Химиядан күрделі есептерді шығару әдістері


-есеп. Темір (II) сульфатының 20г 5%-тік ерітіндісіне натрий гидроксидінің 20г 8%-тік ерітіндісі қосылды. Түзілген тұнбаның массасын табыңдар. Шешуі



бет16/39
Дата20.09.2022
өлшемі1,73 Mb.
#150078
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
күрделілігі жоғары химия есептері УМКД ХКЕША 2-семестр Х-31

4-есеп. Темір (II) сульфатының 20г 5%-тік ерітіндісіне натрий гидроксидінің 20г 8%-тік ерітіндісі қосылды. Түзілген тұнбаның массасын табыңдар.
Шешуі: Берілгені: FeSО4 ерітіндісінің m = 20г w% = 5.
N
аОН ерітіндісінің m = 20г w% = 8.
1. Әр ерітіндідегі еріген заттың массасын табамыз.


2
. Реакцияға кіріскен заттардың моль сандарын табамыз.
3. Реакция теңдеуіне қарап кайсы заттың артық алынғанын табамыз.
FeSО4 + 2NаОН = Ғе(ОН)2 + Nа24
152 80
сілті артық алынған. Сондықтан түзілген гидроксидтің массасын темір сульфаты бойынша есептейміз:
1 моль FeSОч - тен – 1 моль Ғе(ОН)2
0,006 моль - х моль Ғе(ОН)2 түзіледі.
х = 0,006 моль (Ғе(ОН)2) m = 90г/моль∙0,006 = (),54г.
4. Жауабы: Түзілген тұнбаның массасы – 0,54г.

6 Дәріс тақырыбы: Сутегі мен оттегі тақырыбына есептер


Мақсаты. Сутегі мен оттегі тақырыбына есептер шығаруға жаттықтыру.
Жоспар:
1. Сутегі және оттегінің химиялық қасиеттері мен ерекшеліктері.
2. Осы тақырыпқа берілген есептер түрлері
3. Есептерді шығару әдістемесі
Сутегі
Сутегі - периодтық жүйенің бірінші элементі. Сутегі атомының құрлысының ерекшелігі. Сутегі изотоптары(протий,дейтерий,тритий). Сутегінің таралуы, табиғатта кездесу формасы. Молекулалық және атомды. Сутегі, физикалық, химиялық қасиеттері. Сутегіні зертханада және өндірісте алу тәсілдері. Сутегімен жұмыс істеу қауіпсіздік техникасын сақтау. Сутегіні қолдану.
Гидридтер - сутегінің металдармен, бейметалдармен қосылысы. Гидридтердің әр түрлілігі. Қасиеттері. Гидридтердің алынуы, қолданылуы.
Су сутегінің маңызды қосылысы. Судың биосферадағы рөлі. Судың термиялық айырылуы. Суды тазарту мәселесі. Жай және ауыр судың физикалық химиялық қасиеттері.
Оттегі.
Оттегінің жердегі биологиялық және минералдық процестердегі рөлі. Оттегінің периодтық жүйедегі орны. Оттегінің атом ядросы мен электрондық қабығының құрылысы. Оттегі изотоптары. Оттегінің таралуы. Оттегіні зертханада, өндірісте алу. Молекулалық оттегінің физикалық, химиялық қасиеттері. Оттегіні зертханада, өндірісте алу. Оксидтер мен гидроксидтер, оттекті қышқылдар мен олардың тұздары.
Пероксидтер мен асқын пероксидтер, оларды алу, қасиеттері,қолданылуы. Озон, оның қасиеттері, қолданылуы.
1-есеп. 4,6г натрий мен 62,5мл 95,5% этанол (ρ=0,8г/мл) әрекеттескенде бөлінген сутегі көлемін анықтаңдар. Түзілген ерітіндідегі ерітен заттың масалық үлесін анықтаңдар.
Бұл жерде қиыншылық мынадан туып отыр. Натрий бір мезетте сумен де спиртпен де әрекеттеседі. Қай жағдайда болмасын 1моль әрекеттескен натрийге сәйкес 1/2моль Н2 бөлінеді. Есеп шарты бойынша осыған сәйкес 0,1моль Н2 бөлінеді. (2,24л қ.ж). Түзілген ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін анықтау қиындық туғызады.

2Na + 2C2H5OH → 2C2H5ONa + H2


Натрий спиртпен әрекеттескенде натрий этилаты, ал натрий сумен әрекеттескенде NaOH түзіледі,
2Na + 2H2O → 2NaOH + H2
Сулы ортада C2H5ONa натрий гидроксидіне дейін гидролизденеді, дегенмен спирттің артық мөлшерінде кері реакция жүреді (негізінде тепе-теңдік орнайды):
C2H5OH + NaOH ↔C2H5ONa + H2О
C2H5OН пен Н2О массасы мен мөлшерін есептейміз (бастапқы жүйеде).
m(C2H5OН) = 62,5· 0,95 = 47,75г
m0(ерітінді) = 62,5· 0,8 = 50г; m(Н2О) = 50 – 47,75 = 2,25г

ν(Н2О) < ν(Na) < ν(C2Н5ОH), су Na-мен толық әрекеттесті деп есептеуге болады, ал Na-дің артық мөлшері спиртпен этилат түзеді.
Реакция нәтижесінде
ν(NaОН) = ν(Н2О) = 0,125моль
m(NaОН) = 0,125· 40 = 5г
Спиртпен 0,2 - 0,125 = 0,075моль натрий әрекеттесіп 0,075моль C2H5ONa түзілді.
m(C2H5ONa) = 0,075· 68 = 5,1г
Реакциядан кейінгі ерітінді массасы:
m 2(ерітінді) = m0(ерітінді) + m(Na) – m(Н2) = 50 + 4,6 – 0,2 = 54,4г
m(Н2) = 0,1моль · 2г/моль = 0,2г
Түзілген ерітіндідегі
m(C2H5ONa) = 54,4 - m(C2H5ONa) - m(NaОН) = 44,3;
ω(NaOH) = 5/54,4 = 0,092(9,2%)
ω(C2H5ONa) = 5,1/54,4 = 0,093(9,3%)
ω(C2H5OH) = 44,3/54,4 = 0,814(81,4%)
2-есеп. Н2О2 ерітіндісінің жартылай ыдырауы нәтижесінде ерітінді массасы 10% азайып 32,5% сутегі пероксиді ерітіндісі түзілді. Бастапқы ерітіндідегі Н2О2 массалық үлесін есептеп, Н2О2-нің қандай бөлігі ажырағанын анықта (суды буланғанын есепке алмаймыз).


1-әдіс: Бастапқы ерітінді массасы 100г болсын. Реакция нәтижесінде 10г оттегі (О2) бөлінсе реакциядан соң, m2(ерітінді) = 90г болды.
m22О2) = m2(ерітінді) · ω(Н2О2) = 90 · 0,325 = 29,25г
Н2О2 – нің айырылу теңдеуінен пропорция құрамыз
68г Н2О2 ------------ 32г О2
Хг ------------ 10г О2
Бастапқы ерітіндідегі Н2О2 массасы:
21,25 + 29,25 = 50,5г
ω12О2) = 50,5/100 = 0,505
Ажыраған Н2О2 массалық үлесі:
ωр = 21,25/50,5 = 0,42


2-әдіс: Түзілген ерітіндіде 1моль Н2О2 болсын, сонда ерітінді массасы :
m2(ерітінді) = mм 2О2)/ω(Н2О2) = 34/0,325 = 104,6
Реакцияға дейінгі Н2О2 ерітіндісінің массасы 104,6/0,9 ≈ 116,2г
Бөлінген О2 массасы : 116,2 -104,6 = 11,6г
Хг 11,6г
2О2 → 2Н2О + О2
68г 32г Х = 24,7г
Бастапқы ерітіндідегі Н2О2 массасы 24,7 + 34 = 58,7г
ω12О2) = 58,7/116,2 ≈ 0,505
ωерітінді = 24,7/58,7 = 0,42


3-әдіс: Алынған ерітіндінің массасы 100г делік, ондағы Н2О2-нің массасы 32,5г
Реацияға дейінгі ерітінді массасы: 100/0,9 = 111,1г
Бөлінген О2 массасы : 111,1 - 100 = 11,1г
68/Х = 32/11,1 Х = 23,6г бөлінген О2-мен реакция теңдеуі бойынша Н2О2 –нің массасы
Бастапқы ерітіндідегі Н2О2 массасы
m12О2) = 56,11/111,1 = 0,505г
ωразл 2О2) = 23,6/56,1 = 0,42


4-әдіс: 1моль Н2О2 айрылды деп есептейік. Сонда масса өзгерісі 16г
Н2О2 → Н2О + 1/2О2
1моль
m1(ерітінді) = 16/0,1= 160г m2(ерітінді) = 160 – 16 = 144г
m22О2) = 144 · 0,325 = 46,8г m12О2) = 46,8 + 34 = 80,8г
ω12О2) = 80,8/160 = 0,505 ωразл 2О2) = 34/80,8 = 0,42
1мольге шағып есептеген тиімді екенін көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет