3) реакцияның активтендіру энергиясының шамасының төмендетілуінен болады.
с) промотор - катализаторлардың активтілігн арттырып, реакцияның жылдамдығын тездететін зат. Ол уақытта оң катализ жүреді.
д) ингибитор - катализатордың активтілігін төмендетіп,реакцияныңжылдамдығын тежейтін зат.Ол уақытта теріс катализ жүреді.
Ферментативтік катализ - ферменттердің қатысуымен жүретін биохимиялық реакциялардың жылдамдықтарын зерттейтін ғылым.
Ферментативтік катализ - ферменттердің қатысуымен жүретін биохимиялық реакциялардың жылдамдықтарын зерттейтін ғылым.
Фермент (энзим) Е - құрамы жәй және күрделі белоктардан тұратын биологиялық катализатор. Ферменттер:
1) жайлы10-60С температурада, атм. қысымда және белгілі бір pH аралықтарында өте жоғары каталитикалық активтілік көрсетеді;
2) әрбір фермент биохимиялық реакциялардың біреуіне ғана таңдамалы әсер етеді.
Субстрат(S) - ферментінің әсеріне ұшырайтын зат.
E + S ↔ E · S ↔ E + P (өнім).
v = k [S] ( бірінші ретті реакция)
v = k ( нөлдік ретті реакция )
Михаэлис–Ментеннің ферментативтік реакциялардың жылдамдықтарының субстрат концентрациясына тәуелділік теңдеуі былай өрнектеледі:
Михаэлис–Ментеннің ферментативтік реакциялардың жылдамдықтарының субстрат концентрациясына тәуелділік теңдеуі былай өрнектеледі:
v = v max · [S] / Km + [S]
мұндағы
v max - ферментативтік реакцияның максимал жылдамдығы;
[S] - субстраттың концентрациясы;
Кm - заттың табиғатына,температураға тәуелді Михаэлис тұрақтысы. Осы сандық жағынан максимал жылдамдықтың жартысына жеткендегі субстраттың концентрациясына тең: