Хор орындау негіздері, құрамды хор және хор сыныбы



бет18/40
Дата06.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#79390
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40
Байланысты:
Хор жүргізу кітабы

Екінші фазаның мақсаты‑ стройды қалыптастыру. Сондықтан да хор жетекшісі оқушыларға ең алдымен строй жөнінде жалпы мағлұмат береді, оның хор ансамблін құру кезіндегі маңыздылығын түсіндіріп кетуі қажет.
Стройға қатысты П.Г.Чесноков шартты белгілер жүйесін ұсынды, бұл:
‑ жоғарылату белгісі;
­‑ төмендету белгісі;
‑ дыбыс тұрақтылығын білдіретін белгі;
‑минорлық ладты көрсететін белгі.(қосышада бар)
Осы шартты белгілерді үлкен плакатқа жазып, оқушылардың алдына іліп қою өте тиімді және нәтижелі. Бірақ бұндай көрнекілік тәсілінің тиімділігін арттыру үшін шартты белгілерінің мән­‑мағынасын түсіндіру қажет. Сөйтіп шығармамен жұмыс жасау кезінде еркін қолдана аламыз.
Стройға байланысты хор жетекшісі мынадай маңызды жайтты оқушыларға ұғындыру қажет: дыбыс интонациясын жоғарылату дегеніміз дыбысты күшейту, қатайту емес, және осы сияқты дыбыс интонациясын төмендету дыбыс күшін азайту деген сөз емес.
Сонымен қатар строймен жұмыс жасаудың бастапқы кезінде музыкалық шығарманы пиано динамикасына сәйкес ақырын айтқызу қажет. Мақсаты: оқушылардың бірін­‑бірі естуіне жағдай жасау, унисонды теңестіруге және тұтас аккордты құрай алуға дағдыландыру. Осы тұрғыда строймен жұмыс жасау үрдісіне қойылатын басты талап‑ аспапты қолданбау. Өйткені табиғи стройды аспапқа ғана тән темперированный стройымен сәйкестендіріп, салыстыруға, теңестіруге болмайды.Ал аспапты тек алғашқы кезеңнің бірінші фазасында қолануға рұқсат етіледі. Бірақ сонда да ол шектеулі дәрежеде қолданылуы қажет. Өйткені аспап хорды жетектеуші емес, керісінше толықтырушы, көркемдеуші, сүйемелдеуші құрал.
Үшінші фаза қажетті нюанстерді қалыптастыруды көздейді. Бұл кезеңнің алғашқы сатысында оқушыларға нюанс, дикция, тыныс алу жөнінде жалпы мағлұмат берілуі қажет.Содан кейін хор жетекшісі қарастырып жүрген шығарманың ішінен кездесетін нюанстерді таңдау арқылы әрқайсыларының мән‑мағынасын түсіндіруі тиіс. Осы кезеңдеП.Г.Чесноков қарама‑қайшылық принципін қолдануды ұсынады, яғни хор шығармасын алғашқыда пиано белгісімен, одан кейін фортеге орындау. Бұндай ауысым бір‑біріне қарама‑қайшы болғандықтан хор жетекшісі үшін тиімді және пайдалы болып саналады. Өйткені оқушылар пиано мен форте арасындағы жер мен көктей айырмашылығын бірден сезініп, өзара ажырыта алады.
Сөйтіп ансамблді құру үрдісі хор жетекшісінен кәсіби білім мен ансамблмен жұмыс жасауға арналған арнайы білік‑дағдыларды, әдіс‑тәсілдерді меңгеруін, шығармашылық жұмыстың жүйелі, бірізді, нәтижелі өтуін талап етеді.
Жұмыстың жемісті болуы, сонымен қатар оқушылар тарапынан шығарманы ұнату немесе ұнатпауына байланысты. Мысалы, терең мазмұнды, ұлттық нақышы бар, күрделі, әсерлі шығармалар оқушаларды бірден ынталандырып, дайындық кезінде олардың жинақылығын, белсенділігін, жауапкершілік сезімін арттырады.
Сұрақтары:

  1. Хормен жұмыс істеуді неше кезеңге бөлуге болады?

  2. Әр кезеңге сипаттама бер.

  3. Шешуші, негізгі кезең қай кезең болып саналады?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Соколов В.Г. Работа с хором. М., “МузГиз”, 1963.

  2. Струве Г.А. Школьный хор: Книга для учителя. М.,1981.

  3. Стулова Г.П. Теория и практика работы с детским хором. М.,2002.

  4. Тевлина Б.Г. Работа в хоре. Методика, опыт. М., Профиздат, 1977.

  5. Уколова Л.И. Дирижирование. М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003.

  6. Чесноков П.Г. Хор и управление им. М., 1952.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет