Қорытынды жұмыс Қорытынды жұмысты ұйымдастырушылық жағы Жоғарыда айтылғандай 8 – сынып олимпиадасын оқу жылының аяғында өткізген дұрыс. Ол үшінкелесідей жұмыстар өткізу керек:
8 – сынып есептерінің комплектерін сырттай және іштей турларға дайындау, есептерді бағалау жүйесін құру;
Олимпиадаға дайындық барысында негізгі іс – шаралардың жоспарын дайындау;
Олимпиада өткізудің регламентін дайындау (өткізу мерзімі, қатысушылар саны, олимпиада программасы (кезеңдердің саны), жюри құрамы, жұмыстарды көрсету мен тексеру жүйесін құру, қорытындылау және марапаттау).
Қорытынды жұмыстың әдістемелік жағы
Олимпиадалық есепке 4-5 шарт қою. Ол есептің қиын есептен қандай ұқсастықтары мен айырмашылығы бар.
Олимпиадалық есептердің анализін дайындау: есептер химияның қай бөліміне сәйкес келеді, есеп қай типке (сандық немесе сапалық) жатады.
Есеп шығару мынадай басты мақсатқа бағынуы қажет: оқытылатын химиялық білімге айналуы және химиялық құбылысты зерттеу барысында логикалық ойлауды дамытуы.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін
4-әдіс. Пропорция құру.
Бұл әдіспен есеп шығару үшін оқушыларда пропорция туралы түсінік болуы керек. Химиялық есеп шығару барысында келесі сатылвр жүзеге асады:
1) шамалар арасындағы пропорционалдық тәуелділікті анықтау;
2) пропорция құру;
3) пропорцияны шығару.
2.4 Білім алушылардың жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары 1. Өздік бақылаудың жазбаша тапсырмалары 1. Есептер және олардың жіктелуі
2. Есеп шығару әдістемелері
3. Параллель жүретін бірнеше реакция теңдеулері бойынша есептеулер
4. Химиялық реакциялардың жылдамдығы
5. Химиялық тепе – теңдік. Ле – Шателье принципі
6. Тотығу – тотықсыздану реакциялары
7. «Эквивалент» және «нормальдық» ұғымдарының осы күнгі мағынасы. Эквиваленттер заңы.
8. Химиялық формула бойынша заттың салыстырмалы молекулалық массасын және заттағы элементтің массалық үлесін есептеу.
9. «Зат мөлшері», «Авогадро саны» ұғымдарын қолдануымен шығарылатын есептер. Заттың мольдік массасын есптеу.
10. Химиялық теңдеулер бойынша есептеу.
11. Ерітіндідегі заттың массалық үлесі мен массасын есптеу.
12. «Мольдік концентрация» ұғымын қолданумен шығарылатын есептер.
13. Газдардың мольдік көлемі. Авогадро заңы.
14. Химиялық теңдеу бойынша реакцияласатын немесе реакция нәтижесінде түзілетін бір заттың мөлшері бойынша газдар көлемін есептеу.
15. Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу.
16. Химиялық теңдеулер бойынша газдардың көлемдік қатынастарын есептеу.
17. Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер, егер бір зат артық мөлшерімен берілсе.
18. Өнімнің шығуының теориялық мүмкіндігімен салыстырмалы массалық немесе көлемдік үлесін есептеу.
19. Термохимиялық теңдеулер бойынша есеп шығару.
20. Құрамында қоспалар бар бастапқы заттың белгілі массасы немесе көлемі бойынша өнімнің массасын немесе көлемін есептеу.
21. Газ күйіндегі заттардың молекулалық массасын есептеу.
22. Сапалық анализге арналған тәжірибелік есептерді шешу әдістемесі
23. Сан есептерін шығару әдістері
24. Олимпиада есептерін шығару
25. Оқушыларды олимпиадаға дайындаудағы әдіснамалық негіздер
26. Олимпиаданың түрлі кезеңдеріне дайындалуда қолданылатын жаңа педагогикалық техногияларды пайдалану
27. Оқушылардың олимпиадаға дайындалуының құрылымы
28. Оқушыларды олимпиадаға дайындау тактикасы
29. Олимпиада есептерін құрастыруға әдістемелік шарттар
30. Химиялық есеп шығаруға үйретудегі әдістемелік принциптер.