«Иық сынығында Крамер шинасын қою техникасы».
Мақсаты: Иық сынығында транспорттық тасымалдау.
Көрсетілім: Иық шығуы, сынуы.
Қоры: Крамер баспалдақты шинасы, дәке, мақта, сезімсіздендіруші зат,шприц, қайшы, 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тынышталдырыныз.
2.Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.
3.Қолынызды спиртпен өңдеп, стерильді қолғап киіңіз.
4.Жансыздандыру жасаңыз: 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол.
5.Жарақат орнын қараңыз.
6.Сынық не шығу бар- жоғын анықтаныз.
7.Түпкіліктерге орта физиологиялық жағдай жасаңыз.
8.Қолды бүгіп кеудеге қарай әкеліңіз.
9.Ұзыны 120см ені 11см баспалдақты Крамер шинасын таңыңыз.
10.Шинаны сау түпкілікке қойып, саусақ басынан шынтақ буынына дейінгі аралықты белгілеңіз.
11.Шинаны алып, айқындалған буын орнын тік бұрышта бүгіңіз.
12.Шинаны сау түпкілікке қойып, шынтақ буынынан иық буынына дейінгі аралықты белгіленіз.
13.Шинаны алып айқындалған буын орнын бүгіңіз.
14.Шина түбі арқадан сау күрекшеге өтетіндей етіп қойыныз.
15.Шинаны сау түпкілікте өлшеңіз.
16.Шинаны зақымдалған түпкілікке қойыңыз.
17.Дәке көмегімен сау күрекшеге дейін бектіңіз.
18.Түпкіліктің жақсы тіркелуі үшін бекітпе бау қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |