Қорытынды: (26) формуласында t = 1. Бірақ бұл жауапты дұрыс деп әлі санауға болмайды. Себебі оны В затын сумен бірге қыздырғанда бром атомының орнын гидроксил тобы басады деп есептеп отырып алдық. Жауапты тәуелсіз жолмен тексерейік. Ол үшін Г молекуласының құрамындағы карбоксил топтарын ойша сутек атомдарына ауыстырамыз:
CxH2xOtYx → CxH2x+хOt = CxH3xOt Қаныққан құрамға CxH2x+2Ot формуласы сәйкес келеді:
3x ≤ 2x + 2 (27)
х ≤ 2 (28)
(25) теңдеуге сәйкес:
2t ≤ 2
t ≤ 1
t – натурал сан болған соң, теңсіздіктің бір шешімі ғана бар:
t = 1
Сонда заттардың молекулалық формулалары келесідей болады:
А - C2H2(COOH)2 Б - C2H2(COOC2H5)2 В - C2H3Br(COOH)2 Г - C2H4O(COOH)2 А,Б,В және Г заттарының құрылымдық формулаларын анықтау
А – этендикарбон қышқылы. Мүмкін болатын екі изомерден цис – изомері (малеин қышқылы) ғана қыздыру барысында суды бөліп шығарып, циклді ангидридке айналады:
А – малеин қышқылы
Жауабы: А – малеин (этендикарбон) қышқылы; Б – оның диэтил эфирі; В – 2-бромбутандикарбон қышқылы; Г – алма қышқылы.
№ 2 есеп.Сұйықтық болып келетін, бір – бірімен кез-келген қатынаста араласатын екі А және Б оттекті органикалық заттың қоспасы берілген. Қоспаны қалыпты жағдайда тотықтырғанда ерітіндіде бір зат қалады және ол натрий гидросульфитімен әрекеттеседі. Бұл реакция нәтижесінде өнімнің молекулалық салмағы бастапқы заттың молекулалық салмағымен салыстырғанда 279,31%-ға дейін өседі. Эвдиометрдің А және Б заттарының буларының қоспасын жаққанда ауаның стехиометриялық мөлшерінің қатысуымен жаққанда алынған газдар қоспасының көлемі қалыпты жағдайда 5,432 л тең болады. Осы газдар қоспасын барий гидроксидінің ерітіндісінен өткізгенде, газдың көлемі 15,46%-ға азаяды. А және Б заттарының құрылымдық формулаларын және қоспадағы мөлшерлерін табыңдар.
Бір затты көмірсутек деп қабылдап, осындай мәтіндегі қосымша есепті де шығару керек.
Бұл есепте қоспаның мөлшерлік құрамын, сонымен қатар оның сапалық құрамын да анықтау керек, яғни қоспадағы заттардың құрылымдық формулаларын табу керек.