Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары



Pdf көрінісі
бет17/21
Дата25.12.2023
өлшемі0,64 Mb.
#199252
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
file

Табиғи каучук
көксағыз, таусағыз сияқты кейбір өсімдіктердің сүтті 
шырындарында болады. Табиғи каучукты, негізінен, Бразилияда өсетін 
гевея ағашынан алады. Каучук алу үшін өсімдіктің қабығын кертіп тіледі. 
Сол тіліктен ағатын сүтті шырынды (латексті) — каучуктың коллоидті 
ерітіндісін жинап алады. Сосын ерітіндіге электролитпен әсер етіп немесе 
қыздырып коагуляциялап (ірілендіріп) каучук жасайды. . Қазақстанда 
каучук өсімдіктері – көк сағыз және тау сағыз өседі.
Жасанды каучук 
алу мақсатымен 1826 ж. ағылшын физигі М.Фарадей 
каучуктың молекулалық құрылысын анықтады. Жасанды каучук, этил, 
метил спирті, мұнай, табиғи газ, бутадиен, стирол, изобутилин сияқты 
органикалық заттарды полимерлеу арқылы алады. Елімізде жасанды 
каучукты көбінесе дивинилден алынады. Дивинил торф, ағаш сияқты 
органикалық заттардан алынатын спирттерден өндіріледі. Техникада 
жасанда каучуктың мына түрлері жиі қолдланылады – хлоропенді каучук, 
натрий бутадиен каучугі, силиконды каучук. 
Каучук
— қатты зат. Молекулалық массасы 150000—300000 шамасында. 
Табиғи каучуктың макромолекулалары тізбекті құрылымды, оратылып 
түйіншектеліп жатады. Каучуктың аса маңызды қасиеті — оның 
майысқақтығы. Каучук суды, газды өткізбейді және электроқшаулағыш. Ол 
этил спиртінде аздап ериді, ал бензин мен хлороформ сияқты еріткіштерде 
әуелі ісініп, сосын ериді. Температура жоғарылағанда — каучук жұмсарып 
жабысқақ, ал температура төмендегенде — қатайып морт сынғыш болады. 
Ұзақ сақтағанда, каучук қатайып кетеді.
Резеңке
– майға, әртүрлі агрессивті орталарға, үйкеліске берік, созылғыш 
изолятор, тербелісті тұту қабілеті күшті, беріктік шегі жоғары органикалық 
зат. Сондықтан резеңке басқа материалдармен салыстырғанда 
құндыматериал болып табылады. Каучукты вулканизациялап (вулкандап), 
яғни күкірт қосып қыздырып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет