Химиялық реакцияның молекулалығы мен реті



Дата18.10.2022
өлшемі1,15 Mb.
#153496
Байланысты:
Тоқтағұлова Камила 102 топ Отбасы пед.

Орындаған: Тоқтағұлова К. Н.

Тобы: 102

Қабылдаған: Тұздыбаева А.Т


Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Педагогика және Психология Институты
Отбасы педагогикасының міндеттері мен әдістері

Отбасылық педагогикасы пәнінің мақсаты:


Ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен ағартушылық шараларды жүйелі ұйымдастыру арқылы және белсенді әрекет етуге тарта отырып, қазақстандық ұлтжанды, төзімді, рух-жігері шыңдалған, ой-санасы дамыған адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті, өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға(оқушы) тәрбиелеу.Жас ерекешеліктеріне қарай өзіндік адамгершілік құңдылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның рухани қазынасын жарыққа шығару, баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін бойындағы бар құңдылықтарын дамыту.

Отбасы педагогикасының міндеттері:


мектеп және отбасының біріккен ағартушылық, тәрбиелік қызметін жүйелі жоспарлау.
бала тәрбиесіндегі ата- аналармен педагогтардың бірлескен іс - әрекеттерінің нәтижелі жолдарын қолдану;
балалардың рухани – адамгершілігін дамыту аумағындағы жұмыс жүйесін құру;

Отбасы тәрбиесі


Отбасы тәрбиесі — көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен отбасы мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпал үрдісінің жалпы атамасы. Қоғам, отбасы және мектеп тәжірибесі ажырамас бірлікте орындалатын істер ауқымын қорғайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.

Шығу тарихы


Ертеде отбасы туралы еңбек жазғандар Платон, Аристотель, шығыс зиялыларының ішінде Қоркыт ата, Ж,Баласағұни т.б.атауға болады. 18-19 ғасырда Ресейде А.Н.Радищев, Н.И.Новиков, кейін К.Д. Ушинский, П.Ф.Лесгафт, П.Ф. Каптерев, В.Н.Сорока- Росинский т.б. Соңғы жылғы ғалымдарға С. Зверева,Т. А. Куликова т.б. жатқызуға болады.Солардың ішінде Ю.П.Азаров пен В.Сатир жағдайсыз отбасыларға ерекше көңіл бөліп зерттеген. Шетел ғалымдары ішінде жағдайсыз отбасыларды терең зерттегендер: Хоментаускас, В.В Юстицкий, Р. Спиваковская т.б.
Қазақстанда отбасы мәселелерін зерттегендер: Х.Арғынбаев, Ж.Б.Қоянбаев, К.Бейсенбаева, М.Тажин, Б.Аяғанова, М.Т.Баймұқанова секілді ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

Зерттеу бағыттары


Жалпы алғанда, отбасын зерттеу бірнеше бағытта жүргізілді:
-Отбасы мен некенің туындауын және қоғамда дамуын зерттеу Дж.Ф.Мак-Ленанд, Л.Морган, Г.И.Бахофен, Ф.Энгельс, Ю.И.Семенов М.Мид және басқалары;
-Отбасы мен некенің типтері мен түрлерінің дамуын зерттеу И.В.Гребенников, С.В.Ковалев, В.П.Меньшутин және басқалары;-отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы психологиясының мәселелері С.В.Ковалев,Л.В.Ковалева,А.И.Кочетов,В.Сатир,А.Я.Варга,И.В.Гребенников, Ю.И.Семенов, С.Д.Лаптенюк, А.М.Нечаева т.б.;-отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау, отбасылық тәрбиенің әдіс тәсілдерін жасау Ю.П.Азаров, П.Ф.Лестгафт, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және басқалары;

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет