Химиялық термодинамиканың негізгі түсініктері мен анықтамалары


Ерітінділердің концентрациясы



бет16/18
Дата16.06.2022
өлшемі90,55 Kb.
#146677
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Документ хим

Ерітінділердің концентрациясы.
Ерітінділерді сандық тұрғыдан сипаттау үшін концентрация ұғымын пайдаланады – ол көлем (немесе масса) бірлігіне зат (немесе масса) санының қатынасын көрсететін шама. Ерітінділердің концентрациясы келесідей негізгі әдістермен өрнектеледі:
Еріген заттың массалық үлесі ω (омега) – ол еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасын көрсететін шама. Өлшем бірлігі: үлес, %.
,
,
мұндағы mзат – еріген заттың массасы;
mер-ді – ерітіндінің массасы;
mер-ш – еріткіштің массасы;
ρ – ерітіндінің тығыздығы;
V – ерітіндінің көлемі.
Еріген заттың массалық үлесін ерітіндінің пайыздық (проценттік) концентрациясыдеп жиі атайды.
Еріген заттың молярлық үлесі c - ол еріген зат мөлшерінің еріген зат пен еріткіштің жалпы мөлшеріне қатынасы.
,
Мысал. 500 г көміртек тетрахлоридінде ССІ4 20 г йод J2 бар, осы ерітіндідегі йодтың молярлық үлесін есептеңдер.
Шешуі. Берілген ерітіндідегі йод пен көміртек тетрахлоридінің зат мөлшерін табамыз:



Сонда, көміртек тетрахлоридінің массалық үлесі:
c(ССІ4) = 1 – 0,024 = 0,976
Заттың молярлық концентрациясыСМнемесе М еріген зат мөлшерінің 1л ерітіндіге қатынасын көрсетеді. Өлшем бірлігі: моль/л.
, ,
мұндағы n – еріген заттың мөлшері (моль);
V – ерітіндінің көлемі (литр);
m – еріген заттың массасы (кг, г);
М – еріген заттың молярлық массасы (г/моль).
1 М – бір молярлық ерітінді (1 литрде еріген заттың 1 молі болады);
0,5 М – жарты молярлық ерітінді;
0,1 М – децимолярлық ерітінді;
0,01 М – сантимолярлық ерітінді;
0,001 М – миллимолярлық ерітінді.
Мысалы, натрий гидроксидінің 0,1 (децимолярлық) ерітіндісін дайындау үшін 4 г NаОН (0,1 моль . 40 г/моль = 4 г) өлшеп алады да бір литрлік өлшеуіш шыны колбаға салып, дистильденген суды қосып, толық ерітеді. Сосын дистильденген суды белгіге дейін жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет