Химиядан күрделі есептерді шығару әдістері


Олимпиада кезінде сандық мәліметтері болмайтын сапалық есептерде беріледі



бет34/39
Дата20.09.2022
өлшемі1,73 Mb.
#150078
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
күрделілігі жоғары химия есептері УМКД ХКЕША 2-семестр Х-31

Олимпиада кезінде сандық мәліметтері болмайтын сапалық есептерде беріледі
4-мысал.
Е Д Г

А Б В



Берілген сызбанұсқадағы әріптер орнына бір элемент қосылыстарының формулаларын жазыңдар. Олардың арасындағы реакциялар стрелкада көрсетілген бағытта жүретін болуы тиіс. Реакциялардың жүзеге асу жағдайын көрсетіңдер.
Шешуі: Бұл есептің алынған элементіне қарай бірнеше шешімі болуы мүмкін. Мысал ретінде мыс элементін алғанда әріптер орнына мынадай формулалар қоюға болады.
CuCl2 Cu(OH)2 Cu(NO3)2
Cu CuO CuSO4

Осындай өзгерістер басқа элементтер қосылыстарының арасында да жүреді. Қойылатын басты талап - химиялық реакция іс жүзінде жүзеге асып ақырына дейін жүретін болуы керек. Келтірілген мысал бейорганикалық косылыстар арасындағы генетикалық байланысқа құрылган. Сондықтан 8-сынып оқушыларына берілген болатын.


5-мысал. Үш элемент берілген — А,Б,В. А мен В – ның қосылысы суда еріп лакмусты көк түске бояйды. А мен В қосылысы суда ерігенде жанғыш газ түзеді. Үшеуінің қосылысы суда ерімейді. Су мен бірге Б мен В – нің қосылысы әсер еткенде ериді. А,Б,В - қайсы элементтер?
Шешуі: Есептің шартында берілгендерді көрнекі түрде символиканың жәрдемімен былай жазуға болады.
1. хА + zB → АхВz + Н2О → Лакмус көгереді.
2. хА + уБ → АхБy + Н2О → Жанатын газ.
3. хАуБzВ + Н20 → ерімейді.
4. хАуБzВ + БуВz + H2O → ериді.
Есеп бірнеше жорамал жасау арқылы шығарылады.
1. Металл оксидінің судағы ерітіндісі лакмусты көгертеді. А мен В – ның біреуі оттегі, екіншісі металл.
2. Қайсысы металл екенін анықтау үшін А мен Б қосылысының сумен әрекеттескенде жанғыш газ түзетінін ескеру қажет. Металдардың бейметалдармен қосылыстарының ішінде сумен әрекеттескенде жанатын газ түзетіндерінен оқушыларға кальций карбиді белгілі.
СаС2 + 2 Н2О → Са(ОН)2 + С2Н2
Бұл мәліметтерге қарағанда А элементі кальций, Б – көміртегі, В – оттегі. Осылай екенін кейінгі мәліметтер растай түседі.
Үшеуінің қосылысы СuСО3 суда ерімейді. Б мен В – ның қосылысы СО2. Демек, СuСО3 су және көмір қышқыл газының әсерінен ериді:
СаСОз + СО2 + Н2О → Са(НСО3)2
Жауабы: А – кальций, Б – көміртегі, В – оттегі.
Химиялық олимпиада оқушылардың таным белсенділігін, ақыл – ойын және дербестігін тәрбиелеуде маңызды роль атқарады. Оған қатысатын оқушылар өзін – өзі баптай білуі керек.
3. Оқушыларды олимпиадаға дайындаудағы әдіснамалық негіздер
Олимпиаданың түрлі кезеңдеріне дайындалуда қолданылатын жаңа педагогикалық техногияларды пайдалану
Қазіргі кезде педагогикалық технологияны (ПТ) нақты педагогикалық мәселелерді (есептерді) шешетін бағытталған бірқалыпты, бір-бірімен тығыз байланысты педагогтық іс-әрекеті деп түсінеді.
Педагогикалық технология (ПТ) дегеніміз – белгілі оқытушылық нәтижеге жеткізетін іс-әрекетті ойластырып, ұйымдастырылуына негізделген әрекет.
Айта кететін бір жайт, педагогикалық технология (ПТ) кезінде педагогтың жеке тұлғасы жан-жақты айқындалады.
Олимпиада – бұл сабақтан тыс оқыту формасы. Олимпиадаға дайындық (педагог) ұстаз үшін эксперименттік жұмыстың бай (үлкен) қоры. Барлық творчествалық жаңалықтар, әдістемелік жұмыстар педагогикалық практикаға кірістіріліп үлкен нәтиже әкелуі мүмкін.
Кез келген педагогикалық технологияның (ПТ) негізінде олимпиадаға дайындалып жүрген барлық оқушылардың әрқайсысымен жеке жұмыс жасап, өзіндік жұмыстарға көп көңіл бөлу керектігі жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет