«Медициналық пневматикалық шина қою».
Мақсаты: түпкіліктер сынығында транспорттық тасымалдау.
Көрсетілім: жоғарғы және төмеңгі түпкіліктер сынығы.
Қоры: Шиналар бар пакет.
Ескерту: Құр сым мөлдір пластмассалық үлдірден жасалған. Ол 3 түрде шығарылады: 1 –шынтақпен білекке; 2 –табан мен сираққа; 3 –тізе буыны мен жамбасқа.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тынышталдырыңыз.
2.Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.
3.Қолынызды спиртпен өңдеп, стерильді қолғап киіңіз.
4.Жансыздандыру жасаңыз 2 мл 50% анальгин, 2 мл 1% димедрол.
5.Жарақат орнын қараңыз.
6.Сынық не шығу бар-жоғын анықтаңыз.
7.Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.
8.Шинаны пакеттен шығарыңыз.
9.Сүйретпелі-түйреуішті ашыңыз.
10.Шинаны алып баяу зақымданған түпкілікке жақындатыңыз.
11.Сүйретпелі-түйреуішті жабыңыз.
12.Ауа өткізгіш құрылғының клапанын ашып, түтігін сағат тіліне қарама қарсы бұрыңыз.
13.Шинаны насоспен қатты қалыпқа дейін үрлеңіз.
14.Клапанды түтікті сағат тіліне қарай бұрып жабыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |