Хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Жабдықталуы. Көмек көрсету көлемі. Амбулаторлық деңгейде хирургиялық көмек көрсетудің әдістері. Панариций, паронихии, іріңді тендовагинит, пандактилит. Жұмсақ тіндердің хирургиялық жұқпалы аурулары



бет4/6
Дата14.12.2021
өлшемі2,29 Mb.
#126766
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1es
Реабилитация
Іріңді тендовагинит - сіңірдің ішкі фиброзды қабаты, яғни қынабының іріңді қабынуы

Іріңді тендовагинит көбінесе қол саусақтарында кездеседі. Осы жағдайда ірің алақан және иық бөлікке дейінгі сіңірлердің қынабына дейін таралуы мүмкін. Таралған іріңдік асқыну ең нашары – сепсиске, дұрысы – саусақтың тыртықты контрактурасына әкеледі.



Іріңді тендовагинит

Іріңді тендовагинитке аз қимылдаған кездегі қатты ауырсыну, сіңірдің ұзындығымен бойлай ісіну, қызба тән. Гиперемия байқалмауы мүмкін, керісінше саусақтың терісі бозғылт, кейде көкшіл түсті болады. Ірінді интоксикацияның белгілері айқын дамиды. Дене қызуы 40°С жетуі мүмкін.

I, ІІ, III саусақтардың ірінді тендовагинитінің асқынуына қабыну үрдісінің алақанның шандырлы-жасушалық кеңістігіне таралуы жатады, нэтижесінде қол ұшының флегмонасы дамиды. I және V саусақтардың ірінді тендовагинитінде ірінді үрдіс алақанның кәрі жілік және шынтақ синовиальді қаптарына жайылады.

Емі

Сіңірлік күбірткені емдеу өте киын. Наукас хирургқа неғұрлым ертерек көрінсе, соғұрлым консервативті емнің тиімділігі жоғары болады, бұл кезде венаға антибиотиктерді кері (ретроградты) енгізеді және иммобилизация жасайды. Кейбір ғалымдардың мәліметтерінде, науқасқа ауру басталғаннан 30 сағат өткенге дейін хирургиялық ем жүргізілсе, онда көпшілік жағдайда сіңірді сақтап қалуға болады деп айтылған. Бірақ бұл әрбір науқаста әртүрлі дамуы мүмкін және микрофлораның вируленттілігіне байланысты болады.

Саусақтың дистальді және артаңғы бунақтарды зақымдағанда,операция Оберст-Лукашевич бойынша өткізгіштік анестезия әдісін қолдану арқылы орындалады. Ол үшін екі жақтан саусақтың түбіне және оның сыртқы бетінің бүйір қабырғалары аймағына,жұқа инені біртіндеп саусақтың алақандық бетіне жылжыта отырып 1-2 % новакаин ерітіндісін енгізефді. Әрбір жағына новакаиннің 2 мл-ін жібереді. Новакаинді енгізгеннен кейін, операция кезінде қансырау болмас үшін, саусақтың түбіне резеңкелі бұрау салынады. Толық анестезия 4-6 минуттан соң байқалады.

Қол ұшына операция жасау барысында веналық анестезияны қолдалынады. Иықтың ортасына шынтақ артериясының тамыр соғуы жойылғанша бұрау салынады, сөйтіп шынтақ венасына дистальді бағытта 0,5-1 % новокаин ерітіндісінің 40-60 мл енгізіледі. Толық анестезия 10 минуттан соң пайда болады. Сонымен қатар қол ұшы мен саусақтарға операция жасағанда жалпы жансыздандыруды да жүргізуге болады

II, III, IV саусактардың ірінді тендовагинитінің хирургиялық емінде ортаңғы және проксимальді бунақтардың екі бүйірінен тілік жасалады, сонымен қатар сіңір кынабының жабық қапшыгын ашу үшін, алақанның дистальді бөлігінде де тілік жүргізіледі. Сіңір кынабын босатып алған соң, оның бүйірінен скальпельмен кесіп кіреді, сөйтіп экссудаттың сипатын анықтайды және сіңірлердің жарамдылығын байқап көреді. Содан кейін, бүйірлік тіліктер арқылы, оған резеңкелі жолақтар орнатылады да, фурациллинге малынған таңғыш қойылады және саусақтар мен қол үшының иммобилизациясы жүргізіледі. Операциядан кейінгі кезеңде жара күнделікті таңылады және антибактериальді ем тағайындалады. Әдетте, 3 -ші күні қабыну үрдісі бәсеңдегенде, саусақтардың қызметінің бұзылыстарының алдын-алу үшін, оларды белсенді қозғалту қажет. Сіңір өліеттенген жағдайда, оны кесіп алып тастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет