Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Орындаған : Адамбекова Айжарық


Зат мөлшерінің 1 молінің массасы оның молярлық массасы деп аталады М = m/ν; өлшем бірлігі – кг/моль немесе г/моль



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі2,43 Mb.
#93048
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Адамбекова Айжарық . Химияның негізгі түсініктері мен заңдары

Зат мөлшерінің 1 молінің массасы оның молярлық массасы деп аталады М = m/ν; өлшем бірлігі – кг/моль немесе г/моль.

Химияның негізгі заңдары


Зат массасының сақталу заңы
Еселік қатынас заңы
Бойль-Мариот заңы
Гей - Люссак заңы
Шарль заңы

Зат массасының сақталу заңы

Зат массасының сақталу заңы (1748 ж. М.В. Ломоносов; 1766 ж. А.Лавуазье ашты.) Реакцияға қатысқан заттардың массасы шыққан зат өнімдерінің массасына тең. Бұл заң ядролық реакцияларда қолданылмайды. 1905 жылы Эйнштейн энергия сақталу заңын ашты:

.E= mc2

Мұндағы Е – энергия;

m – масса;

с – вакуумдағы жарықтың жылдамдығы, ол 2,9979∙108 м/с тең.

Бұл формула бойынша энергия массалардың өзгерісі мен жарық жылдамдығының квадратының көбейтіндісіне тең. Яғни, ядролық реакцияларда массаның өзгерісі алынады: демек, ядролық өзгерістерде масса тұрақты болмайды.

Зат массасының сақталу заңының мәнін былай түсіндіруге болады: реакцияға қатысқан заттардың құрамында қандай атомдар қанша мөлшерде болса, реакция нәтижесінде шыққан заттардың құрамында да сондай атомдар сонша мөлшерде болады. Химиялық реакциялар кезінде атомдар массалары өзгермейтіндіктен реакцияға қатысқан заттардың массасы тұрақты болады. Барлық химиялық реакциялар заттар массасы сақталу заңына бағынады.

Еселік қатынас заңы

Еселік қатынас заңын Д. Дальтон ашты (1803 ж.). Егер екі элемент бір-бірімен бірнеше химиялық қосылыс түзсе, онда бір элемент мөлшерінің екінші элемент мөлшеріне қатынасы бүтін сандарға тең болады. Көміртегі оксидтері СО мен СО2-дегі көміртегінің 12 масса мөлшеріне келетін оттегі массаларының өзара қатынасы 16:32 = 1:2 қатынасындай болатынын аңықтау қиын емес.

Еселік қатынас заңынан молекулалық қосылысқа кіретін элементтің ең кіші бөлшегі атом екеніне көз жеткізуге болады. Мысалы көміртегі (II) оксидінде оттегінің 1 атомы болса, көміртегі (IV) оксидінде оттегінің 2 атомы болады.

Реакцияға қатысқан және оның нәтижесінде түзілген газдардың көлемдерін зерттей келіп француз ғалымы Гей-Люссак (1808 ж.) газдардың көлемдік қатынас заңын ашты. Реакцияға түсетін газдардың көлемдерінің түзілген газ өнімдерінің көлемдеріне қатынасы бүтін санға тең. 1 көлем сутегі мен 1 көлем хлор әрекеттесіп 2 көлем хлорсутек түзеді; екі көлем сутегі мен бір көлем оттегі әрекеттесіп 2 көлем су буын түзеді:

H2 + Cl2 = 2HCl;

2H2 + O2 = 2H2O.

Авогадро заңы

Авогадро заңы: 1811 жылы итальян физигі Авогадро химиялық реакцияларға түскен газдардың көлемдерінің қатынастарын зерттеп мынадай тұжырымдама жасады: Бірдей температура мен қысымда алынған кез келген газдардың бірдей көлеміндегі молекула сандары бірдей болады. Заңнан шығатын салдар:

1) Кез келген газдың 1 молі қалыпты жағдайда бірдей көлем алады. V = 22,4 дм3/моль.

2) Қалыпты жағдайда 1 моль газдың тұрақты көлеміндегі бөлшектердің саны Авогадро тұрақтысымен сипатталады: NA = 6,02·1023 моль-1.

Эквивалент дегеніміз – реакция кезінде орнын баса алатын, қосып алатын, бөліп шығаратын бір сутек ионының немесе тотығу-тотықсыздану реакциясы кезіндегі бір электрон эквивалентіне тең заттың бөлшегі.

Йодты сутекте HI сутегінің 1 молімен қосылып тұрғандықтан йодтың эквиваленті 1 мольге, күкіртті сутекте H2S cутегінің екі молімен қосылып тұрғандықтан күкірттің эквиваленті 1/2 мольге, аммиакта NH3 сутегінің үш молімен қосылып тұрғандықтан азоттың зквиваленті 1/3 мольге, силанда SiH4 сутегінің төрт молімен қосылып тұрғандықтан кремнийдің эквиваленті 1/4 мольге тең болады.

Назарларыңызға Рахмет !



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет