Химиядан күрделі есептерді шығару әдістері


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ТІЗБЕСІ



бет7/39
Дата20.09.2022
өлшемі1,73 Mb.
#150078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
күрделілігі жоғары химия есептері УМКД ХКЕША 2-семестр Х-31
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси
2. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ТІЗБЕСІ
2.1. Пән бойынша тапсырмалардың тапсыруы және кестенің орындалуы (сабақ кестесіне қатысты емес)




Тапсырма тақырыбы

ОСӨЖ өткізу формасы

Тапсырманы орындау мерзімі

күндізгі бөлім

1

Сандық есептер жүйесі

Эссе жазу

1-2 апта

2

Сандық есептің анализі

Сандық есептерді жүйелеу және сараптау жолдары (тірек сызба сыз)

3-апта

3

Сандық есептер шығарудың негізгі тәсілдері

8,9 сынып оқулығымен жұмыс
есептер шығару

4-5-апта

4

Сапалық есептерді шығарудың тәсілдері

8,9 сынып оқулығымен жұмыс есептер шығару

6-8-апта

5

Сандық есеп шығаруға үйретудегі әдістемелік ерекшеліктер мен принциптер

Мәнжазба

9-апта

6

Күрделі есептерді шығару әдістері мен тәсілдері

8,9,10,11 сынып оқулығымен жұмыс есептер шығару

10-12-апта

7

Күрделі есептерінің түрлері

Презентация жасау

13-15-апта

сырттай бөлім

1

Сандық есептер жүйесі

Эссе жазу

1-апта

2

Сандық есептің анализі

Сандық есептерді жүйелеу және сараптау жолдары (тірек сызба сыз)

2-апта

3

Сандық есептер шығарудың негізгі тәсілдері

8,9 сынып оқулығымен жұмыс
есептер шығару

3-апта



    1. Пәннің оқу әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі






Дәріс тақырыбы

Қолданылатын әдебиеттер

Кинофильм, диафильм, плакаттар, слайдтар

Электронды оқулық

1

Сандық есептер және олардың жіктелуі

1. Ерыгин Д.П., Шишкин Е.А. Методика решения задач по химии. – М.: «Просвещение», 1989.
2. Нұғыманов И. Химияны оқыту әдістемесі. – Алматы: «Рауан», 1993.
3. Кирюшкин Д.М., Полосин В.С. Методика обучения химии. – М.: «Просвещение»,1970.









2

Есептерді шығару принциптері мен әдістемелері







3

Химияның негізгі заңдары, атом құрылысы, химиялық байланыс тақырыптарына есептер







4

Термохимия тақырыбына есептер







5

Ерітінділер және ерітінділерде өтетін процестерге есептер







6

Сутегі мен оттегі тақырыбына есептер







7

Галогендер тақырыбына есептер шығару







8

Ауыспалы элементтер тақырыбына есептер







9

Маңызды бейорганикалық қосылыстарды өндірісте алу тақырыбына есептер







10

Органикалық химияның негізгі түсініктері тақырыбына есептер. Көмірсутектер тақырыбына есептер







11

Олимпиада есептерінің жіктелуі және олардың кейбір шығару жолдары







12

Қоспалар бойынша есептеулер







13

Газдардың көлемі мен массасының өзгеретін есептеулер







14

Күрделі есептердің типтері мен шығару әдістемесі







15

Тәжірибелік есептер







16

Оқушылардың олимпиадаға дайындалуының құрылымы








2.3 Дәріс кешені
1 дәріс тақырыбы: Сандық есептер және олардың жіктелуі
Мақсаты: Сандық есептер және олардың жіктелуімен таныстыру.
Жоспары:
1. Сандық есептер
2. Сандық есептерге қойылатын талаптар
3. Сандық есептердің жіктелуі
Сандық есептер шығару – химия ғылымының негізін меңгерудің маңызды бір бөлігі болып табылады. Теориялық түсініктеме алған оқушы есептер шығару мен жаттығулар орындау арқылы алған білімін пысықтап, толықтыра түссе, тәжрибелер жасау арқылы оны тереңддетіп, бекітеді. Сондықтан уақыт жетпейді деген желеумен химиялық есептерді бағдарламадан алып тастауға болмайды. Химиялық есептер шығару теорияны толықтырып, оның жақсы меңгерілуін қамтамасыз етеді. Оқу процесіне сандық есептер кіргізу, оқытудың мынадай дидактикалық міндеттерін шешуге мүмкіндік береді:

  • оқушыларды өз батімен белсенді жұмыс істеуге үйрету;

  • оқушылардың білімдері мен дағдыларын берік етіп қалыптастыру;

  • оқытуды өмірмен тығыз байланыстыру;

  • химияны оқыту барысында кәсіптік бағдарлау мәселесін шешу.

Оқытуды табысты жүргізу үшін оның негізгі дидактикалық мақсаттары – оқыту, тәрбиелеу, дамыту мәселелерінің бірлігін сақтау керек. Есептер шығару барысында заттар мен құбылыстар туралы түсініктерді жете түсіну және бекіту, алған теориялық білімді сапалы да орынды пайдалана алу машығы қалыптасады.
Оқытудың бұл әдісін пайдалану кезінде химия ғылымының негізгі түсініктері мен заңдары көп дүркін қайталанып, оларды түсіну және есте сақтау әлдеқайда жеңілдейді. Есеп шығарумен үнемі шұғылдану – оқушыларды еңбек сүйгіштікке, жауапкершілікке, табандылыққа және жігерлілікке үйретеді. Алға қойған мақсатқа жету үшін қайсарлылықты қалыптастырады, ақыл-ойы мен таным белсенділігі артады.
Табиғаттың біртұтастығына оқушы есеп шығару кезінде көзін жеткізеді, оның әр түрлі ғылым салаларынан алған білімін өзара ұштастыра, толығымен қолдануына мүмкіндік береді. Сандық есептерді шығаруда білім мен әрекеттің тұтастығы ойлаудың әр түрлі әдістерін (пайымдау, жіктеу, жүйелеу, дәлелдеу, қорытындылау) қалыптастырады.
Дамыта оқытуда есеп шығару ізденімпаздық пен іскерлікті жетілдіреді, сонымен қатар оқытудың бұл әдісі оқушылардың білімін бекітудің және тексерудің тез әрі тиімді тәсілі болып табылады.
Психологтар мен әдіскерлер есеп шығаруды ой әрекетінің жиынтығы деп қарастырады. Химиялық әдістемелік әдебиетте мектептің химия бағдарламасы бойынша оқушылар шығара алатын есептер түрлері ғылыми дәрежеде жүйелену үстінде.
Кейбір авторлар есептерді үлкен екі топқа бөледі:

  • сандық есептер;

