Мақсаты: Өзбетіндік жұмыстар мен ойынның ролін түсінуін меңгерту. Ойын әдісінің әдістемесімен таныстыру.
1. Өзбетіндік жұмыстардың тиімділігі
2.ШЖБМ-те ойынның ролі
1. Өзбетіндік жұмыстардың тиімділігі Шағын жинақты мектеп оқушылары назарды тақырыпқа шоғырландыруымен, өзіндік жұмыс істеу білігімен ерекшеленеді.
Сабақтың жалпы құрылымы мынадай болуы мүмкін:
1-нұсқа: 1-кезең. Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.
2-кезең. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.
3-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.
4-кезең. Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс (қорытындылау).
2-нұсқа:
1-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс.
2-кезең. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.
3-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс.
4-кезең. Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс (қорытындылау).
Жоғарыдағы сабақ құрылымының сызбасында мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс барлық сыныпқа ортақ. Сабақтың бастапқы кезеңі ұйымдастырушылық кезеңнен тұрады: сабаққа көңіл аудару, тапсырмалар алу, сабақтың жоспары мен мақсатын хабарлау, алдыңғы өткен тақырыпты қайталау (терминдер мен сөз тіркестерін айтып түсіндіру, яғни оқу пәндерінің лексикасын меңгеру). Кейде жалпы оқу және интеллектуалдық біліктерді қалыптастыру бойынша түсіндірмелер беру, жаттығулар мен тапсырмаларды орындау: жоспарлау, нақты дереккөздерден алу.