Виртуалды тәжірибелік жұмыстардың химия пәнін оқытудағы тиімділігі С. А. Шитыбаев



бет1/2
Дата04.11.2023
өлшемі18,29 Kb.
#189546
  1   2
Байланысты:
Виртуалды тәжірибелік жұмыстардың химия пәнін оқытудағы тиімділігі
ғылыми 5 апта, DOC-20221003-WA0004, PRASENTATION 2

Виртуалды тәжірибелік жұмыстардың химия пәнін оқытудағы тиімділігі
С.А. Шитыбаев
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, химия ғылымдарының кандидаты
Қ.Н.Дауренбеков
Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының профессоры, химия ғылымдарының кандидаты
Г.Д.Есентуреева
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Қазіргі химиялық білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану химиялық оқу экпериментінің жаңа түрін – виртуалды эксперименттің пайда болуына әкелді. Осы себепті көптеген сұрақтар туындайды: виртуалды химиялық эксперимент деген не, оның қандай түрлері бар, виртуалды тәжірибелік жұмыстарды қайда және қалай пайдаланылады?
"Виртуалды" ұғымы " нақтылы мүмкін болатын, бірақ физикалық бейнесі жоқ" дегенді білдіреді; виртуалды шындық-компьютерлік құрылғылардың көмегімен нақты ортаға еліктеу; негізінен оқу мақсатында қолданылады; осыған байланысты виртуалды эксперимент кейде имитациялық немесе компьютерлік деп аталады.
Виртуалды тәжірибелік жұмыс деп химиялық үдерістер мен құбылыстарды демонстрациялау немесе модельдеу (үлгілеу) құралы ретінде компьютерлік техника қолданылатын химиялық оқу экпериментінің түрін айтады. Виртуалды эксперименттің ерекше анықтамасын И.С. Иванова ұсынды. Оның айтуынша, виртуалды эксперимент – зерттеу нысаны мен тәжірибелік қондырғылар ойша елестетін виртуалды кеңістікте болатын зертханалық жұмыстарды компьютерлік симуляциялау (бейнелеу) болып табылады.
Қазіргі химияны оқыту әдістемесінде виртуалды тәжірибелік жұмыстардың түрлері мен және оларды сабақтарда қолдану мәселелері іс жүзінде толық зерттелмеген. Әзірге виртуалды тәжірибелік жұмыстардың негізгі екі түрін бөліп алуға болады – виртуалды демонстрациялар (көрсетілімдер) және виртуалды зертханалар [1,2].
Виртуалды демонстрациялар (көрсетілімдер) –химиялық үдерістердің өту шарттарын және белгілерін имитация жасайтын, визуальды эффектілер туғызатын, компьютерде динамикалық бейнелерді қайталайтын, компьютер-лік бағдарлама. Мұндай бағдарлама оның жұмысын жүргізетін адамның алгоритмге араласуына мүмкіндік бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет