Мақсаты: Күрделі есептердің типтерімен және шығару әдістемесімен таныстыру.
Жоспар: 1. Параллель жүретін бірнеше реакция теңдеулері бойынша есептеулер
2. Параллель жүретін бірнеше реакция теңдеулері бойынша есептеулер шығару әдістемесі
Мысалдар №1 есеп. Қыздыру барысында суды бөліп шығаруға қабілетті оттекті органикалық А затының құрамында 41,38% көміртек және 3,45% сутек бар. Қышқылдың қатысуымен этанолмен бірге қыздырғанда ол 55,81℅-ға көміртектен, 6,97℅–ға сутектен және оттектен тұратын Б қосылысына айналады. А қосылысы бромсутекті қосып В затын түзеді. Ол сумен бірге қайнату нәтижесінде 35,82% көміртектен 4,48℅ сутектен және оттектен тұратын Г затына айналады. Г затының 2,68 грамы калий гидроксидінің 2М ерітіндісінің 20 милилитрімен толық әрекеттесетіні мәлім. А – Г заттарының құрылысын анықтаңдар және барлық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.
Бұл есеп – зат құрылымын анықтауға бағытталған. Бірақ бұл есеп стандартты емес, себебі оны шығару барысында заттардың құрылысын ғана емес, олардың молекулалық формулаларын анықтауға мүмкін емес. Сондықтан есепті шығару үшін анықталатын заттардың молекулалық формулаларындағы индекстерді, кабоксил топтарының санын т.б. анализдеу қажет.
Шешуі: А,Б,Г заттардың қарапайым формулаларын анықтау.
Есеп шарты бойынша Б заты көміртек, сутек, оттектен тұрады және А заты этанолмен әрекеттесу нәтижесінде түзіледі. Сондықтан А затының құрамында осы үш элемент бар екнін тұжырымдаймыз.
А:
w(O)=100% - 41,38% - 3,45%=55,17%
mA = 100г деп қабылдаймыз да:
(1)
A - (CHO)p немесе CpHpOp (2)
Б:
w(O)=100% - 55,17% - 6,97%=37,22%
mБ=100 г деп қабылдаймыз да: