасында айырмасы жоқ. Доломиттің мольдік массасы 184г, онда 40г Са бар.
1. Талқылаймыз: 88г СО2 бөлінгенде қоспада – 40г Са болады.
3,8г СО2 бөлінгенде қоспада – Хг Са болады.
88г : 3,8г = 40г : х
180г доломитте – 40г Са
8г доломитте — Хг Са бар деп есептесек те осы нәтижеге келеміз.
3 . 10% (Са) = 100 = 21,6%
3-есеп. 1,00г мыстың алюминий мен құймасын сілтінің артық мөлшерімен өңдегендегі қалдық жуылып, азот қышқылында ерітілді. Ерітіндіні суалтқанда қалған қалдық қатты қыздырылғаңда 0,4г жаңа қалдық алынды. Құйманың құрамы (процентпен) қандай?
Шешуі: Берілгені: m (Сu+ Аl) = 1,00г.
m (қалдық) = 0,40г.
Бұл сан – сапа есебі. Оқушылардың металдар қасиеттері жөніндегі бөлімдерін нақтылап, бекітуге арналан.
1. Сілтімен амфотерлі металл алюминий әрекеттесіп ерітіндіге кетеді де, мыс қалады.
2. Жуылған мыс азот қышқылында ерітіледі, алынған қышқылдың концентрациясына қарай азот оксидтері және мыс (II) нитраты түзіледі.
3Сu + 8НN03 = 3Сu (NО3)2 + 2NO + 4Н2О
3. Суын буландырғаннан кейін қалған нитратты қатты қыздырғанда айырылады:
2Сu (NО3)2 = СuО + 4NО2 + О2
Теңдеуге қарағанда соңғы қалдық – мыс (II) оксиді, оның массасы – 0,40г. Осы массадағы мыстың үлесін табамыз:
80г СuО да – 64г Сu бар.
0,4г СuО да — х Сu бар.
8 0г : 0,4г = 64г : х
4. 1г құйманың 0,32г мыс болады, қалғаны алюминий
m (Аl) = 1,00г - 0,32г = 0,68г.
5. Әр металдың процентпен алынған үлесі
Достарыңызбен бөлісу: |