ІV модуль. Оқушылардың олимпиадаға дайындалуының құрылымы №16. Дәріс тақырыбы: Оқушылардың олимпиадаға дайындалуының құрылымы Жоспары: 1. Оқушылардың олимпиадаға дайындалуының құрылымы
2. Оқушыларды олимпиадаға дайындау тактикасы
3. Олимпиада есептерін құрастыруға әдістемелік шарттар
Әр оқушыға индивидуалды келуінің және психологиялық тренингтің ролі Қазақстан бойынша өткен
Жоғары дәрежедегі олимпиадалардағы жеңімпаздардың ұстаздарының әдістемелік тәжірибелерін біріктіріп, мынадай екі дайындау түрін ерекшеледік:
мектеп бағдарламасынан тыс материалдан келетін стандартқа сай емес есептерді берумен (оқушыларды әдетте мектеп оқулығынан тыс берілген есептер қызықтырады. Олар өздері есеп шығару әдістерін түрлендіріп шығарғысы келеді) олардың қызығушылығын арттыру.
Олимпиада қатысушыларының әр қайсысына жеке-жеке көңіл бөлу, оқушының бірқалыпты дамуына көмек беру (дайындыққа қажет әдебиеттерді беру, интнрнет сайтына сілтеме беру, ғылыми – консультантты табуы керек, т.с.с. ұстаз химияны бүге-шүгесіне дейін біле алмайды және білуі мүмкін емес), оқушының жеке-тұлғасын дамытуы, оқушыда әдістемелік білімді дамытуы керек.
Оқушының өзіндік жұмысын жоспарлай отырып, оған бағыт беру керек. Мысалы,
1. Әр түрлі олимпиада кезеңдерінің материалдарымен
2. ЖОО оқулықтарымен
3. Арнайы әдебиеттермен жұмыс жасау керек.
Сонымен қатар оқушының физика және математика пәндеріне дайындығына да көңіл бөлеміз. Оқушының тек химиядан ғана емес математика мен физикадан да негізгі білімдері болғаны жөн. Химияны осы ғылымдарсыз жетік меңгеру мүмкін емес.
Оқушының көзқарасын, ойлау ықшамдығын, логикасын дамыту қажет. Оқушыға жаңа білім алудың оңай жолдарын көрсетіп, есептерін өзіне тексертуге еркіндік беріп, сол жауапқа қалай жеткенін өзіне ұғынуға мүмкіндік берген абзал.
Олимпиаданың әр кезеңінде оқушылардың «қап, есептің берілгенін түсінбедім»-деген сөздерін жиі естиміз. Жасөспірімдерге жинақылық пен назарын дәлдеу жетіспейді. Көңілдері болмашы нәрсеге бөлініп кетеді. Мұның басты себебі есеп шығаруға берілген уақыт тығыздығы. Оқушы есепті тез шығаруым керек деп есептің мазмұнына дұрыс көңіл бөлмейді. Сондықтан оқушыға берілгенін оқығанда сақ болуын ескерту керек. Мысалы көптеген есептерде заттың молекулалық формуласын табу үшін зат мөлшері беріледі. Ал кей кезде мольдік көлем арқылы да беріле алады. Осылайша оқушылар оңай шатасып, есептің шығару барысы және жауабы қате шығады.
Бірақ мұндай есептер баланың назарын жаттықтыруға жақсы.