Химиядан күрделі есептерді шығару әдістері



бет23/39
Дата20.09.2022
өлшемі1,73 Mb.
#150078
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
күрделілігі жоғары химия есептері УМКД ХКЕША 2-семестр Х-31

Ескерту! Күміс нитратымен жұмыс істегенде сынауықтағы зат қалдығын «күміс қосылыстары» деген арнайы ыдысқа, ал қорғасын ацетатымен жұмыс істегенде қалдықты «қорғасын қосылыстары» деген арнайы ыдысқа құю керек.
4 – есеп. Магний хлориді және мырыш хлориді қатты күйде берілген. Өздеріне тән реакциялар арқылы бұл заттарды анықтаңыздар.
Шешуі:

Есепті шығару жолы

Реакция теңдеуі

Қорытынды

1

2

3

1. Алдымен тұздарды суда ерітеміз.







2. Екі тұздың да хлорид екенін анықтау үшін қорғасын ацетаты немесе күміс нитраты ерітіндісін құямыз.

ZnCl2 + AgNO3  AgCl + Zn(NO3)2
MgCl2 + AgNO3  AgCl + Mg(NO3)2
ZnCl2 + (CH3COO)Pb  PbCl2 + (CH3COO)2Zn
MgCl2 + (CH3COO)2Pb 
(CH3COO)2Mg + PbCl2

Ақ түсті ірімшік тәрізді тұнба.

Ақ тұнба.



3. Екі сынауықтағы тұнбаны сүзіп, сүзіндіге моль/л NaOH ерітіндісін құямыз.

Zn(NO3)2 + 2NaOH  Zn(OH)2 + 2NaNO3
Mg(NO3)2 + 2NaOH  Mg(OH)2 + 2NaNO3

Екі сынауықта да ақ түсті тұнба түзіледі.

4. Түзілген тұнбаларға артық мөлшерде натрий гидроксидін қосамыз.

Zn(OH)2 + 2NaOH  Na2[Zn(OH)4]

Қай сынауықта тұнба еріп кетсе сонда Zn(OH)2 түзілді деген сөз.

5 – есеп. Натрий хлоридінен және натрий карбонатынан тұратын қоспа берілген. Қалай натрий хлоридін бөліп алуға болады?


Шешуі:

Есепті шығару жолы

Реакция теңдеуі

Қорытынды

1

2

3

1. Берілген қоспаға тұз қышқылын қосамыз.

Na2CO3 + 2HCl  NaCl + H2O + CO2

Na2CO3 тұз қышқылымен әрекеттесіп, СО2 бөлінеді.

2. Ерітіндіні суалтамыз.




Ас тұзы кристалдары бөлінеді.

6 – есеп. Мына өзгерістерді іс жүзінде іске асырыңдар: CuCO3  CuCl2  Cu(OH)2  CuO  CuCl2  AgCl.


Шешуі:

Есепті шығару жолы

Реакция теңдеуі

Қорытынды

1

2

3

1. Мыс карбонатына тұз қышқылының 0,5 молярлы ерітіндісін құямыз.

CuCO3 + 2HCl  CuCl2 + H2O + CO2

Көмір қышқыл газы бөлінеді.

2. Реакция нәтижесінде түзілген мыс хлоридіне натрий гидроксидін қосамыз.

CuCl2 + 2NaOH  Cu(OH)2  + 2NaCl

Қою көк түсті мыс гидроксиді тұнбасы түзіледі.

3. Түзілген мыс гидроксидін сүзіп алып қыздырамыз. Суда ерімейтін гидроксидтер қыздырғанда айрылады.

Cu(OH)2 CuO + H2O

Қара түсті мыс оксиді түзіледі.

4. Реакция нәтижесінде түзілген мыс оксидіне 1 молярлы тұз ышқылын қосып, аздап қыздырамыз.

CuO + 2HCl CuCl2 + H2O

Көгілдір түсті мыс хлориді түзіледі.

5. Мыс хлориді ерітіндісіне күміс 0,5 молярлы нитратын қосамыз.

CuCl2 + AgNO3  Cu(NO3)2 + AgCl

Ірімшік тәрізді ақ тұнба түзіледі.

9 – есеп. Берілген қағаздың иодокрахмалды қағаз екенін дәлелдеңіздер (Иодокрахмалды қағаз дегеніміз крахмал клейстерімен және калий йодиді ерітіндісі сіңірілген қағаз).


Шешуі:
Крахмал йодтың әсерінен көгеретіні оқушыларға биология курсынан белгілі. Ал химия курсынан галогендердің активтісі активсіздерін бинарлы қосылыстарда ығыстыратынын оқушылар біледі.
2KI + Cl2  2KCl + I2.
Ендеше, иодокрахмалды қағазды хлор суына батырсақ немесе бөлініп жатқан хлор ағынына ұстасақ қағаз көгереді (Ескерту: бұл жұмыс мектепте тартпа шкаф жақсы жұмыс істеген жағдайда ғана мүмкін).

10-есеп. Зертханада берілген заттың иодид екенін дәлелдеңдер.


Шешуі:

  1. Ерітіндіге хлор суын және крахмал ерітіндісін қосамыз (р.т. жоғарыда).

  2. Күміс нитраты ерітіндісін қоссақ сары тұнба түзіледі:

KI + AgNO3  KNO3 + AgI

11-есеп. Берілген заттың бромид екенін дәлелде.


Шешуі:
Ерітіндіге күміс нитраты ерітіндісін қосамыз. Сонда сарғыш түсті AgBr тұнбасы түзіледі (Ескерту: электр жарығында AgBr мен AgI түсі бірдей болып көрінуі мүмкін).

12-есеп. Төрт сынауықта NaCl, NaBr, NaI, Na2CO3 берілген. Қай сынауықта қандай зат бар екенін анықта.


Шешуі:
Барлық зат ақ түсті болғандықтан түсіне қарап қай сынауықта қандай зат барын анықтай алмаймыз. Әр сынауықтан заттардың үлгісін алып тұз қышқылымен сынап көреміз, қалған заттарды суда ерітеміз де күміс нитратын қосамыз. Сонда оқушы дәптеріндегі жазу үлгісі төмендегідей түрде болу керек.



Есепті шешу жолы

Бақылау

Қорытынды және химиялық реакция

Анықтау жағдайлары мен реактивтер
Сынауық №

I

II

III

IV

1

2

3

4

5

6

Тәжірибе 1.
Сыртқы түріне қарсы (физикалық қасиеті) заттарды анықтау.

ақ


ақ


ақ


ақ


Барлық заттар ақ түсті болғандықтан қай сынауықта қай зат екенін анықтай алмаймыз.





Тәжірибе 2.
1,2,3,4 сынауықтан заттар үлгісін алып тұз қышқылы ерітіндісімен әсер етеміз.



-


Көпіршіктенген


Газ
б/ді.



-


-


2 сынауықта натрий карбонаты бар.


Na2CO3 + 2HCl  2NaCl + H2O +CO2
NaCl + HCl
NaBr + HCl
NaI + HCl

1

2

3

4

5

6

Тәжірибе 3.
Қалған сынауықтардағы заттарды суда ерітеміз де, күміс нитратын қосамыз.

ақ


-


сары


сар-ғыш


NaСl + AgNO3  AgCl + NaNO3


NaBr + AgNO3  AgBr + NaNO3
сарғыш
NaI + AgNO3  AgI + NaNO3
сары

1 сынауықта NaСl


3 сынауықта NaI
4 сынауықта NaBr

13-есеп. Үш сынауықта тұз қышқылы, натрий гидроксиді, күміс нитраты берілген. Қай сынауықта қандай зат барын анықтаңдар?


Шешуі:
Үш сынауықтан да аздап бөліп алып, фенолфталеин ерітіндісін құямыз. Қай сынауықта таңқурай түс (малина түс) пайда болса, сонда натрий гидроксиді бар.
Қалған екі сынауықтың қайсысында тұз қышқылы, қайсысында күміс нитраты барын анықтау үшін екі сынауыққа да аздап тұз қышқылы ерітіндісін құямыз, қай сынауықта ақ ірімшік тәрізді тұнба түзілсе, сонда күміс нитраты бар деген сөз. Өзгеріссіз қалған сынауықта тұз қышқылы ар. Оқушы дәптеріндегі жазу үлгісі төмендегідей болады.

Есепті шешу жолы

Бақылау


Қорытынды және химиялық реакция теңдеуі

Анықтау жағдайлары мен реактивтер

I

II

III

1 тәжірибе
Сынауықтардағы заттарды аздапбөліп алып, фенолфталеин қосамыз.

таңқурай түс



өзгеріссіз



өзгеріссіз



1 сынауықта таңқурай түс түзілді, ендеше онда NaOH бар.



2 тәжірибе
2,3 сынауықтағы заттарды анықтау үшін тұз қышқылын құямыз.




Өзгеріссіз



ақ ірімшік тәрізді тұнба



AgNO3 + HCl  AgCl + HNO3


3 сынауықта күміс нитраты, 2 сынауықта өзгеріс

1

2

3

4

5













онда тұз қышқылы бар.

14-есеп. Жартысына дейін бром суы құйылған сынауыққа мырыш ұнтағын қосып, шыны таяқшамен араластырып, ақырындап қыздырыңдар. Сұйықты тұндырып, егер мөлдір ерітінді түзілсе екі сынауыққа бөліңдер (Егер сұйық мөлдір болмаса, тағы мырыш ұнтағын қосып, қоспаны араластырып, тағы да қыздырыңдар). Бір сынауыққа хлор суын, екіншісіне күміс нитратын қосып, өзгерісті бақылап, түсіндіріңдер.
Шешуі:

Есепті шешу жолы

Бақылау

Қорытынды

1. Бром суына мырыш ұнтғын қосып қыздыру.

Бром суымен Zn әрекеттесіп
Zn + Br2  ZnBr2

мырыш бромиді түссіз ерітіндісі түзіледі.

2. Екі сынауыққа түссіз ерітіндіні бөліп құю.
1 сынауыққа хлор суын қосамыз.
2 сынауыққа AgNO3 құю.

ZnBr2 + Cl2  ZnCl2 + Br2

ZnBr2 + 2AgNO3  2AgBr  + Zn (NO3)2



Қызыл қоңыр түсті бром бөлінгенін байқау.
Сарғыш түсті AgBr тұнбасы түзіледі.

12 Дәріс тақырыбы: Қоспалар бойынша есептеулер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет