«Таңғыш қою техникасы».
Мақсаты: таңғышты ауыстыру, жараның микробты ластануын азайту, жарақатты микроб түсуден сақтау.
Көрсетілім: Жарақат жағдайында.
Қоры: 1. 3% сутегі асқын тотығы.
2. 0,5% нашатырь спирт ерітіндісі, 1% йодонат ерітіндісі, 70% спирт, 10% натрий хлор ерітіндісі.
Әрекет алгоритімі:
1.Қолынызды гигиеналық дәрежеде өңдеңіз.
2.Стерильді қолғап киіңіз.
3.Ескі таңғышты пинцетпен шешіңіз, жара аймағында бір басынан екінші басына қарай.
4.Кепкен таңғышты 3% сутегі асқын тотығымен жібітіңіз.
5.Жарамен айналасындағы тіндерді қараңыз.
6.Жара айналасындағы теріні әуелі құрғақ мақта шаригімен, кейін 0,5% нашатырь спирт ерітіндісіне малынған мақта шаригімен жара шетінен переферияға қарай тазалаңыз.
7.Жара айналасындағы теріні антисептиктердің бірімен өңдеңіз: 1% йодонат ерітіндісімен, кейін спиртпен.
8.Жараны 3% сутегі асқын тотығымен жуыныз, егер жарада ірің болса мақта қысқышпен.
9.Жараны кептіріп, жарада 10% натрий хлор ерітіндісіне малынған турунда немесе тампон қалдырыныз.
10.Стерильді салфетка немесе мақта қолданып жаңа таңғыш қойыныз.
11.Дәкені лейкопластырь немесе клеол қолданып бекітіңіз.
12.Қолғапты шешіп КБУ-ға тастаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |