Химиядан күрделі есептерді шығару әдістері



бет25/39
Дата20.09.2022
өлшемі1,73 Mb.
#150078
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
күрделілігі жоғары химия есептері УМКД ХКЕША 2-семестр Х-31

4

-есеп
. Оттегі мен озон қоспасының сутек бойынша тығыздығы 18. Қоспадағы газдар көлемін табыңдар.
Шешуі: Бұл да осының алдындағы есепке ұқсас. Қоспадағы оттегінің тығыздығы . Озонның тығыздығы . Қоспадағы озонның мөлшері көбейген сайын орташа тығыздық 16-н алыстап 24-ке жақындай береді. Оның сандық мөлшерін дәл табу үшін үш тәсілді қолданамыз.
1 – ші алгебралық тәсіл.
1. белгілеулер жасаймыз:
100л қоспадағы оттегінің көлемі – х 100л
қоспадағы озонның көлемі – (100-х)
2. Сол көлемдегі оттегінің массасы – 16х
озонның массасы – 24 (100-х)
3. Теңдеу құрамыз және шешеміз:
16х + 24 (100-х) = 18∙100л.
- 8х = 600л (-1)
х = 75л
4. Жауабы: қоспадағы V (О2) = 75л; V (О3) = 100л – 75л = 25л
2 – ші арифметикалық тәсіл.
1. Қоспаның тығыздығы оттегі тығыздығынан артық
18–16=2
2. Қоспаның тығыздығы озон тығыздығынан кем
24–18=6
3. Қоспадағы газдар тығыздығының қатынасы
6:2=3:1
4. Бұған қарағанда қоспада 1 газдан 3 бөлік (көлем), екінші газдан 1 бөлік (көлем) бар. Әр 100л бір көлемге 25л келеді Қоспаның тығыздығы оттегінің тығыздығына жақын.
Осыган қарап коспада 75л О2, 25л О3 бар деген қорытындыға келеміз.
3 – ші тәсіл. Араластыру ережесі.

О3 24 2:2=1


18
О2 16 6:2=3
Тығыздықтардың
айырмасын тапқанда озонға 1 үлес, ал оттегіне 3 үлес келетіні сызба-нұсқадан айқын көрінеді.
Бұған қарағанда әр 4л-дің 1л озон, Зл оттегі деген сөз. Басқаша айтқанда әр 100л қоспада 25л О3 және 75л О2 болғаны.

13 дәріс тақырыбы: Газдардың көлемі мен массасының өзгеретін есептеулер


Жоспары:
1. Газдардың көлемі өзгеретін есептеулер
2. Газдардың массасының өзгеретін есептеулер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет