Химиядан күрделі есептерді шығару әдістері



бет36/39
Дата20.09.2022
өлшемі1,73 Mb.
#150078
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
күрделілігі жоғары химия есептері УМКД ХКЕША 2-семестр Х-31

Мысалы
1 есеп. (Ломоносов – 2005 олимпиадасының есебі)
Құрамында 16,67% көміртектен, 41,67% сутектен және 8,33% (мольмен) азоттан және оттегіден тұратын қосылыс берілген. Бұл қосылыс тұз болып табылады.

  1. Қосылыстың қарапайым екенін ескеріп, оның молекулалық формуласын табыңдар.

  2. Қосылыстың атын атаңдар.

Шешуі:

  1. Оттегінің көлемдік үлесін тауып алайық:

x(O) = 100 - 16,67 - 41,67 - 8,38 = 33,33%
Қосылыстың брутто-формуласын былайша өрнектей аламыз: CxHyNzOk
x : y : z : k = 16,67 : 41,67 : 8,33 : 33,33 = 2 : 5 : 1 : 4
Бұдан брутто – формуласы келесідей болады - C2H5NO4
Есеп шарты бойынша бұл қосылыс тұз болғандықтан, катион ретінде тек қана NH4+ бола алады, демек қышқылдың қалдығына 1 атом сутегі, 2 атом көміртегі және 4 атом оттегі сәйкес келеді. Қосылыстың молекулалық формуласы NH4HC2O4-

  1. Аммоний гидрооксалаты.

Газ қосылыстарына әдетте көлемдік үлес беріледі. Бірақ массалық үлес те беріле алады!
2 есеп. (Ломоносов – 2005 олимпиадасы)
Үш көлемді газдық қоспада азот пен көміртек (II) оксидінің массалық үлестері сәйкесінше 10,00% және 15,00%, үшінші компоненттің көлемдік үлесі 72,41%. Газ қоспасының үшінші компоненттік және қоспаның орташа молекулалық массасын табу керек (Морт).
Шешуі:
Егер қоспаның массасын 100 г деп алатын болсақ, оның құрамында
Үшінші бөлігінің молі .
Авогадро заңына сәйкес газ қоспасының құрамындағы бөліктердің көлемдік үлестері (φ) мольдік үлеске () сәйкес келетінін дәлелдеу қиын емес.
Қосымша белгілеулер енгіземіз. φx-үшінші бөліктің көлемдік үлесі, x-үшінші бөліктің мольдік үлесі, см – газ қоспасының моль саны, х100 г қоспадағы үшінші бөліктің моль саны.

Бұл теңдікті шешіп, Мх = 32 (г/моль) екенін аламыз. Демек, газ қоспасының үшінші бөлігі – оттегі.

Жауабы: газ қоспасының үшінші бөлігі – оттегі (О2)
Морт = 30,89(г/моль)
Бұл оқушылардың жиі қате жіберетін есептердің мысалдары.
Сонымен қатар оқушылар шығарған есебінің жауабын қайта тексермей, есептің шартына сәйкестігін қарамаған жағдайдың өзінде де есеп шықпауы мүмкін.
Мысалы, оқушы жауабында стаканда 8,3·10-24 дәрежесіндей су бар десе (көрсеткіші минус 24 дәрежесі!) .Мүмкін есеп шығару барысында қателескен болар? Бірақ жауабын оқығанда өзінің қателігін сол сәтте өзгертуі керек еді.
№ 5 есеп. (11 сынып III кезең олимпиадасы)
Төменде процестер туралы мәліметтер келтірілген:

Процесс

Энергия эффектісі

36 г Н2О (г) жай заттардан түзілуі

484 кДж бөлінеді

СО2 (г) мен Н2О-ға (с) дейін 18г СН3СООН (с) толықтай жанып кетуі

268,2 кДж бөлінеді

СО2 (г) мен Н2О-ға (с) дейін 18,4г С2Н5ОН (с) толықтай жанып кетуі

558,8 кДж бөлінеді

Этерификация процесі кезінде 52,8г СН3СООС2Н5 (с) түзілуі

3 кДж бөлінеді

9г Н2О-ның (с) булануы

22 кДж сіңіріледі

Этан қышқылы мен сутегінің палладий реакциясының қатысында (1моль эфиріне есептегенде) этил эфирінің реакциялық жылу эффектісін есептеңдер.
Шешуі:
Этил эфирінің этан қышқылымен гидрлеу реакциясы:
СН3СООС2Н5 (с) + Н2 (г) = СН3СООН (с) + С2Н5ОН (с)
Бұл реакцияның (Гесс заңы бойынша) жылу эффектісін есептеу үшін, СН3СООС2Н5 (с), С2Н5ОН (с), СН3СООН (с) және Н2 (г) бар термохимиялық теңдеулерді ықшамдау керек.
Бұл есепті шешкенде жиі жіберілетін қателік, оқушылар судың қалыпты булану жағдайында судың газ болатынын ескермегенінде.
Алдында айтып кеткендей оқушылардың эксперимент жасайтын тәжірибелері болмағандықтан III турдың эксперименттерінде көп қателік жібереді. Сондықтан бұл турда оқушылардың нәтижесі өте төмен болады.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар болмағандықтан мұғалім оқушыларға процесті айқын көрсете алмайды.
Бірақ оларға белгілі концентрациядағы ерітінділер дайындауға, органикалық, бейорганикалық синтез өткізуге үйрете алады. Шешілмейтін жағдай жоқ.
1. Олимпиада есептерін құрастыруға әдістемелік шарттар.
Олимпиаданың әр кезеңдеріне белгілі есептер жиынтығы сай келеді. Есептерге қойылатын негізгі шарттарды қайталап өтейік:
1) олимпиадалық есептердің мазмұны неғұрлым күрделі әрі әр – түрлі болуы керек және пәнаралық байланысты жүзеге асыруы тиіс;
2) олимпиада есептерін шығарғанда оқушының ойлау қабілеті артатындай етіп, логикалық есептеулер болуы керек;
3) есептің шарты мүмкіндігінше оқушы есеп шығару барысында қателесіп, нәтижесінде дұрыс шешімге жететіндей болуы керек;
4) қиын есептер болуы керек, ондай есептерді дарынды балалар шығара алады.
Құрастырылған олимпиада есептерін төмендегі критерийлер арқылы бағалауға болады:
1) есеп шартының түсініктілігі;
2) есеп шартына сәйкестендірілген есеп шығару барысы;
3) есеп шығару барысында химиядан теориялық білімін пайдалана алуы;
4) есепті тізбексіз шешу мүмкіндігі (модульдігі);
5) есептің ықшамдылығы, сыйымдылығы (пәнаралық байланыстың жүзеге асуы);
6) есеп «кілтінің болуы»;
7) есептегі сұрақтар мен тапсырмалардың шектелуі;

      1. есептің жартылай дұрыс болу ықтималдылығы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет