2-есеп. Қорғасын (II) оксидін сутек ағысында қыздырғанда массасы 18,47г 18,07г дейін кеміді, түзілген судың массасын есептеңдер.
Шешуі:
1. Қорғасын оксиді тотықсыздану реакциясының теңдеуін жазамыз.
РвО + Н2 = Рв + Н2О
2 . Оксидтің массасы оттегі кетуіне байланысты азаяды, сондықтан масса айырмасын табамыз:
3. Оттегінің осы массасынан судың қандай массасы түзіледі:
16г О – 18г Н2О
0,4г О – х Н2О
16г : 0,4г = 18г : х
х = 0,45г.
4. Жауабы: m (Н2О) = 0,45г
3-есеп. Массасы 100г темір пластинка тотияйын ерітіндісіне батырылды. Мыс қонған пластинканы жуып және кептіріп кайта өлшегенде 101,Зг тартты. Темір пластинкасына қонған мыстың массасын табыңдар.
Шешуі: Берілгені: m (Fе) = 100г.
m1 (Fе) = 101,3г.г
Т/к m (Сu) - ?
М асса айырмасы
Бұл айырма мыс атомының темір атомынан ауыр болуына байланысты.
Fe + CuSO4 = FeSO4 + Cu
М 56г/моль 64г/моль
56г 64г
Бір моль темір бір моль мысты ығыстырғанда масса 8г ауырлайды.
Талқылаймыз: Масса 8г ауырлағанда — 64г Сu бөлінеді.
1,3г ауырлағанда – Хг Сu бөлінеді.
П ропорция құрамыз: 8г : 1,3г = 64г : Хг
№9 Дәріс тақырыбы: Маңызды бейорганикалық қосылыстарды өндірісте алу тақырыбына есептер
Мақсаты: Өндірісте алынатын негізгі химиялық заттар азот, күкірт қышқылдары, аммиак, минералды тыңайтқыштар сияқты қосылыстар. Оларды қолданып есеп шығару әдістемесімен таныстыру
Жоспар:
1. Негізгі өндірісте алынатын бейорганикалық қосылыстар.
2. Осы қосылыстарға есептер шығару әдістемесі.
Есептердің көбірек жалпы шешу жолы әсіресе химиялық теңдеудің есептеулерімен байланысты келесідей: алдымен өзгеріске реакция теңдеуінде берілген сондай зат мөлшері түседі деп ұйғарылады да, алынған қатынастар есеп шартымен салыстырылады. Қарапайым жағдайда пропорция көмегімен қайта есептеу жүргізіледі.
Кез келген есепті шығара отырып шамалас (ойша) болжау әдісін қолдануға болады. Қандай да бір өлшемі белгілі шаманы ойша мәнмен аламыз, соның нәтижесінде есептің нақты шартына қайта есептеу жүргіземіз. Бұл жерде екі жағдайды ескеру керек. Біріншіден: ойша шаманы бір мәнге тек 1рет қана бере аламыз. Ал қалған мәндерді реакция теңдеуінен шығаруымыз керек немесе белгісіздермен белгілеуіміз керек. Екіншіден: «ойша болжам» әдісі тек өлшемі бар мәндер үшін жарамды. Еш уақытта массалық, көлемдік үлес, салыстырмалы тығыздық сияқты мәндерге қолдануға болмайды. Осылайша барлық өлшемсіз шамаларды белгісіз арқылы өрнектеуіміз керек (егер кезең-кезеңмен есептеп шығару мүмкіндігі болмаса). Осы аталған әдісті ең алдымен берілісі толық емес есептер үшін қолданған тиімді.
Берілісі толымсыз есептер
1-есеп. 30%-тік азот қышқылын 20%-тік натрий гидроксидімен суыта отырып бейтараптандыру нәтижесінде алынған тұздың ерітіндідегі массалық үлесін есепте.
m(HNO3) = 100г болсын, сонда ондағы HNO3 массасы 30г болады. Осы 1-әдіс: HNO3 массасымен қанша NaOH әрекеттесіп, нәтижесінде қанша тұз түзілетінін анықта.
30г m1 m2
HNO3 + NaOH → NaNO3 + Н2О
ν 1моль 1моль 1моль
М 63г/моль 40г/моль 85г/моль
m 63г 40г 85г
NaOH ерітіндісінің массасы
(100г ерітінді ---------- 0,2г)
Ал m(HNO3) ерітінді мен m(NaOH) ерітінді Σ = 195,25г, ал ерітіндідегі
2-әдіс: Егер 1моль HNO3 1моль NaOH-пен әрекеттессе 1моль NaNO3 түзіледі.
m1(ерітінді) = mM(HNO3)/ω1 = 210г
m2(ерітінді) = mM(NaOH)/ω2 = 200г
ω(NaNO3)/(m1 + m2) = 85/410 = 0,2073 ≈ 21%
2 әдістің артықшылығы көзге көрнеу көрініп тұр. Негізінен 1моль немесе басқа бүтін моль санына шағып есептеу тиімді әдіс болып есептеледі. Әсіресе ол есеп шарты толық емес заттар өзгеруіне тәуелді есептер үшін тиімді. Әйткенмен әрбір нақты жағдайда бастапқы берілгеніне орай тиімді әдісті таңдаған жөн.
№10 Дәріс тақырыбы: Органикалық химияның негізгі түсініктері тақырыбына есептер
Достарыңызбен бөлісу: |