Хрестоматия



Pdf көрінісі
бет17/38
Дата07.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#96909
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
Байланысты:
kyraubaeva alma ezhelgi duir debieti khrestomatiia
3-4 хтс, 1011563.pptx
Күнтуды мен Айтолды жайында 
391. Ақыл сездіреді, [байқап] көр, білім білдіреді,
Баянсыз дүние қылығын саған ұқтырады. 
392. Қызметі тұрақсыз, баянсыз қары дүниенің
Мінезі қыз [сияқты], қарасаң жасы шексіз. 
393. Кейде қылқы қыз сияқты, мінезі сынық.
Сүйіндіреді, [бірақ] созсаң, қолын бермейді. 
394. Сүюшіні сүймейді, киік сияқты қашады.
Қашқанға жабысады, аяғын құшады. 


137 
395. Кейде көрсе, әдемі безеніп жүгіреді,
Кейде көрмеген сияқты жерге қарайды. 
396. Кейде көрсе, жүзін және тез бұрады,
Арбайды, қанша ұстағаныңмен өзін [әсте] бермейді. 
397. Қанша бекті қартайтты, өзі қартаймайды,
Талай бекті жөнелтті, [өзінің] сөзі кесілген жоқ. 
398. Дүниеде асқан білімділерге бас [болған] бек еді. 
Осындай бектіктің арқасында дүние жас көрінді. 
399. Бұл Күнтуды еді. Аты белгілі. 
Даңқы дүниеге жайылған. Бақыты шалқыған. 
400. Ісі әділ, мінез-құлқы түзу еді. 
Тілі ақиқатты [ғана сөз ететін] әрі ойлы, көңілі бай. 
401. Білімді бек еді. Сергек ақылды.
Жамандарға – от, жауға жұт еді. 
402. Және ер жүрек еді. Жолы тура. 
Бұл қылығы [оның абыройын] күннен-күнге 
арттырды. 
403. Қамқорлық жасау үшін саясат ететін еді.
Ал қамқорлық саясатпен жарасады... 
407. Күнтуды Елік осы қылығымен 
Күн, ай сияқты шырақ боп әлемді жарық етті. 
408. Кім ақылды болса, оның [кім екенін] ұқты.
Кім білімді болса, оның [беделін] көтерді... 
* * * 
567. Айтолды кірді. [Елікке] көрінді, тізесін бүгіп.
Еліктің көңілі толды, көзі жайнап. 
568. Елікке жүгінді. [Байқап] көр, сөзін ағытты.
Сөзі сүйсіндірді әрі өзі сүйіндірді. 
569. Елік айтты: «Кімсің? Аты-жөнің қалай?
Қай жақтан келесің? Ел-жұртың қандай?» 
570. Сабырлықпен Айтолды [Елікке] тіл қатты.
Білдің бе, өз сөзін әдептілікпен айтты. 
571. Сабырлылық, әдептілік – ақылдың белгісі.


138 
Ақылсыз кісілердің барлығы – мал. 
572. Шайыр мына бәйітті осыған мегзеп айтты:
«Ісіңді бітіруге асықпа. Сабырменен жаса. 
573. Іске аптығып-асығып кіріспе. Сабыр ет, шыда.
Асығып істеген іс ертең – өкініш. 
574. Барлық істе асықпа. Шыда, өзіңді ұста.
Шыдаса құл [беліне] бектің белдігін байлайды». 
575. Айтолды айтты: «Ей, бақытты Елік!
Қызметімен құлдың аты шығады. 
576. Атым – қызметші құл. Көрсең, орным есікте. 
Жасағаным – адамгершілік. Істегенім – құлшылық. 
577. Саған келдім, арнайы ұзақ жол жүріп,
Бүгін тілегіме жеттім. Шөлім қанып. 
578. Тілегім сол: «Сен мені [кері] қайтармай
Қызметіңе жақын тұт. Менен жеріме». 
579. Бұл сөзді есітіп, көрдің бе, Елік сүйсінді.
Сынаған адамы ойындағыдай боп табылды. 
580. Елік айтты: «Айтолды, сені көріп тұрмын.
Көркің де, қылығың да мені сүйсіндіреді. 
581. Өз ыңғайыңа, сүйген ісіңе қарай қызмет ал,
Сарайда [бәрінен] асып, маған жақын бол. 
582. Менен – сый, сенен қызмет болсын! 
Қызмет [оңды] болса, бақыт есігін [айқара] ашады. 
583. Бүгіннен бастап сен бөлінбей-жарылмай қызмет ет. 
Қызмет етсе, бек қызметшінің еңбегін өтейді». 
584. Жер сүйді, [содан соң] көр, Айтолды айтты: «Елік 
Көзін салса, дәулет қолын берді [де]. 
585. Қызмет қылмақ үшін келдім, үйден шығып,
Ұзақ жол жүрдім, саған бет бұрып. 
586. Қызмет қылушыға Құдай күш-қуат берсін. 
Саған өз қызметін ұсынушыны [бәледен] сақтасын». 
587. Түрегелді. Сарайға сүйсініп, күле шықты.
Көңіл күйі көтерілді, [көзі] шырадай жанды. 
588. Бақытын тапқан ер не дейді, тыңда,


139 
Бақытымен бірге арман-тілегіне жеткен ер; 
589. «Бектер кісіге көзімен күле бақса,
Көңіл күйі жадырап, жаны жай табады. 
590. Бектер кісіге жылы жүзбен нұрын төксе,
Ердің көзі жайнап кетеді, сөзі де жарасымды болады. 
591. Бектер өзіне кімді жақын тұтса, 
Барлық нәрсе жақындық етеді, байқап көр. 
592. Бек – бақыт. Бақытқа кісі жақын болса,
Тілегіне жетеді. Барша ісі реттеледі». 
593. Содан бастап Айтолды қызмет етті. 
Ерте тұрып Сарайдан бір елі ажырамады. 
594. Күнімен тік тұрды, түнде жатпады.
Сүйіспеншілікпен мінсіз қызмет етті. 
595. Елікке кірсе де, шықса да құрмет көрсетті.
Елік ізгі көзімен бағып, іші жылыды. 
596. Күн сайын қызметін арттыра берді.
Күннен-күнге Еліктің де құрметтеуі көбейді... 
605. Елік неше түрлі істе сынап көрді. 
Қызмет мәнері [өз] ойынан толық шықты... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет