Химиядан күрделі есептерді шығару әдістері


Есеп шартының түсініктілігі



бет37/39
Дата20.09.2022
өлшемі1,73 Mb.
#150078
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
күрделілігі жоғары химия есептері УМКД ХКЕША 2-семестр Х-31
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси
Есеп шартының түсініктілігі
Бағалудың негізгі критерийлерінің бірі. Нақты және түсінікті есеп шарты есеппен танысып, ондағы фактілер мен құбылыстарды түсіну үшін керек. Есеп шартын жаза отырып оқушы есептің мәні мен негізгі идеясын түсінуі керек. Есептің шартын түсіну үшін неғұрлым жеңіл болса, соғұрлым олимпиадаға қатысушыға есеп шығару барысын, оны шешу жоспарын дайындау жеңіл болады.
Есеп шартына нақты сәйкестендірілген есеп шығаруды бағалаудың дифференциалдық жүйесі
Химиялық олимпиададағы есептердің әр қайсысының өз ауырлық деңгейі болады. Бағалау жүйесі әділ болуы керек: белгілі логикалық ойлауды қажет ететін жаттығулар (логикалық операциялардың сатылары өтуі керек), олимпиадаға қатысушыға неғұрлым жоғары балл әкелуі тиіс.
Дұрыс түсіндірілген сұрақтың жауабы да көп балмен бағаланады.
Есеп шығару барысында теориялық материялды пайдаланудың жүзеге асу ықтималдылығы
Есеп шығаруға қажетті білімдерді шартты түрде екі топқа бөлеміз: есепті шығару барысында алатын білімі және есепті бұл білімсіз шығару мүмкін емес білім.Соңғы топ негізгі білім. Оның құрамына әр түрлі анықтамалар, негізгі теориялар мен заңдар, әр түрлі химиялық түсініктер, заттардың физикалық және химиялық қасиеттері, қосылыстардың формуласы, химиялық реакциялар.
Есеп шартын құрастырудағы негізгі қиындық, оқушы осы есепті шығару барысында негізгі білімін, білігін, дағдысын пайдаланумен қатар логикалық ойлауын дамыта алуы.
Есепті бірізділікпен шығармау мүмкіндігі (модульдігі)
Бұл шарт есеп шығарудың кез келген сатысында жіберілген қателік, есептің жауабын табуға кедергі жасамайды. Ал бұл шартқа сәйкес келмейтін есептерді бірізді шығару арқылы ғана шешуге болады.
Сондықтан химиялық олимпиадаларда бірізді шығарылатын есептер кездеспейді.
Есептің жан – жақтылығы (пәнішілік және пәнаралық байланыстың қамтылуы, сапалық және сандық есептердің болуы)
Бұл шарт есептің шартының жан – жақты қамтылғанын көрсетеді.
Ең дұрысы есепте сандық және сапалық құралдардың қатар келуі, есепте химияның әртүрлі аумақтарын қамтып, пәнаралық байланыстың жүзеге асуы.
«Кілттің» болуы
«Кілт» - бұл олимпиада қатысушысына есептің мәнін түсінуге деген көмек, есепті шығарудың дұрыс жолына бағыттаушы.
«Кілт» есептің алдында немесе есеп шартында болуы мүмкін.
Мысалы, элементтік анализ түрінде есептің берілуінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет