Омыртқа жотасы жарақаттанған кездегі шұғыл көмек.
Мақсаты: Ауырсынудың алдын алу және транспорттық тасымалдау.
Көрсетілім: Омыртқа жотасы жарақаты.
Қоры: қатты зембіл немесе тасымалдаушы вакуум, үйінді, 2% промедол, полиглюкин, кордиамин ерітіндісі, Еланский шинасы, Шанц мақта маталы жағасы, тонометр, фонендоскоп, ені 20-25см дәке.
Әрекет алгоритімі:
1.Омыртқа сынығында пневматикалық шинамен тасымалдау:
2.Науқасты қараңыз.
3.Омыртқа сынығы барын анықтаңыз.
4.Науқасты тынышталдырыңыз.
5.Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.
6.Науқасты абайлап зембілге ауыстырыңыз. Ауыстыруды 4 адам бір уақытта іске асырады.
7.Зембіл қабын байлаңыз.
8.Зембілден ауаны арнайы аяқ ауа шығарғышымен толығымен шығарыңыз.
9.Науқасты арнайы 2 адам тасымалдайтын зембілмен шығарыңыз.
Ескерту:
Омыртқаның көкірек қуысы аймағындағы сынықтарда вакуумды зембілдер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |