Hum1341 Әлеуметтік-саяси білім модулі (МӘдениеттану, психология) ПӘні бойынша дәріс кешені



бет34/61
Дата22.11.2023
өлшемі0,77 Mb.
#193010
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61
Байланысты:
Дәрістер жинағы (копия)

Ғылым – адам қызметінің және мәдениеттің саласы.Оның міндеті ақиқат туралы объективті білімдерді әзірлеу және теориялық жүйелеу болып табылады. Ғылыми таным бірқатар принциптерге негізделген.Ол принциптер ақиқатқа жетудің ғылыми көзқарасын және ғылыми танымның түрлерін анықтап, нақтылайды, жеткілікті талданған өзіндік ғылыми көзқарастың кейбір ерекшеліктерін белгілейді. Ғылым этикасы-жаңадан қалыптасып келе жатқан келешегі зор кешенді өрелі бағыт. Ол ғылыми қызметтің әлеуметтік – этикалық және гуманистік проблемаларын талдап, зерттейді.
Ғылым – адамның мәндік күшінің, қабілетінің көрінісі. Ол адам мақсатына қызмет етеді. Өйткені дүниені қоғамдық мақсатқа сай өзгерту үшін оның заңдарын білу керек. Ғылым бүкіл дүниежүзілік, экологиялық және басқа да проблемаларды шешуде үлкен роль атқарады.
Ғылыми қызметтің нәтижелерін. Жаңалықтарын қоғам мен адамның игілігі үшін қолдануда және ғылыми-техникалық прогресті әлеуметтік процесспен ұластыра білуде ғылымның әлеуметтік және моральдық жауапкершілігі мол.
Ғылымның дамуының жоғарғы түрі зерттеу міндетін шешудің үлгісі ретіндегі түсіндіру теориясы (парадигма) болып табылады.

Мораль – қоғамдық сананың көне формасы. Ол дін, өнер пайда болғанға дейін сонау алғашқы қауымдық қоғамда пайда болды. Мораль ненің не екенін ажырата, не істеуі керектігін біле бастаған уақытта пайда болды. Мораль кәзіргі әлемді екінші әлеммен , қағидасы орындалуға тиісті әлеммен өзгертуге ұмтылатын айрықша ерекшелік. Болуға тиісті жүріс-тұрыс мұратын анықтайтын құндылықтар жүйесі мораль деп аталады.
Этикет(әдеп) – адамның өзін - өзі ұстауының маңызды құрамдас бөлігі.Ол талапқа негізделеді,қатаң белгіленген рәсімдік сипатқа ие болады.Оны сақтауда өзін - өзі ұстаудың белгіленген түрі маңызға ие болады.
Этикетте адамға көзқарастың сыртқы көріністеріне қатысты өзін - өзі ұстау тәртіптерінің жиыны (төңіректегілермен қатынас,сөйлесу және амандасу,қоғамдық орындарға бару,жүріс – тұрыс пен киім) қамтылады.
«Этикет» сөзі французша «ярлық», «әдеп», «рәсім» дегенді білдіреді,яғни белгілі бір рәсімді өткізу тәртібін білдіреді.
Құқық – мораль, саясат, экономика, өнер сияқты мәдениеттің ажырамас бөлігі.Құқық – сан қырлы түсінік. Ол үш түрлі мағнада қолданылады. Алғашқысы – қоғамдағы аса маңызды қатынастарды реттейтін нормалар жиыны және оларды бұзғандығы үшін мемлекет айып салады. Екінші мағнасы – жеке мүмкіндік, бұл мүмкіндікке заң кепіл береді. Бұл жерде әңгіме ар – ождан, дін бостандығы, еңбек ету, білімалу сияқты адам құқықтары туралы болып отыр. Ең соңында біз «құқық» сөзін заңдық емес мағнада жиі қолданамыз. Бұл да жеке мүмкіндік, алайда, заңда белгіленбеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет