А заты қышқылдың қатысуымен этанолмен әрекеттесіп Б затын түзеді. Оның құрамында қатынасы А затына қарағанда артық, сондықтан А заты – карбон қышқылы, ал Б заты – сәйкесті күрделі эфир деп санауға болады. А заты бромсутекті қосып алатындықтан оның молекуласының бойында кем дегенде бір көміртек–көміртек қос байланысы бар екені байқалады. В затын сумен бірге қайнатқанда түзілген заттың құрамында бром жоқ, бірақ ол зат А заты емес (оттектің мөлшері А затындағы мөлшерден көп). Сондықтан бұл реакцияда бромсутек бөлінген жоқ, бром атомының орнын гидроксил тобы басуы мүмкін деп есептейміз. А-В-Г реакцияларында тізбекті көміртек атомының саны өзгермейді.
Бұл жерде келесі қортындыны жасауға болады:
1) А мен Г заттарының молекулаларында көміртек атомдарының саны бірдей:
4t = p (5)
2) А және Г заттарының молекулаларында карбоксил топтарының саны бірдей.
А молекуласындағы карбоксил топтарының санын х деп белгілейміз. Бір карбоксил тобының құрамында екі оттек атомы бар; А молекуласында карбоксил тобындағы оттектен басқа оттегі атомдары болуы мүмкін.
Сондықтан
2x ≤ p (6)
А затының этанолмен өтетін реакциясында карбоксил топтарының z саны күрделі эфирді топтарға айналып кетті деп қабылдаймыз:
z ≤ x (7)
Монокарбон қышқылдық этанолмен этерификациялау реакциясының теңдеуін жалпы түрде жазамыз:
R – COOH + C2H5OH → R – COOC2H5 + H2O
Бұл теңдеуден күрделі эфир молекуласының құрамында карбон қышқылының молекуласымен салыстырғанда 2 көміртек атомы және 4 сутек атомы артық екені көрініп тұр. Егер этерификациялау процесіне ұшыраған карбоксил топтарының саны z тең болса, күрделі эфирдің молекуласы бастапқы қышқылдың молекуласынан (C2H4)z топтарына айырмашылығы болады. Жоғарыда айтылғанды есепке алып Б затының түзілуімен жүретін А заты мен этанолдың арасындағы реакцияның теңдеуін жазамыз:
CpHpOp + zC2H5OH → Cp+2zHp+4zOp + zH2O (8)
А Б Теңдеудегі Б формуласын (3) формуламен салыстырып жүйе құрамыз:
2f = p + 2z (9)
3f = p + 4z (10)
f = p (11)
Бұл үш теңдеу біріне – бірі тәуелсіз, сондықтан белгісіз шамалардың сандық мәндерін анықтау мүмкін емес. Бірақ олардың ара қатынастарын табуға болады. (9) теңдеуге f = p саламыз да:
2p = p + 2z
p = 2z (12)
(6) теңсіздікке р = 2z мәнін саламыз да:
2x ≤ 2z,
яғни x ≤ z
Бірақ (7) теңсіздік бойынша
x ≥ z
сондықтан х = z деп тұжырымдаймыз.
Бұл шарт орындалған жағдайда А молекуласының барлық карбоксил топтары этерификациялау процесіне ұшырайды.
(12) теңдеуге сәйкес
р = 2x (13)
Олай болса, А молекуласындағы барлық оттек атомдары карбоксил тобының құрамына кіреді де оның молекулалық формуласын келесідей жазуға болады:
CxHx(COOH)x (14)
Г затының сілті ерітіндісімен реакциясын қараймыз. Ең бірінші ерітіндідегі каий гидроксидінің мөлшерін анықтаймыз:
nKOH=CKOH ∙ Vерітінді(KOH) (15)
nKOH=2 моль/л ∙ 0,020 л=0,04 моль (16)
А және Г молекулаларында карбоксил топтарының саны бірдей және оны х әріпімен белгіледік ((7) теңдеу). Г затының калий гидроксидімен жүретін реакциясының теңдеуін жалпы түрде жазамыз:
Г + хKOH = ГKx + xH2O (17)
nГ = ∙ nKOH (18)
теңдеу бойынша
mГ = ∙ nKOH ∙ MГ (19)
Есеп шарты бойынша
mГ = 2,68 г (20)
(16), (18), (19) теңдеулерге сәйкес
MГ ∙ = 2,68 г/моль (21)
MГ = ∙x = (67x) г/моль (22)
(4) формула бойынша
MГ = t ∙ MC4H6O5 MГ = (134t) г/моль (23)
(22) және (23) теңдеулері бойынша
67x = 134t (24)
х = 2t (25)
Г молекуласында карбоксил топтарының саны x-ке немесе 2t-ға тең екенін ескере отырып, Г затының молекулалық (4) формуласын (14) формулаға сәйкестендіріп жазамыз:
А - CxHx(COOH)x (14)
Г - C2tH4tOt(COOH)2t немесе CxH2xOt(COOH)x (26)
Енді екі зат үшін карбоксил тобы қосылған молекула бөліктерін сипаттап, сараптаймыз. Әр кабоксил топты бір валентті орынбасар Y ретінде қарауға болады:
А - CxHxYx Г - CxH2xOtYx Бір валентті Y тобын ойша сутек атомына ауыстырып алынған қосылыстардың қанықпау дәрежесін анықтаймыз.
А үшін:
CxHxYx → CxH2x → CxH(2x + 2) - 2 ∙ 1 k = 1
Сол себептен А молекуласында бір ғана қос C=C байланыс бар және осы байланыс бойынша бір ғана бромсутек молекуласы қосылады, нәтижесінде В заты түзіледі. В затының гидролиздену нәтижесінде молекулада бір оттек атомы пайда болады және ол гидроксил топтың құрамында бром атомының орнын басады.