Хрестоматия



Pdf көрінісі
бет19/38
Дата07.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#96909
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
Байланысты:
kyraubaeva alma ezhelgi duir debieti khrestomatiia
3-4 хтс, 1011563.pptx
Одғурмыш жайында 
3410. Күнтуды Елік сен [туралы] есітті.
Өзіне керек деп тауып, көрмейсің бе, мені жіберді. 
3411. Сені көруге қатты құмартып отыр. 
Мені сөз жеткізуші етіп жіберді, шақырып әкелуге. 
3412. Қаншама ауыр болса да, бару керек.
Елікке барып, бір көріну қажет. 
3413. Елік – өте өнегелі [құрметті] сұлтан.
Халыққа бауырмал, сүйікті жан. 
3414. Еліктің жүзін көрген [кісі] бақытты.
Екі дүниеде шын дәулет табады... 
3424. Бұл күндері Елік сені қалап отыр. 
Бір жеңнен қол шығарып, бектіктің түйінін шешкісі 
келеді. 
3425. Мына мені саған шақырушы етіп жіберді.
Мені жалғыз қайтарма, ей, аяулы батырым. 
3426. Елік хат жіберді, өз қолымен жазып,
Не деп айтқан екен, оқып көр. 
3427. Хатты шығарып, қолын ұсынып берді.
Одғурмыш хатты алды. Ұстап ашты. 
3428. Хатты оқыды. Түн бойы қатты ойланды.
Айтты: «Елік өз сөзімен үлкен білім аңлатқан. 
3429. Елік «енді [маған] кел» деп шақырған.
[Және] барлық игіліктерді санап айтқан. 
3430. [Ақылға салып] көр, маған бұл істер – қиын іс.
Не істейін, айт, бұған кеңес бер. 
3431. Өгдүлмиш жауап берді, айтты: «Елік
Сені айтып, тілі дамыл таппайды. 
3432. Аузы қимылдаса, сөзінде сенің атың аталады. 
Сені көруге аңсары ауды. Сарғая күтуде. 


143 
3433. Көңілі қалап [кісі] кімді сүйер болса.
Сөзіне арқау болып аты ауызда жүреді»... 
3437. Одғурмыш жауап берді, айтты: «Маған
Кеңес бер. Не жасайын [енді], ей, батырым! 
3438. Сүйікті бауырымсың, ең жақыным сенсің.
Кеңес бер. Бауырлық ақыңды өте... 
3442. Өгдүлмиш жауап берді айтты: «Бұл сөзді
Сен маған айтпа! Ей, бақытты жан! 
3443. Елік мені саған шақыртушы етіп жіберді.
Демек, менімен не деп кеңесесің? 
3444. Барайық дегеннен басқа сөзім жоқ.
Мен өзім барма деп қалай айтайын... 
3453. Сені алып кеткелі келдім. Сонша жүріп. 
Кеңесім – сол. Енді тұр да [дайындал] Жүр, кетелік...
3457. Адамдардан қашасың. Адамдар [саған] не қылды? 
Адамдарға қосыл. Адамдардың ісін жаса... 
3467. Одғурмыш жауап берді, айтты: «Шын жүректен 
Сөзіңді тыңдадым. [Сен де] бұл сөзімді тыңда. 
3468. Бұл дүние сені өзіне қатты қызықтырады.
Саған барлық айыбы тамаша болып көрінеді. 
3469. Сен оған таңырқама. Нақыл бар: 
«Қайсы нәрсе сүйікті болса, айыбы да сүйікті». 
3470. Дүние сүйікті болғаны үшін бүкіл айыбы
Саған игілік болып көрінеді, ей, елден асқан 
қымбаттым! 
3471. Бұл [дүниені] сүйген кісі не дейді, тыңда.
Сүйгенге сүйіктісінің айыбы – игіліктің алды. 
3472. Сүюшінің нышаны бұл: көрініп тұрған 
Сүйіктінің айыбы игілік болып [есептеледі],
ей, ардақтым. 
3473. Өзіңнің дүниені сүйгеніңнің белгісі бұл
Қанша айыбын [көрсең де], көңілің игілікке
санап тұрады. 
3474. Маған бұл дүниені не үшін мақтайсың?


144 
Мен саған оның айыбын айтып берейін. 
3475. Атамыз [күнә жасап] жазып еді, Құдай қинады,
Ерікті жаратушы бұл дүниені түнек қылды. 
3476. Түнекті не үшін тілеп қалайсың?
Құт-береке, тілегенің жұмақ ішінде [емес пе?!] 
3477. Алла тілекші құлын озық етейін десе
Оған дүние бермейді. [Сөйтіп] жолын тазартады. 
3478. Бұл дүниенің бақыты ізгі емес,
Алладан алыстатады, дінді жұтады. 
3479. [Адам] байыса, көрмейсің бе, халықтың төбесінен 
қарайды.
Кедей болса, көңіліне кішіпейілділік енеді. 
3480. Құдай мен деуші – кісінің есуасы,
Дүниені тілеп алды, ит тәрізді өлді. 
3481. Көрмейсің бе, адам жалаңаш туады, жалаңаш 
көміледі.
Дүние жинау не үшін керек? Қайта тастап кеткен
соң. 
3482. Ей, өлетін [пенде], сен несіне алданасың,
Өзің екі күндік қонақ бола отырып. 
3483. Тірілердің өлуге жаратылғанын білесің.
Өз уақытын бағып, [әне] өлім күтіп тұр. 
3484. Дүние қақпасын ашты. Тағы бір қақпа
Өлім қақпасы ашылды. [Оған] барша халық кіреді. 
3485. Өзің екі күндік жалған үшін 
Көріп тұрып жаныңды [отқа] күштеп күйдірме! 
3486. Баянсыз дүние опасыз бақытымен айналып тұр.
Нені берсе, [соны] тез қайтып алады. 
3487. Тіршілік береді, көрмейсің бе, [берген] 
затын қайта жейді.
Күн сайын басқа бір үнмен өзіне шақырып тұрады. 
3488. Көре білсең, дүние көлеңке тәрізді,
Іздесең қашады, қашсаң сені іздейді. 
3489. Мынаған мегзейді, енді байқап көр, бұл сөзді


145 
Мұның мағынасын түсін, ей, көңілі түзу [кісі]. 
3490. Кім іздесе, бұл дүние қашады.
Және қашсаң, кейін сені қуады. 
3491. Және де дінге өш бұл дүниенің заты
Озбыр дүние дінді жейді, байқап көр, мұны. 
3492. Бұл дүние безеніп, өзін [жақсы] көрсетеді.
Жасанған келін сияқты, өзіне желіктіреді. 
3493. Бұл қартаң жүзді [шырайлыға] көңіл бере қойсаң, 
Жағаңды ұстайды. Күнде [құлағыңнан] сөзі кетпейді. 
3494. Және де ісі баянсыз, мінезі опасыз,
Бегіменен толық үш ай [да] тұра алмайды. 
3495. Кімде-кім дүниеге көңіл байласа,
Тіршілігі оған ауыр тауқымет әкеледі. 
3496. Шын тіршілік нәзік қыз сияқты,
Оны жаман іске қосуға болмайды. 
3497. Барлық ізгі [нәрсеге] байқап көр, тіршілік – сын. 
Оны сен жиіркенішті етпегіл, ей, батырым. 
3498. Бұл дүние мүлкінде үш [сипаттан] басқа жоқ, 
Тегінде адал, яки шүбәлі, яки арам. 
3499. Бұл дүние сүйіндірсе, ақырын көр, сүргінге 
ұшыратады. 
Мал-мүлкімен қызықтырып, тез абыройсыздық 
әкеледі... 
3588. Өгдүлмиш жауап берді, айтты: «Бұл сөзіңді 
Түсіндім. Сен [дұрыс] айттың, ей, бақытты жан. 
3589. Бұл дүниенің жағдайы қанша солай болса да, 
Тіршілік жолын өзіңе ащы етпе. 
3590. Бұл кең дүниені өзіңе қолдан жасап тар етпе.
Күнәлі құлына Алланың өз шапағаты бар. 
3591. Азабы көп болса, рақаты да орасан,
Қателік жасағаның үшін рақметі шексіз. 
3592. Азабынан қатты қорық, рақметінен үміт ет,
Қызмет, тағат ет. Құл деген атыңды абыройлы ұста. 
3593. Дүние халқы мемлекеті мен кентін тастап,


146 
[О дүниенің] ауыр жүгін арқалап тауға барып тұрса. 
3594. Барлық дүние бұзылып, бос қалар еді. 
Адам баласының баршасы ұрық шашпас еді. 
3595. Және барша адам бұл дүниені қалап,
Күнді түнге, түнді күнге ұластырып жүгірсе, 
3596. Дүниеде тағат-ғибадатты қойып, тозақты қаласа, 
Сонда да жұмақ бос қалмас еді. 
3597. Барша халыққа арнап екі үй жаратты.
Бірінің аты – жұмақ, бірінің аты – тағат-ғибадат 
3598. Құдай құлына екі көз, құлақ берді. 
Бірімен дүниені, бірімен құлшылықты бағу керек. 
3599. Екі қол берді, ұсынып тұту үшін, 
Бірін дүниеге пайдаланса, бірін құлшылық ету үшін. 
3600. Екі аяқ берді жүру үшін. 
Бірін бұл дүние, бірін о дүние үшін... 
* * * 
6371. Білім ал. Өзіңе төрден орын дайында! 
Білім алсаң, жаның [кеудеңде] берік сақталады. 
6372. Білімсіз кеудең мен тілің неге жарайды?
Біліммен [таза] су сияқты барша [халықтың
кәдесіне] жара! 
6373. Қанша білсең тағы біл, ізден! 
Білімді [кісі], көрмейсің бе, қалаған тілегіне жетеді. 
6374. Бұл [аз] біліміңмен өз басың қалтырап тұр.
Білгісі келмейтін көңіліңді өзіңнен жырақтат. 
6375. Білім ал. Кісі бол. Өзіңді жоғары көтер. 
Яки мал атан да, адамдардан іргеңді аулақ сал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет