А затының В (Б) затына тотығу реакциясы келесі теңдеу бойынша жүреді:
Қоспаның эвдиометрде жануын қарайық.
2C3H8O + 9O2 = 6CO2 + 8H2O (5)
A
C3H6O + 4O2 = 3CO2 + 3H2O (6)
Б
nА = y моль nБ = z моль деп белгілейміз.
Реакциядан кейінгі газ қоспасындағы жалпы зат мөлшерін есептейміз:
(7)
(8)
Бұл қоспада көмірқышқыл газы мен азот бар. Азот стехиометриялық мөлшерде алынған ауада болған (органикалық заттар мен оттек реакцияласып кетті).
(5) және (6) теңдеулеріне сәйкес:
nCO2 = 3nА+ 3nБ (9)
nO2 = 4,5nА + 4nБ (10)
Ауада 20% оттек (көлемі бойынша) бар, сондықтан:
nN2 = 4nO2 = 4(4,5nА + 4nБ)
n = nCO2 + nN2 = 3nА + 3nБ + 18nА + 16nБ
n = 21nА + 19nБ (11)
(8) теңдеуден n мәнін және nА мен nБ мәндерін салып, келесі формуланы аламыз:
21y + 19z = 0,242 (12)
Газдар қоспасын барий гидроксидінің ерітіндісінен өткізген соң азот қана қалады:
CO2 + Ba(OH)2 → BaCO3↓ + H2O (13)
Есеп шарты бойынша газдың көлемі 15,46% азайды. Газдардың көлемдері олардың мөлшерлеріне пропорционалды болады, сондықтан:
nCO2 = 0,1546n (14)
№15 Дәріс тақырыбы Тәжірибелік есептер
Мақсаты: Тәжірибелік есептер шығару әдістемесімен таныстыру.
Жоспар:
1. Сапалық анализге арналған тәжірибелік есептерді шешу әдістемесі
2. Олимпиада есептерін шығару
3. Оқушыларды олимпиадаға дайындаудағы әдіснамалық негіздер
1. Сапалық анализге арналған тәжірибелік есептерді шешу әдістемесі
Химиялық олимпиадалардың барлық сатыларының тәжірибелік турында 9 сынып оқушыларына әдетте анорганикалық заттардың сапалық анализ тақырыбына арналған есептер беріледі. Олардың ішінде ең жиі кездесетіні берілген заттардың бір-бірімен сапалық реакциясына сүйене отырып, қай пробиркада қандай заттың құйылғанын табу. Мұндай есептер көп жылдардан бері беріліп келе жатқанына қарамастан химиялық олимпиаданың республикалық деңгейіне дейін жеткен оқушылардың көпшілігі осы күндерге дейін оның әдістемесін білмейтіндігін байқадық. Сондықтан көпшілік қауымды ондай есептерді шығарудың ең тиімді әдістемесімен таныстыруды жөн көрдік.
2. Олимпиада есептерін шығару
Химиялық олимпиада — химия ғылымына қызығатын және онымен үзбей шұғылданатын оқушылардың білім сайысы. Бағдарлама көлемінде химияны үздік оқитын оқушылардың бәрі сайысқа түсе алмайды.
Ол үшін оқушы? 1) Мектеп оқулығынан басқа оқулықтар мен оқу құралдарын; 2) ғылыми - көпшілік және ғылыми - фантастикалық әдебиеттерді; 3) ғылыми - көпшілік журналдары мен мерзімді әдебиеттерді; 4) ғылым саласында радио және теледидар хабарын ұдайы қадағалап, біліп, зерделеп отыратын болуы керек. Өздігінен химиялық тәжірибелер жасап және химия есептерін шығарып машықтанған болуы тиіс. Химиялық олимпиада кезінде оқушының білімі, білігі, дағдысы ғана емес, ой - өрісі және тапқырлығы тексеріледі. Сондықтан олимпиада сұрақтарын, жаттығуларын және есептерін типтерге бөліп жіктеуге келмейді. Оларда заттар мен химиялық құбылыстар арасындағы сан - алуан байланыстар ескеріледі. Есептің шартында кейбір мәліметтер артық, кейбіреулері жетіспей жатады. Оларды шешу үшін оқушылар әр түрлі білім көздерінен және басқа пәндерден алған білімдерін ұтымды пайдалана білуге үйренуі тиіс.
Жалпы талапқа сай бағдарлама шеңберінде шектелгенімен олимпиада сұрақтарының түрлерінде, мазмұнында қойылуында, жеңіл-қиындығында қатаң жүйе байқалмайды. Оны әр жылдарда, әр деңгейде өткізілген мына төмендегі олимпиада сұрақтарынан айқын байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |