Химиядан күрделі есептерді шығару әдістері



бет33/39
Дата20.09.2022
өлшемі1,73 Mb.
#150078
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
күрделілігі жоғары химия есептері УМКД ХКЕША 2-семестр Х-31

3-мысал. Массасы 85,55г ақ ұнтақты колбаға салып, үстіне тұз қышқылы 20%-тік ерітіндісінің артық мөлшері кұйылды. Ұнтақ реакцияға толық түскенде жануды қолдамайтын газдың 13,4л бөлінді, оның гелий бойынша тығыздығы 11. Газдан басқа мөлдір ерітінді түзілді. Осы ерітіндіге натрий сульфаты ерітіндісінің артық мөлшерін қосқанда 46,68г ақ тұнба түзілді. Бұл тұнбаны көмірмен қосып қыздырғанда ақ түсті зат түзілді. Оған тұз қышқылын кұйғанда ауа бойынша тығыздығы 1,17 сасық иісті газдың 4,48л алынды.
Бастапқы ақ ұнтақты суда еріткенде массасы 31,80г кемиді Суда ерімеген тұнбадан тұз қышқылы 6,72л бастапқы газды бөліп шығарады. Ақ ұнтақтың сапалық және сандық құрамын анықтаңдар.
Шешуі: Бұл есептің берілгенін көрнекті түрде былай жазуға болады.
85,55г 13,44л D = 11
1. Ақ Ұнтақ + 20% НСl → жанбайтын газ + ерітінді
46,68г
2. Ерітінді +24 → ақ тұнба
3. Ерітінді + С → ақ зат
4,48л, Dауа = 1,17
4. Ақ зат + НСІ → сасық газ
5. кеміді.
6,72л
6. Ерімеген қалдық + НСІ → бастапқы газ
7. Бастапқы ақ ұнтақтың сапалық және сандық құрамы қандай?
Есептің мазмұнын көрнекі жазу арқылы талдап, бастапқы ақ ұнтақты ең кемі үш карбонаттың қосындысынан тұратынын жорамалдаймыз. Оған көз жеткізу үшін тұз қышқылымен әсер еткенде бастапқы ақ ұнтақтан бөлінген жанбайтын газдың молекулалық массасын табамыз.
1. а/ Мr жанбайтын газ = 11∙4 = 44. Б9л көмір қышқыл газына сәйкес келеді (СО2).
ә/ Бөлінген СО2-нің моль санын табамыз:

2. Осыған ұқсас тәсілмен иісі бар газдың салыстырмалы молекулалық массасын және моль санын табамыз.
Мr = 29 1,17 = 34. Бұл Н2S – ке сәйкес келеді.


  1. Ерімейтін карбонатты екінші топ металына тиесілі деп жорамалдасақ, Н2S-тің бөліну реакциясының сызба нұсқасы:

Сызба нұсқаға қарағанда 0,2моль күкіртсутек бастапқы карбонаттың 0,2молінен бөлінеді.
Карбонаттан түзілетін сульфаттың зат мөлшері де 0,2моль екендігі де сызбанұсқадан көрінеді.
4. а) Сонымен сульфаттың массасы және моль саны белгілі, соларға сүйеніп мольдік массасын табамыз:

ә) Табылған мольдік массадан сульфат ионының массасын шегеріп тастаймыз.
m(SО42-) = 96г.
m(катион) = 233,4г – 96г = 137,4г. Бұл барий металының катионына сәйкес келеді. Демек, сульфатқа айналған карбонат – барий карбонаты.
5. Бастапқы қоспадағы барий карбонатының массасы. m(ВаСОз) = V∙М = 0,2моль ∙ 197,4г/моль = 39,48г
6. а) Сызбанұсқаның 1-ші және 6-шы бөліктеріндегі айырмадан еритін карбонаттың моль санын табамыз:

ә) Осы карбонаттың мольдік массасы

б) Катионның мольдік массасы. Егер еритін карбонат 1-ші топқа жатады немесе аммоний деп жорамалдасақ

Бұл натрий катионының массасына сәйкес келеді.
в) Сонымен ақ ұнтақтың құрамындағы екінші карбонат - Nа23. Оның қоспадағы массасы: 31,80г.
Есептің шартындағы 5 бөлікте берілген.
7. а) Үшінші карбонаттан бөлінген көмір кышқыл газының
моль санын табамыз.
0,6моль - (0,2моль + 0,3моль) = 0,1моль СО2
ә) Бұл карбонатты массасы (карбонат) = 88,55г - (39,48 + 31,80) = 14,27г.
б) Карбонаттың мольдік массасы

в) Карбонаттағы металдың үлесі: (металл катионы) = 142,7г-60г = 82,7г.
т.б. катиондарды саралағанда мұндай массаға сәйкес келетіні табылмайды. Ендеше оны негіздік карбонат шығар деп жорамалдауға болады. Бірінші топ металдары негіздік карбонат түзбейді. Екінші топ металдарының негіздік қарбонатының формуласы (МеОН)2СО3. Мұндағы (ОН)2-нің үлесі .
Ендеше m(Ме) = 82,7г – 34г = 24,3г. Бұл магний металының катионына сәйкес келеді. Жауабы: Бастапқы 85,55г ақ ұнтақта 39,48г ВаСО3, 31,80г Na23, 14,27г (МgОН)2СО3 болған.
Бұл есепті шығару карбонат, сульфат және сульфит түздарының және газдардың қасиеттеріне негізделген. Олардың арасында жүруі мүмкін құбылыстарды бағдарлау үшін аса күрделі ойлау процесі жүзеге асады. Бірнеше жорамалдар жасауға тура келеді. Олардың ақиқаттығы берілген сандық мәліметтерге сүйеніп есептеулер жүргізу арқылы дәлелденеді. Осыған орай орта мектепте кездесетін есептердің барлық типтерін шығару тәсілдері іске қосылады. Бір есеп арқылы оқушының әр саладағы химиялық білімі, дағдысы, сонымен бірге ойлау қабылеті, тапқырлығы және табандылығы да сыналады. Мұны негіздік карбонаттың күрделі катионын табу процесінен айқын көруге болады. Негіздік тұздардың кұрамы жөнінде нақтылы білімі жоқ оқушы есептің бұл бөлігін шеше алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет