Іріңді жараға таңғыш қою.
Мақсаты: жарадағы антисептиканы сақтау.
Көрсетілім: іріңді жараның болуы.
Қоры: стерильді лоток, стерильді резеңке қолғап, стерильді таңғыш, пинцет, 1% йодонат ерітіндісі, КБУ, зонд, шприц, жалпақ резеңке дренаждар, антисептик ерітінді, жара кергіш.
Әрекет алгоритімі:
1.Қолыңызды гигиеналық дәрежеде өңдеңіз.
2.Стерильді қолғап киіңіз.
3.Пинцетпен жарадан лас салфетканы шешіңіз.
4.Пинцетпен жалпақ резеңке дренажды шешініз.
5.Жара аймағын 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен ұстап өңденіз.
6.Салфетканы пинцетпен ұстап жараны кептірініз.
7.1% йодонат ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен ұстап жараны өңденіз.
8.Жараны зондпен немесе жара кергішпен тексереміз.
9.Жараны шприцпен қайраусыз инемен 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен шайыныз.
10.Салфетканы пинцетпен ұстап жараны кептірініз.
11.Қолданылған құралдарды лас лотокқа тастаныз.
12.1% йодонат ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен ұстап жараны өңденіз.
13.Пинцетпен зонд көмегімен жараға жалпақ резеңке дренаж енгізініз.
14.Жараға антисептик ерітіндісіне малынған салфетка қойыныз.
15.Дәкені лейкопластырь немесе клеол қолданып бекітініз.
16.Қолданылған құралды, қолғапты, таңғыштық буға тастаныз.
Достарыңызбен бөлісу: |