Шешуі: А, Б ВГ (1)
Есеп шарты бойынша
Mr (Г) = 2,7931 Mr(В)
MГ= 2,7931MВ (2)
В заты гидросульфитті туынды түзеді. Сондықтан ол карбонилді қосылыс – альдегид не оған изомерлі кетон екенін тұжырымдаймыз. Есепті альдегид үшін жүргіземіз. Себебі оның молекулалық формуласы мүмкін болатын кетонмен бірдей:
(3)
MВ= MR + 29 г/моль MГ= MR + 133 г/моль
MR=х г/моль деп белгілеп, (2) теңдеу бойынша:
x + 133 = 2,7931 (х + 29)
x + 133 = 2,7931х + 81
1,7931х = 52
x = 29
R - CaHb MR=(12a + b) г/моль
12a + b = 29, b ≤ 2a + 1
Егер а = 1 болса, b = 17 – мұндай болуы мүмкін емес.
Егер а = 2 болса, b = 5. Онда R – C2H5,ал альдегидтің формуласы – C2H5 – CHО.
Егер а ≥ 3 болса, MR> 29.
Сонымен, В–молекулалық формуласы C3H6О болатын кабонилді қосылыс – ацетон немесе пропион альдегиді.
Ацетонды пропанол-2-ні тотықтыру арқылы ғана алуға болады. Тотығу процесінен кейін ерітіндіде бір ғана зат қалу үшін қоспадағы А заты – пропанол-2, ал Б заты – ацетон (Б мен В бірдей) болу керек. Ацетон тотығу процесіне пропанол-2-ден қиын ұшырайды.
Қорытынды: В заты – ацетон.
Пропион альдегидін пропанол-1-ді тотықтыру арқылы алады, бірақ ол өзі спирттен гөрі оңайтотығады. Түзілген альдегидті айдау арқылы әрі қарай тотығу процесін болдырмауға болады. Төмен температурада тотығу процесінен кейін ерітіндіде натрий гидросульфитімен әрекеттеспейтін карбон қышқылы болады.
Қорытынды: пропион альдегиді есеп шартына сәйкес келмейді.
Сонымен, А – пропанол-2, Б және В – ацетон.