Организм және қоршаған орта. Бейімделу реакциялары.
Организм қоршаған ортамен тығыз байланысты екені белгілі. Зат алмасу, тыныс алу тағыда басқа физиологиялық процестер сыртқы орта факторларының көптеген әсерлерімен байланысты. Сыртқы ортаның факторлары бүкіл организмге әртүрлі әсерін білдіреді.
Сыртқы ортаның факторларына жататын физикалық факторларын айтсақ ол температура, ауа қысымы, түрлі сәулеленулер, климаттық факторлар т.б. Организмге олардың әсері әртүрлі деңгейде көрінеді. Организмнің олардың әсеріне реакциясы да әр адамда ерекше болады. Сыртқы ортаның факторларына адам организмінің жауабы жасқа, жынысқа, текке, тіпті әлеуметтік жағдайына қарай ерекше болады.
Сыртқы ортамен организм арасында тығыз байланыс барысында белгілі тепе-теңдік пайда болады. Айтылған тепе-теңдік организмнің сыртқы ортаның факторларына елеуі физиологиялық маңызды механизмдері және ОЖЖ қызметі арқылы қалыптасады. Осы тепе-теңдік формасы динамикалық стереотип деп аталады, яғни фактордың әсері үздіксіз, қайталанып турса организмнің динамикалық стереотипі реакциялар қалыптасады. Жаңа факторлар пайда болса қалыптасқан тепе-теңдік бұзылады. Өте қауыпты экстремалды факторлар. Динамикалық стереотиптің өзгеруі организмнің функцияларының бұзылуынан пайда болады: психикалық, нервтік, стресс жағдайлар, экстремалды жағдайлар.
Қоршаған ортаның факторлары адам денсаулығына, өмір сүру ұзақтығына, жұмысқа қабіліттілігіне, өсуіне, дамуына әсер етеді. Сондықтан қоршаған ортаның сапасы – адамның денсаулығы.
Сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына организмнің икемделуі бейімделіс (адаптация) деп аталады. Ол клеткалық, ағзалық, жүйелік және организмдік деңгейлерде өтеді, сөйтіп туа болған немесе жүре болатын икемделу әрекетінің барлық түрін көрсетеді. Ортаның көптеген жағдайлары организмнің мұндай қасиеттеріне барабар немесе бейбарабар келеді. Организмнің барабар тітіркендіргішке бейімделу қабілеті ұзақ мерзімді эволюциялық даму сатысында қалыптасты. Ал барабар емес тітіргендіргіштер көбінесе организм мен ортаның теңестірілу қасиетін жояды.
Төтенше түрткілер физикалық-химиялық, орасан, ақпараттық, мағыналық және биологиялық болып 5 класқа жіктеледі. Ортаның үйреншікті физикалық (қысым, климат, маусым, космос жылылық, сәулелену) және химиялық (ауаның, тағамның құрамы, газдардың мөлшері) түрткілері әдеттен тыс әсер еткенде, олар организмде төтенше жағдайлар тұғызады.
Орасан түрткілер гравитациялық (салмақсыздық әсіресалмақтық) және ақпараттық (қисындық, компонеттік, жағдайлық) негіздерден тұрады.
Адамның күнделікті тіршілік жағдайларында ақпараттық түрткілер, мәселен, жалған немесе оқыс, жеткіліксіз немесе артық хабарлар төтенше ықпал жасайды.
Семантикалық төтенше түрткілер жеке адам немесе ұжымға қауі-қатер төнгенде, апат жағдайларында пайда болады.
Биологиялық төтенше түрткілерге кенеттен ауру, ұзақ уақыт ұйықтамау, аштық және т.б. жатады. Осыған орай адамның бейімделіс негізін биологиялық және әлеуметтік механизмдері жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |