Есептің шешу жолын түсіндіру:
Есептің берілісінде оқушыларға мырыш хлоридін қалай алу жайлы ешқандай идея берілмеген. Оны біз былай белгілеуімізге болады.
Есепті шешу барысында оқушы алдында көптеген қиындықтар туындайды. Біз берілген есепті шартты түрде Э деп белгілейік. Эксперименттік есепті шешудің тиімді әдісі табылса оны тұтас түзу бағдаршамен көрсетеміз, ал тиімді шешімнен алшақтаған жағдайда үзік сызықты бағдаршамен белгілейік . Егер қиындықты жеңу жолы табылмаса бағдарша қара дөңгелекті болады. Мысалы, сызбанұсқадағы белгілеуі оқушының өз бетімен қиындықты жеңе алмайтынын көрсетеді. Мұндағы ЕША деген белгілеу есеп шартын анализдеу дегенді көрсетеді, ал ҚТ дегеніміз құбылысты түсіндіру.
Енді осыдан келіп біз былай тұжырымдауымызға болады. 1, 2 әдіспен ZnCl2 алу оқушыларға қиындық туғызбайды. Себебі оқушылар бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары тақырыбын өтіп кеткендіктен оны тез орындайды.
№8 Дәріс тақырыбы. Ауыспалы элементтер тақырыбына есептер
Мақсаты: Ауыспалы элементтердің периодтық жүйедегі орнын студенттердің есіне түсіріп, осыған байланысты жимиялық қасиетінің ерекшеліктерімен таныстыру. Химиялық ерекшеліктеріне байланысты есептерді шығару әдістемесімен таныстыру.
Жоспар:
1. Ауыспалы элементтердің периодтық жүйедегі орны.
2. Олардың ерекшеліктері
3. Ауыспалы элементтер тақырыбына есеп шығару әдістемесі
1-есеп. Қорғасын нитраты ерітіндісіне массасы 50г темір пластинка салынды. Біраздан кейін пластинканы ерітіндіден алып, кептіріп, өлшейді. Оның массасы 2,160г - ға артты. Алынған ерітіндінің 1грамынан күшті қышқылды ортада қорғасын сульфидін тұнбаға түсіргенде, 1г бастапқы ерітінді Pb(NO3)2 - нен тұнбаға түсіргеннен 1,5есе кем тұнба түзілді. ω(Pb(NO3)2) бастапқы ерітіндідегі анықта.
Б ерілгені: Шешуі:
mІ(Fe)пластинка = 50г 1әдіс: Алгебралық
mІІ(пласт)арт = 2,160г Бастапқы ерітіндідегі ω(Pb(NO3)2) = ω;
mІІ(тұнба)1,5 есе аз Онда m1(Pb(NO3)2) =50ω
mІ (тұнбадан) Реакция теңдеуін жазамыз:
ω(Pb(NO3)2) - ? Pb(NO3)2 + Fe = Fe(NO3)2 + Pb
Егер пластинкада 1 моль қорғасын бөлінсе пластинканың массасының артуы
м= mм(Pb) - mм(Fe)
Пропорцияны құрамыз:
1 моль Pb ----------- m151,34г
Хмоль Pb ---------- m 2,160г Х = 0,01427 моль
Ендеше 1,427·10-3 моль Pb(NO3)2 әрекеттесті немесе 4,726г. Алынған ерітіндідегі m(Pb(NO3)2) = (50ω - 4,726)г. Ерітіндінің жалпы массасы 2,160г азайды, ал платинка массасы 2,160г артты, яғни m2(ерітінді) = 47,84; ω2(Pb(NO3)2) = 50ω - 4,726)/47,84
Есеп шарты бойынша ω = 1,5ω2 = 1,5(60ω - 4,726)/47,84
ω = 1,568ω - 0,1482; ω = 0,26
Достарыңызбен бөлісу: |