  • сапалық есептер

Есеп шартында химиялық білім негізі қолданылмай, тек математикалық әрекет қана іаке асырылатын болса онды ондай есептерді тиімді деп есептеуге болмайды. Мысалы: «Суды заразсыздандыру үшін 1 литр суға 0,2 мг хлор жұмсалады. 1000л суды заразсыздандыру үшін қанша хлор қажет?» Мұндай есептерді математика сабақтарында шығаруға болады. Себебі мұндай есепті шығару үшін химиялық білім емес тек математикалық білім ғана қажет.
Осы есепті егер былай құрсақ: « 1000л суды хлорлауға қажетті хлордың (қ.ж.) көлемін анықтаңдар». Мұндай есепті шығару үшін Авогадро заңын қолданып «зат мөлшері», «мольдік көлем» деген түсініктер қолданылады.
Химияны оқыту әдістемесінде осы екі типтен басқа аралас есептер де кезедеседі. Сандық есептер есептеуге байланысты болса, сапалық есептер бақылауға, нақты заттарды алуға, заттарды тануға, берілген қоспадағы қандай да бір қосылыстың бар екенін анықтауға негізделген. Аралас есептерде бірінші және екнші топтың элементтері бірлесіп келеді.
Әдістемелік әдебиеттерде және арнайы оқу құралдарында сандық есептерді жіктеудің бір ізге түсірілген жүйесі кездеспейді. Бір автордың өзі сандық есептерді әр түрлі негізге сүйеніп жіктейді. С. Г. Шаповаленко оқу материалының сипаты (заң, теория, ұғым), түрі (ерітінділер) және символикасы (химиялық формула, теңдеу) бойынша сандық есептерді жеті типке бөледі.
І тип. Тәжрибе мәліметтері, масса сақталу заңы және құрам тұрақтылық заңы бойынша есептеулер.
ІІ тип. Заттың қарапайым және нағыз формуласын табу.
ІІІ тип. Химиялық формула бойынша есептеулер.
ІV тип. Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер.
V тип. Ерітінділер әзірлеуге, ерігіштікті анықтауға есептер.
VІ тип. Газдар тақырыбына есептер.
VІІ тип аралас есептер.
Есептерді жіктеуді бір енгізге келтіру үшін химияның зерттеу нысандары немесе оларды бейнелейтін химияның тілі тұрғысынан қарауға болады, мысалы: 1) затпен байланысты есептеулер; 2) химиялық реакциялармен байланысты есептеулер, 3) ерітінділермен байланысты есептеулер. Заттың сандық және сапалық көрсеткіштері химиялық формула арқылы, химиялық реакциялардың сандық сипаттамалары химиялық теңдеулер арқылы, ерітінділердің негізгі ұғымдары терминдер (ерігіштік, еріген заттың массалық үлесі, мольдік қанықпа, т.б) арқылы берілетін болғандықтан келтірілген типтерді басқаша айтуға болады: 1) химиялық формулалар бойынша есептеулер; 2) химиялық теңдеулер бойынша есептеулер; 3) химиялық терминдер (ұғымдар бойынша есептеулер. Шын мәнісінде есептеулер нысандардың өздері арқылы емес оларды белгілейтін формула, теңдеу және термин арқылы жүзеге асады.
Сандық есептердің әр типі әрі қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Мәселен формула бойынша есептеулердің түрлері: а) заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу; ә) заттағы элементтердің масалық үлесін есептеу; б) зат құрамындағы элементтердің массаларының қатынасын табу; в) заттың абсолюттік массасын табу; г) егер зат газ болса салыстырмалы тығыздығын табу; д) газдың абсолюттік тығыздығын табу; е) химиялық формуласын табу және т.б.
Кейде химиялық есептерді шығармашылық есептер және қиындатылған олимпиада есептері деп те жіктейміз.
Кейбір авторлар есеп шығарғанда қолданылатын білім элементтеріне орай есептерді жай, күрделі және аралас есептер деп те бөледі.
Химиялық есептер оқушы ойын дамытуға көмектеседі. Есеп шығару кезінде оқушылардың талдау мен жүйелеуге, айырмашылықты көре білуге негізделген, абстрактілеу, нақтылауға бағытталған байланысты ойлау әрекеті дамиды.
Талдау мен жүйелеу есеп шартымен алдын ала жұмыс істеген кезде іске асады. Алғашында оқушы есептің шартын аса жақсы қабылдамайды. Талдау нәтижесінде тетіктің кейбір жерлері ғана белгіленеді. Осыдан кейін барып терең талдау жүргізіледі. Есеп бойынша алынған мәліметтер арасындағы байланыстар анықталады. Талдау соңынан жүйелеу және синтез жүргізіледі. Сонда оқушы есеп шартын толық түсініп пайымдайды. Абстрактілеу нақты сандық мәндерден әріптік белгілеуге көшкен кезде іске асады.
Мектеп сарамандығында сандық есептерді шығаруда көптеген кемшіліктерге жол беріледі. Уақыт жетіспейді деген сылтаумен сандық есептер аз шығарылады. Көбінесе сандық есеп шығарудың тек бір тәсілі пропорция ғана қолданылады. Математиканың амалдары, физикалық шамалар және олардың белгілеулері тиімді пайдаланылмайды. Есептің химиялық жағын жан-жақты талдап, нақтылы түсінуге жете назар аударылмайды.
Осы аталған кемшіліктерді болдырмау үшін сандық есептерді химияны оқыту барысына енгізу, шешу тәсілдерін және әдістерін меңгеру керек.

2 Дәріс тақырыбы: Есептерді шығару принциптері мен әдістемелері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет