Химиядан күрделі есептерді шығару әдістері


-есеп. Оттегінің алынған көлемін озонға айналдырғанда бастапқы көлем 5 мл кеміді. Алынған оттегінің және түзілген озонның келемін табыңдар. Шешуі



бет17/39
Дата20.09.2022
өлшемі1,73 Mb.
#150078
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
күрделілігі жоғары химия есептері УМКД ХКЕША 2-семестр Х-31

3-есеп. Оттегінің алынған көлемін озонға айналдырғанда бастапқы көлем 5 мл кеміді. Алынған оттегінің және түзілген озонның келемін табыңдар.
Шешуі: Берілген көлемдердің айырмасы . Бұл айырманың себебін теңдеуге қарап табамыз.
3 О2 = 2 О3
Теңдеуге қарағанда 3 көлем оттегінің 2 көлем озон түзіліп, 1 көлемге кішірейеді. Осыларды ескеріп талқыласақ, көлем 1мл кемігенде – 3 мл О2, 5мл кемігенде - Х мл О2 озондалады.
Пропорция құрамыз: 3 мл : х = 1 мл : 5 мл
х = 3 мл ∙ 5 мл = 15 мл О2
Теңдеуден 3 мл О2 – 2 мл О3 түзіледі.

3 мл : 15 мл = 2 мл : х
Жауабы: 15 мл О2, 10 мл озон.
7 Дәріс тақырыбы: Галогендер тақырыбына есептер шығару
Мақсаты. Галогендер тақырыбына есептер шығару жолдарын қарастыру, студенттерді жаттықтару.
Жоспар:
1. Галогендер тақырыбына шығарылатын есептердің ерекшеліктері.
2. Шығармашылық есептерді галогендер тақырыбы мысалында қарастыру
8 сыныптың химия оқулығында берілген «Галогендер» тақырыбына эксперимент есептерін шығаруда оқушылар шығрмашылығын дамытуды қалай іске асыруға болатынын қарастырайық.
Галогендер тақырыбына эксперименттік есептер шығару кезінде оқушылар галогендердің қасиеті туралы білімдерін іс жүзінде қолданып, бекітеді.
Жұмыс вариант бойынша орындалады. Келтірілген эксперименттік есептердің ішінен мектеп зертханасының мүмкіндігне байланысты жұмыстар таңдап алынады. Әрбір вариантта сапалық сараптама, галогендерді танып – білу, хлоридтерді бірнеше әдіспен алу, өзгерістерді іске асыру секілді тапсырмаар болу керек. Зат үлгісі салынған сынауықтар нөмірленіп штативке салынады.
Шығарылған есептердің жауабы мұғалім ұсынған үлгі бойынша оқушы дәптеріне жазылады. Оқушылар реакция теңдеулерін, бақылау қорытындысын өзбеттерімен дәптерге жазады.
Оқушылардың жоспар құрып, эксперименттік есептерді шығару дағдыларын дамыту алдымен ойша эксперимент арқылы іске асырылады.
Галогендермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын толық сақтау керек. Зертханалық жұмыстарды орындап, эксперименттік есептерді шығару үшін хлор, бром, йод суын әзірлеу қажеттігі туады. Хлор, бром суын тек тартпа шкафта даярлайды.
Хлор суын әзірлеу үшін 50-100 мл. дистильденген суды хлормен 1-2 минут бойы қанықтырады. Хлорды Шееле әдісімен алуға болады:
4HCl + MnO2  MnCl2 + Cl2 + 2H2O.
Нәтижесінде әлсіз хлор иісі бар түссіз ерітінді түзіледі. Хлор суын құтыларға құйып, аузын тығыздап жауып, тартпа шкафтың астында сақтаймыз.
Бром суын әзірлеу үшін 100 мл. суға 2 тамшы бром тамызамыз. Мөлшермен 0,25 % - тік сарғыш түсті ерітінді түзіледі. Бром суын да тартпа шкаф астында сақтаймыз.
Йод суын әзірлеу үшін 100 мл. суға 5-6 тамшы йодтың спирттегі ерітіндісін тамызамыз. Әлсіз шәй түсті мөлдір ерітінді түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет